Home » Мақалалар » Отбасы және балабақша қарым — қатынас ынтымақтастығы

Отбасы және балабақша қарым — қатынас ынтымақтастығы

 

 

Кіріспе бөлім

Үміт еткен көзімнің нұры- балам

Отбасы сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай ОТАН деп айтып жатамыз.Отан отбасынан басталады дегендей отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ержетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасының басты міндеті баланы тәрбиелеу. Жалпы бала тәрбиесінің берері де бар, сұрауы да бар және жемісі де бар. Ата- ана  жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды.Бала дүниеге  келді, бала өмірге келген кезде ақ парақ сияқты тап- таза  күйінде келеді.Демек бала өздігінен ештеңені жасай алмайды, яғни бала ересектердің көмегіне зәру болады. Оның ешқандай өмірлік тәжірибесі болмағандықтан, өмірлік тәжірибесі бар ересектердің  көмегіне мұқтаж болады. Яғни бала өздігінен киініп шешіне алмайды, тамақ іше алмайды, дәретке отырып тұра алмайды. Ал біз ересектер бала болып көрдік, балаға не керек екенін білеміз, сондықтан ең бірінші жағдай жасайтын оның ата- анасы. Яғни отбасында ата- ана балаға орта құрады, жағдай жасайды және әлеуметтендіреді. Отбасының өзі баланың ортасы болып табылады. Жағдай жасау дегеніміз оның дұрыс тамақтануы, уақтылы ұйықтауы, тазалығы міне осының барлығы балаға жағдай жасау деп айтамыз. Ал әлеуметтендіру дегеніміз белгілі бір ортамен қарым қатынасқа түседі, яғни бала әлеуметтенеді. Балаға бастық болудың қажеті жоқ, баланың жағдайын түсіну үшін баланың деңгейіне тусу керек. Бала расымен де нені қалайды, нені қаламайды, баланың сезімдерін тыңдай білу керек.Баладан кішкентай кезінен не қалайтынын сұрай беру керек, сұрай беру керек. Өскенше ол бала мың құбылады. Баладан сұрай берсең  өмірде не қалайтынын үнемі ойланып жүреді.  Жалпы үш жастағы бала пайымдай алады екен. Пайымдау деген не? Табиғатта болып жатқан құбылыстарға мән беред, неге түн болады , неге күн болады, неге қар жауады, осының барлығын ой елегінен өткізіп пайымдайды екен. Мысалы, менің үш жасар балам, қыстыгүні балабақшаға баруға шығамыз, сол кезде дала қараңғылау болады, аспанда ай да бар, шолпан жұлдыз да бар. Со кезде маған айтады: « Мама дейді, біз балабақшаға түнде барамыз ба, аспанда ай да бар жұлдыз да бар, күн шыққан кезде бармаймыз ба?» дейд, сонда бала пайымдап тұр. Сосын мен айттым, балам  дедім, қыстыгүні сондай қараңғы болады» дедім.Отбасында баланы тәрбиелеп жатырмыз, тәрбиелеп жатырмыз, көп тәрбиелеп қиналып кетудің қажеті жоқ.Бәрібір бала өзімізге ұқсайтын болады. Сіз нестеп жүрсіз, немен айналысып жүрсіз, бір- бірімізбен қалай сөйлесеміз, мәдениетті сөйлесеміз бе, әлде қалай болса солай сөйлесеміз бе, осылардың барлығын бала бойына көзбен көру арқылы бойына сіңіреді. Яғни бала көзбен тәрбиеленеді.Іспен көрсетіңіз. Мың жерден сен өйтпе, сен бүйтпе, сен былай сөйле сен былай жаса деп айтқанымызбен бала оны жүз пайыз орындамайды.Яғни бала айтқанды емес көргенді істейді. Сөйтіп бала балабақша табалдырығын аттағаннан бастап, басқа ортаға түседі.Яғни басқа тәрбиеші апайымен, басқа балаларымен танысады. Яғни үйде балаға орта құратын, жағдай жасайтын ол ата- анасы болса, балабақшада орта құратын, жағдай жасайтын, әлеуметтендіретін ол педагог мамандар, тәрбиеші апайлар.Сөйтіп, ОТБАСЫ, БАЛА ЖӘНЕ БАЛАБАҚША деп аталатын ҮШТІК ОДАҚ пайда болады. Айырмашылығы балабақша білім береді.Балаға орта құру дегеніміз баланы бар болмысымен қабылдап, келген ортасына бейімдеу. Тәрбиеші ең бірінші баланы жақсы көру керек. Балаға деген  мейірімін жүректен шығарып, мейірімін балаға жеткізе білсе, сонда ғана бала ортаға бейімделіп, әлеуметтенеді. Бала таңертең келгенде келдин ба отыр демей құдды бір өзі туғандай шынайы жақсы көрсе бала бірден әлеуметтенеді. Бала өте сезімтал келеді.

Әбу –Насыр Әл Фарабидің сөзі бар: Ұстаздың мінез — құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа жығыла да бермеуі керек. Ойткені аса қаталдық шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірт селқос қарайтын болады.

  1. Негізгі бөлім.
    А) «Бақытты жанұя»
    моделін құру.

Ол үшін ата — аналарымызды балапандарымен бірге таныстырып өтейін.

  1. Тулебаева Жадыра Абдуалиевна және баласы «Одуванчик» тобының тәрбиеленушісі, ақылды Тұрсынбай Мадиар
  2. Бекметова Лобар Ташмухамедовна және «Одуванчик» тобының тәрбиеленушісі, зерек баласы Абдурасулов Дастан
  3. Сағиддинова Асем Бахытжановна . «Одуванчик» тобының тәрбиеленушісі алғыр баласымен Сагиддинов Баязит

Барысы: Ата- аналармен, тәрбиеленушілермен орындалатын топтық жұмыс.

Мақсаты: Яғни ата — ана өзінің отбасылық бақытты сәттерін бейнелеу, арманындағы суретті визуализациялау арқылы қағаз бетіне түсіру.

Б) Ата- аналармен:«Сөйлемді аяқта» әдістемесі

  1. Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі………………………………………..
  2. Отбасы бұл……………………………………………………………………………………
  3. Отбасым бақытты болуы үшін………………………………………………………..
  4. Мен қалар едім, отбасымның…………………………………………………………..

Балаларыңызды 7   рет құшақтап 7 рет жылы сөз айту арқылы позитивті көңіл күй сыйлау.

В) Музыкалық бағдарлама

«Джентельмен» биі

III. Қорытынды бөлім

Отбасы және балабақша қарым- қатынас ынтымақтастығы кезіндегі мәселелердің алдын алу жолдары

Өмірде адам мен адам қарым- қатынас жасағаннан кейін балабақша педагогтары мен ата- ана арасында мәселелер туындап жатады, бес саусақ бірдей емес деп айтып жатамыз. Қандай проблемалар шығып қалуы мүмкін?

  1. Бала балабақшада әлеуметтене алмауы мүмкін,
  2. балаға балабақша қызықсыз болып көрінуі мүмкін ,
  3. ата- ана педагогтардың жасап жатқан жұмыстарына күмәнмен қарауы мүмкін.
  4. Тіпті болмаса ата ана балаға шектен тыс контроль жасауы мүмкін.
  5. Тәрбиешіге ата- ана тарапынан қандай да бір олқылықтар көрсетуі мүмкін

Осындай жағдайда не істейміз?

Психологияда түпкі санамызда ақылдың қалауы және жүректің қалауы деген ұғым бар. Осыған орай педагог мамандар, тәрбиешілер жүректің қалауымен  жұмысын жасаса онда ол педагог баланы жақсы көру арқылы, балаға позитивті  энергия беру арқылы ата- ананың жүрегінен орын ала алады. Ал ақылдың қалауымен жұмыс жасайтын мамандар, олардың бар ойы есепке бағытталған болады, тек жасап отырған қызметінің ақшасына бола  жұмыс жасайды. « Қойш истей берейнш, кім беред маған бұл ақшаны, босқа жүргеннен істей бергенім жақсы» деп баланың да, ата ананың да жүрегінен орын таба алмайды, ол деген сөз, балабақша мен ата ана арасында ынтымақ орната алмайды деген сөз. Жүректің қалауымен жұмыс жасаған адам рахаттанады, аз табыс тапсын мейлі көп тапсын, сол қызметінен рахат алады.   Менің айтқым келетіні жүрек пен жаныңыздың қалауын жасаңыз. Сол кезде сізде жаксы көңіл куй де болады, біреуге жақсы көңіл күй де сыйлай аласыз.Ал тек жүрек қаламайды бірақ ақшаға бола жұмыс жасасақ, ол кезде Сіз баламен де, ата анамен де жоғары деңгейде жұмыс жасай алмайсыз.Үнемі шаршап , жасап жатқан жұмысыңызды біреу қинап жасатып жатқандай жан жағыңызға негативный энергияңызды, былайша айтқанда «уыңызды» шашып жүресіз. Айта кететін бір жайт жасап жатқан жұмысымыз адамдарға пайда әкелу керек. Мысалы балабақшада қаншама балаларға бір уақытта қарап, оларға қалам ұстауды, таным прцестерін дамытып  жатырмыз иа? Демек, сол балалардың ата- анасына, қоғамға  пайда әкеліп жатырмыз. Демек бұл жерде бұндай қызметті «через не хочу» тәрбиеші болмаса психолог болып, балаға  өзіміз ештенені үйрете алмай, болмаса өзімізге қызығушылық тудырмай, өзіміз де үйренгіміз келмесе онда  міндетті түрде  педагогтар мен ата — ана арасында  жалпы балабақша мен ата- ана арасында проблема пайда болады.Айналып келгенде бұндай мәселелерді тек шеберлігі бар педагогтар шеше алады деп ойлаймын. Жалпы балабақшаға баласын берген ата- ана ол сауатты көзі ашық ата — ана деп айтар едім. Мектепке барғанша балам қалам ұстауды түстерді ажырата алуды, басқа балалармен тіл табысуды, сөйлеуді үйренеді деп береді. Тағы бір айта кететің бір жайт балабақшада баланың тұлғалық дамуы тоқтап қалмау керек. Мейлі ол бала толыққанды емес отбасыдан шықсын, әлеуметтік жағдайы  қандай болмасын, баланың дамуын тоқтатпау керек.  Маған бір осы жақында  бір ата- ана келді “ мен баламды балабақшаға бергім ақ келеді, бірақ уайымдаймын, тамақ ішті ме екен, не істеп жүр екен» деп дейді. Сосын мен айттым: « Сіз балаңызды үнемі контрольда ұстап отыра алмайсыз. дедім. Ол кісі шошып кетті де Неге? Менің балам неге мен анасы бола тұра контроль жасай алмайды екенмін деп ашуланды. Сосын мен айттым, Сіз үйде жүрегенде контроль жасауыңыз мүмкін, бірақ табалдырықтан аттағаннан кейін оған контроль жасай алмайсыз, түсінем анамыз бәріміз, ойлаймыз, уайымдаймыз. Бірақ қатты ойлап балаңызға негативный энергияны берудің қажеті жоқ, бала өседі, мектепке барады, университеттке барады, сонда да контроль жасаймын деп бекерге әуре болмаңыз. Өзіңізді шаршатпаңыз. Балаңыз балабақшаға кетсе бір аллаға тапсырдым деңіз. Болды. дедім.Ата- аналар балаларға берілетін педагогикалық білімді білмеуі мүмкін, бірақ сол педагогикалық білімі жоқ ата- аналарға осы балабақша педагог тәрбиешілері үйрете алады. Көптеген ата- аналар  баламен қалай қарым -қатынас жасау, қалай көніл бөлуге болады, осының барлығын үнемі айтып отыратын бірден бір адам ол — тәрбиеші. Мықты шебер педагогтар ата- анага балабақша ережесіне сәйкес талап қоя алады. Балабақшаға уақтылы келу, баланың тазалығын сақтау т.б. Сондықтан балабақша мен отбасы арасындағы қарым- қатынасты  баланста ұстап тұру керек деп  деп ойлаймын.

Педагогтың бойында болу керек қасиеттер:

  1. Мейірімділік
  2. Балаларға деген шынайы махаббат
  3. Эмоционалдық байсалдылық
  4. Әділдік
  5. Балаларға деген зейін
  6. Қайырымдылық
  7. Сергектік
  8. Өмірді сүйгіштік
  9. Тіл табыса білу, бәрімен араласа білу
  10. Жігер

Яғни, осы қасиеттер бойымыздан табылса ен керемет педагог болатынымызға сенемін.

«Білмегенді кешірмесең, білгендігің қайда»  деген қазақта жақсы сөз бар. Сондықтан білмегенімізді кешіріп жүрсек қарым -қатынас ынтымақтастығымызда ешқандай проблема орын алмайды деп ойлаймын.

 

 

Окашова Айгерім Әбдімұратқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.