Сабақтың мақсаты: Отбасындағы ата — ана мен баланың өзіндік орны, отбасындағы тәрбие беруші мен тәрбие алушының өзара қарым-қатынас стильінің дамуына отбасының ықпалы, отбасында бақытқа жетелейтін құндылықтардың түсігін ашуға немесе бағалауға бағыт-бағдар беру түсінігінің құндылығын ашу.
Әдіс — тәсілдері: жаңа технология әдістері: шаттық шеңбері, топтастыру, модельдеу стратегиясы, жүректен — жүрекке.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, интербелсенді тақта, әр бөлімге қажетті заттар жинағы, түрлі — түсті қағаздар (А4), пломастерлер, қалам, майшам, ватман қағаз, желім, қайшы
Барысы:
1. Ой қозғау \видео көрініс\ Сұрақтар
- «Сәлем — сөздің анасы», «Жүздің түрін танығанша, бірдің атын біл»
/Сәлемдесу/Шаттық шеңбері (ата — аналар шеңбер бойына тұрады, қолдарына жанып тұрған шырақ ұстап, өз есімдерін айтып, амандасып, «отбасы» сөзін қосып бір-біріне тілек білдіреді)
3. Өз тобыңды тап!/топтастыру стратегиясы/ (әке, ана, бала суреттері қиылып қойылады, ата — аналар кез келген суретті алып, алған суреттер бойынша «Әке асқар тау», «Ана — бауырындағы — бұлақ», «Бала — жағасындағы құрақ» деп жазылған орындарға топтасып отырады) - Әр топ өз беттерімен отбасы бақыты модельін жасап, қорғайды.
4. Көрермендерге көңіл бөлу: «Психологиялық ойын»
- Ән: «Бақыт деген». Орындайтын – оқушылар
- М. Мақатаев «Бақыт деген не?» монолог
- Ойын «Бақыт аукционы»
8. «Отбасы тірегі – әке, жүрегі — ана, тілегі — бала» жүректен жүрекке/жылы лебіз, ақ тілек/
Кіріспе сөз.
– Сәлеметсіздер ме, ата-аналар мен ұстаздар! «Отбасы – бақыт мекені» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Бүгінгі бас қосудың мақсаты: Отбасындағы ата-ана мен баланың өзіндік орны, отбасындағы тәрбие беруші мен тәрбие алушының өзара қарым-қатынас стильінің дамуына отбасының ықпалы, отбасында бақытқа жетелейтін құндылықтардың түсінігін ашуға немесе бағалауға бағыт-бағдар беру.
Қазақта «шырағың сөнбесін», «ошағыңның оты мәңгі жансын» деген қасиетті сөздер бар. Отбасымыздың оты мәңгілік жанып, жарқырап тұрсын деген мақсатпен шаттық шеңберіне жиналып бір — бірімізбен таныса отырып, қолымыздағы шырақты айналдыра «отбасы» сөзін қосып бір — бірімізге тілегімізді білдірейік /педагог шырақты жағып өзінің атын атай отырып амандасып, отбасы сөзін қоса отырып, тілек білдіріп шырақты келесі адамға береді/
— Рахмет, келесі кезең бойынша менің қолымдағы бейнелерді таңдап ала отырып өз жұптарыңызды табасыздар /отбасы мүшелері суреттерінің біреуін ата-аналар өздері таңдап алады, сол бойынша «Әке – асқар тау», «Ана – бауырындағы бұлақ», Бала – жағасындағы құрақ» деп жазылған үстелдерге топ болып отырады/
Жақсы, өз топтарыңызды таптыңыздар, ендігі кезекте ашық тәрбие сабағымызды бастамас бұрын мынадай қағидалармен таныс болайық!
Әрдайым есте ұстайық!
Тақырыптан ауытқымаймыз!
Белсенділік танытамыз!
Ойымызды ортаға саламыз!
Уақытқа бағынамыз!
Бір-бірімізді тыңдаймыз!
Осы қағидаларды есімізге сақтай отырып сабағымызды бастайық.
- Ой қозғау \видео көрініс\ «Бақытты отбасы» Сұрақтар
- Видео көріністегі негізгі идея қандай?
— Жақсы, айтылған пікірлеріңізге толықтай келісемін, олай болса, әке, ана, бала атты үштіктен «Отбасы» деген жылылық мекені пайда болады екен. Ендеше, осы отбасы бақыты дегеніміз не? Осы ашу мақсатында қазір сіздер «Отбасы бақыты» моделін құрап, қорғап шығасыздар. Алдарыңызда тапсырмаға қажетті заттарыңыз тұр, тапсырманы орындауды бастай берулеріңізге болады. /Ата — аналар алдарындағы плакатқа «Отбасы бақытының» моделін жасап, тақтаға іліп қорғайды/
1 топ. Отбасы құндылықтары дегеніміз не?
2 топ. Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны
3- топ. Отбасы бақытының құрылымы қандай?
Көрермендерге көңіл бөлу: «Психологиялық ойын»
- Ән: «Бақыт деген» Орындайтын – оқушылар
4.Ойын «Бақыт аукционы»
Енді ойынға кезек берейік, «Бақыт аукционы» атты ойын. Алдарыңыздағы ақ параққа Бақыт дегенді қалай түсінесіздер, сол туралы жазып, қағаздарыңызды жұмарлап бір — біріңізге лақтырасыздар. Әр топ өз алдарыңызға түскен бақыт парақшасын ашып бақыт туралы пікірлерді ортаға саламыз/ата — аналар бақыт туралы айтып шыққан соң педагог слайдтағы бақыт деген өлең арқылы бұл бөлімді қорытындылайды.
«Бақыт» деген жанарында жарыңның
«Бақыт»деген бал — бөбегің — тамырың.
«Бақыт» деген отауыңның шырағы,
«Бақыт» деген қанағаты барыңның.
Бақыт, бақыт отбасыңның төрінде,
Алыстан іздеп шаршамайық, тегінде! .
М.Мақатаев «Бақыт деген не?» монолог
Жақсы, енді қорытынды жасау барысында отбасы құндылығына байланысты төсбелгі жасасаңыздар.
«Отбасы — ошақ қасы» деген қазағымыз, отбасы — киелі шаңырақ, әр отбасы өз шаңырағының түтіні түзу ұшқанын қалайды. Шаңырағымыздағы ошағымыздың оты өшпеу үшін отбасы мүшелерінің бір-біріне деген жылы сөзі, ыстық махаббаты, жарасымдылығы мен сыйласымдылығы берік болу керек, ал бұл қасиеттердің барлығы біздің жұдырықтай жылы жүрегімізде орналасқан, ендеше алдарыңыздағы жүрекшелерге жылы сөздеріңізді жазып, «Бақытты отбасы шаңырағына»тілегіміз қабыл болсын деп орналастырайық./алдын ала жүрекшелер таратылып қойылады, тақтаның алдындағы киіз үй макетіне өздері жазған отбасы туралы ізгі тілектер, алған әсерлері туралы жүрекшелерге жазып салады/
Қорытынды: Барлық шаңырақта береке, бірлік, бақыт орын алсын деген ізгі ниетпен басқосуымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!
Бала тәрбиесі — бесіктен. Ертеде бір кісі балалы болып, баласы 6 айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6 айлық болса, онда сен тәрбиені бастауға 6 ай кешігіпсің» деген екен.
Сондықтан да әрбір ата — ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек.
Ал бала да өзін ойландыратын мәселені ата — анамен ақылдасып шешу керек, артық қылықтың ата — анаға әсер ететінін, ата — ананың баласына жамандық тілемейтінін ұмытпау керек.
Замира Сарсенова,
№70 С.Бекбосынов атындағы жалпы орта мектебі,
Ағылшын тілі пәні мұғалімі,
ОҚО, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы