Отбасы – болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму ортасы. Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй қарым-қатынасы арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі болып саналады. Отбасылық өмір даналыққа және өркендеуге апаратын бастау болуы керек.
Президент тарапынан қойылған міндеттерді шешу отбасындағы ізгілік тәрбиесін дамытуда көп ғасырлық халық педагогикасына және балаларды жалпыадамзаттық құндылықтарға оқытудың әлемдік тәжірибесіне негізделген, ҚР білім беру жүйесінде лайықты орын алған. Осындай мақсатты бағыт тұтқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы балалар мен жастарға рухани-адамгершілік білім беру, қоғамда жоғары рухани-адамгершілік игіліктерді нығайтудың, кемел мінез бен адамгершілік қасиеттерге ие лайықты азаматтарды тәрбиелеудің тірегі.
Осындай мақсатқа сүйеніп жасалған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізінде 2017-2018 оқу жылында Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде «Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық апталық бойынша №19 орта мектебінде бірнеше жоспарланған іс-шара өтті.
Отбасы күнін өткізудің басты мақсаты – отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару. Отбасы мерекесі – бұл үлкендер мен балалардың арасындағы достық, махаббат, түсіністік және өзара көмек көрсету, бір туғандар жүрегінің бірігу мерекесі.
Апталықтың негізгі бағыттары: Отбасы құндылықтары мен отбасы тәрбиесін дәріптеу; Отбасының психологиялық саулығын сақтауға бағытталған профилактикалық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру негізінде мектептегі 1-11 сынып аралығында жоспарға сай іс-шаралар өткізілді. Іс-шара жоғарғы деңгейде өтіп, балалар мен ата-аналардың көңілінен шықты.
Аталған мерекеге сай тақырыпта психологпен кездесулер, «Ата-ана мен баланың қарым-қатынасы» жайында сөз болып, дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері де қалыс қалмай мұғалімдермен бірлесе отырып «Отбасымен бірге» атты спорттық ойынды өткізді. Бұл спорттық ойын ата-аналар мен оқушылардың арасын жақындата түсті десек те болады.
Бұнымен шектеліп қоймай, оқушылар ұстаздарымен «Айгуль» кинотеатрына барып «Отбасым – халық байлығы» тақырыбында көрсетілімді тамашалады. Бұндағы жүргізілген іс-шараның негізгі мақсаты отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүріне қоғамның назарын аударумен қатар оқушылар отбасында үлкендердің және балалардың арасындағы достық, махаббат, түсіністік, өзара көмек көрсету керектігін түсіндіру бағытында іске асырылған болатын. Ата – аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру мен қызықтыра түсу үшін «Бала тәрбиесіне байыпты қарайық….» атты тренинг жүргізілді. Жоғарғы сынып оқушыларының ойын ортаға салу, тілдік шеберліктерін, отбасына деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатын негіз ете отырып пікір-талас ұйымдастырылды. «Отбасым – асыл қазынам» атты дөңгелек үстел өткізіп, ашық пікір алмасуға үлкен септігін тигізді.
Жетінші қыркүйек күні 8 сыныптар арасында «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбында акция ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты мейрімділікке, кішіпейілділікке, қамқорлыққа, инабаттылыққа, қайырымды болуға және біз үлкенді құрметтеген, кішіге ізет көрсеткен жалынды ұрпақ екенімізді естен шығармайық деген оймен өткізілді. Апталықтың аса жоғары дәрежеде өтуіне өз тарапынан үлес қосып, ата-ана жасөспірімнің өміріне жауапкершілікпен қарау керек екендігін түсіндіріп, баланың өмірінде басты рөл атқаратын ата-ана екендігі жөнінде баяндама жасаған инспектор Тапалов Талғат Өмірзақұлымен де кездесу өтті.
Көп балалы, тұрмысы төмен жанұядағы және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды оқу-құралдарымен қамтамасыз ету шаралары да қалыс қалмады. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа, игі қадамға жол бастайды деп барлық сынып жетекшілерімен бірге оқушылар да іс-шараға белсене қатысты. «Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық апталық өз мақсатын басты назарға ала отырып, қоғамда «Отбасы» ұғымының маңызын арттыруға барлық мектеп ұжымы болып белсене атсалысты. Бұның бәрі рухани құндылықты жоғары бағалай отырып «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» дегендей, тәрбие бастауы отбасынан басталатынын айқындағандай.
«Айгуль» кинотеатрына бару
«Отбасы – асыл қазынам» дөңгелек үстел
«Отбасымен бірге» атты спорттық ойын
«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбында акция
«Бала тәрбиесіне байыпты қарайық….»ата-аналар тренинг
«Ата-ана мен баланың қарым-қатынасы»
Инспектормен кездесу: «Ата-ананың жасөспірімнің өміріне жауапкершілігі»
Көп балалы, тұрмысы төмен жанұядағы және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды оқу-құралдармен қамтамасыз ету шаралары
Ж.С. Сармурзина
Рудный қаласы әкімдігінің «№ 19 орта мектебі» КММ
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары