Home » Сценарийлер » Отбасы кіші Отаным

Отбасы кіші Отаным

Қатысушы:  4 сынып оқушылары мен ата — аналары

Мақсаты:  Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Түрі:  отбасылық спорттық сайыс

Құрал – жабдықтары:  доптар, секіртпелер, кеглилар, шар.

Өтілу барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Негізгі бөлім.

1-Жүргізуші:

— Қадірменді спорт сүйер қауым! Бүгінгі 1 — желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған оқушылар мен   ата-аналары арасында өткізгелі отырған «Отбасы кіші Отаным» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына  Жолдауын іске асыру шеңберінде халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың ата – аналарын дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу, спортпен айналысып балаларымен бірге белсенді уақыт өткізу мақсатында өткізіліп отырған спорттық байқауымызды ашық деп жариялаймыз.

Спорт биі

2-Жүргізуші:

Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 7 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді. Біз әр топ отбасыларына  сәт сапар тілейміз!

1-Жүргізуші:

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз.

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң,

Отбасыларымызды шақырамыз.

(әр отбасы орындарына келіп тұрады)

  1. «Қыран» тобы Бектуровтар отбасы
  2. «Барыс» тобы Аубакировтар отбасы
  3. «Достық» тобы Төлеу отбасы
  4. «Болашақ» тобы Советовтар отбасы
  5. «Алау» Асангазиндар отбасы
  6. «Сұңқар» тобы Мырзағалиевтар отбасы
  7. «Қазақ елі» тобы Шәкен отбасы

2үргізуші:

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызды бағалап, төрелік айтар   әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

  1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ОмароваҚалампыр Байтұрсынқызы
  2. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Оразалин Саулет
  3. Бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Бикен Қорғанбекқызы

 

Ән «Қазақстан»

1-Жүргізуші:

Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Сайыстың бағдарламасы 6 турдан тұрады:

1-тур: «Менің отбасым». Таныстыру

2-тур: «Кім жылдам?»

3-тур: «Жеңіл қарбыз»

4-тур: «Орындық»

5-тур: «Бәйге»

6-тур: «Сыңарын тап»

Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт — сапар!

Сайысқа қатысушыларға көтеріңкі көңіл – күй, батылдық, жеңіс тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

2-Жүргізуші:

І. «Менің отбасым».  Таныстыру.

Өнер қуып отбасы өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп.

Таныстырып өздерін кетер дейміз.

  • Әр отбасы өз тобының атын, ұранын, төсбелгісін таныстырып өту.ІІ. «Кім жылдам?»2-Жүргізуші:Шарты: Әр отбасы  мүшелері отыра жүре табақтағы шардымжерге түсірмей кедергі арасымен жүріп өту.
  • ІІІ. «Жеңіл қарбыз»
  • Шарты: Әр отбасы мүшелері мәреге кезектесе секіргішпен секіріп барып, ҚАЗАҚСТАН деген сөзден сөз құрайды.Бір әріп екі рет қайталанбауы керек.
  • 1-Жүргізуші:
  • Сәт сапар!
  • Жақсы! Керемет! Әділқазылар алқасы қалай сіздерді бағалайды екен?!ІV. «Орындық» VI «Бәйге» VII «Сыңарын тап»1-Жүргізуші:Жеңімпазды анықтау.Еңбектену, жалықпау.Біреу артта қалады.Тараса бізге жарады.
  • 2үргізуші:
  • Жеңілгендер ренжімей,
  • Біреу озса сайыста,
  • Жеңімпаз болу шарты сол-
  • Жарыс заңы ежелден-
  • Шарты:  Отбасы  мүшелері көздерін орамалмен таңып,мәреде тұрған орындыққа келіп аяқ киім кигізеді. Қай отбасы аяқ киім сыңарын дұрыс кигізсе, сол топ жеңеді.
  • 1-Жүргізуші:
  • Шарты:  Әр отбасы  мүшелері кедергілерден шаңғымен өту. Кедергілерді құлатпау керек.
  • 2үргізуші:
  • Шарты: Ойынды аналары секіртпемен секіріп бастайды, межелі орынға жеткенде балалары да жүреден отыра қосаяқтап секіріп анасының қасына барады, ал әкелері өрмекші жүрісі бойынша ана мен баланың жанына барып, әке мен ана  баласын айқастырылып ұсталған  қолдарына отырғызып өз орнына кері оралу.
  • 1-Жүргізуші:

Олай болса, құрметті сайысқа қатысушы ата-аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Біздің әділқазыларымыз

барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарғанша, сіздерге мектеп оқушыларының ән шашуын ұсынамыз:

— «Қазақ елі» әні.

«Туған жер» әні

1-Жүргізуші:

Таңданайық, спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып, қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! — дей келе,  сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер отбасыларды мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Жеңімпаздарды марапаттау.

(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)

Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Отбасыларды дипломдармен марапаттап, демеушілер сыйлықтар табыстайды.

1-орын Мырзағалиевтар отбасы

2-орын Төлеу отбасы, Шәкен отбасы

3-орын Бектуровтар отбасы, Асангазиндар отбасы

1-Жүргізуші:

Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,

Осымен спорттық сайысымыз аяқталды.

Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!

 

Абикаева Жайнагуль Галымовна

Бастауыш сынып мұғалімі

Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі» КММ

Қарағанды облысы

Жезқазған қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.