Home » Балабақша » Отбасы бақыты

Отбасы бақыты

Мақсаты:  ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру,  ата-анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жан-жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу.

Түрі: дөңгелек үстел

 Барысы:

Қайырлы күн, ардақты ата-аналар! Құрметті ата-аналар, бүгінгі кездесуімізге келгендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі кездесу ерекше болады деп сенеміз. Тәрбие беру проблемалары жайында әңгімелесетін боламыз. Әуелі танысып алайық… (Келген ата-аналар өздерін таныстырып өтеді) Бірігіп жұмылғанда, қолымыздан барлығы келеді. Сіздермен бірлесе отырып,  бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аударуға, оны шешуге,бала жүрегіне жол табуға, оны түсінуге тырысып көрелік.

1.Психологиялық дайындық.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден. 

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар біз неге шеңберге тұрып, тренингмізді бастадық?

Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы бір-бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды?

«О» әрпіне ұқсайды. Ендеше «О» әрпінен басталатын сөздер айтайық («Отан», «Отбасы», «Ошақ», «От», «Ойын», «Ойыншық», «Ойна» т.б.)

Отбасы — кішкентай адамның  өміріндегі  алғашқы тұрақты ұжым. Баланың жеке тұлға болып қалыптасуында отбасы ең басты рөл атқарады. Нақ  отбасында мінез-құлықтың негізгі сипаттары, оның әдеттері қалыптасады және баланың қандай болатындығы отбасы  мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынасқа  байланысты. Сондықтан, отбасы – өте қажетті, басқалай еш нәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы — сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы — бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы. Отбасы — адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.Отбасылық өмір көп қырлы, қиындығы, проблемасы жоқ отбасы болмайды. Бірақ сонда да идеалды отбасы сияқты түсінік бар.

  1. Идеалды отбасы — бұл… ( ата-аналардың жауаптары тыңдалады).

 3.Ата-анамен үстел үсті  жұмыс (қағаздар мен қалам беру).

Қазір ақ қағаз бетін екіге бөліп сызып аламыз да біреуіне өз балаларымызды мадақтайтын, ынталандыратын сөздерді, екінші жағына ұрсатын сөздерді жазамыз (қай бағанда көп сөз жазылғандығына талдау жасалынады,ата-аналарға өздері үшін қорытынды жасау ұсынылады….

4.Сергіту жаттығу «Сиқырлы ғажайып орман»                                           

   Барысы: Қазір біз ғажаптарға толы, жайдарман әрі сиқырлы орманға айналамыз. Екі топқа бөлінеміз: орман-тоғай болып екі қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз – орманда серуендеп келе жатқан адамды нәзік, абайлап қана сипалайтын ағаштардың бұтақтары болады. Ал енді барлықтарыңызды бір-бірден осы сиқырлы орман ішінен өтуге шақырамыз, ал қалғандарыңды серуендеуші адамның басынан, қолынан, арқасынан сипалап, сиқырлы ағаштар болуға шақырамыз.
Сараптама: Орман ішінен өткенде, басқа қатысушылар сізді сипағанда қандай сезімде болдыңыз?
Сиқырлы ағаштар болғаныңызда қандай сезімде болдыңыз? Жаттығуға дейінгі және жаттығудан кейінгі сезімдеріңізбен бөлісіңіз?

 5.«Біз бақытты жанұямыз!»                                                                                                      

     Алдын — ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.
Талдау: 1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?                                                             

  2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?

3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?                                                                                   

  1. Мадақтау. Сіздің балаңыз сізді таңқалдырды деп елестетіңіз. Сіздің жауабыңыз қандай болады? Оған не деп айтасыз? Қалай қолдайсыз? Мысалы: Жақсы! Ертегідегідей! Сен ғажапсың! ж/е т.б.                                                               

 Талқылауға тапсырма: Тақтаға ватманға салынған пияздың суреті ілініп, аңыз оқылады.                                                                                                                                    

«Ащы пияз» қазіргі заман аңызы: Өз балаларыма көңіл бөлуге әрдайым менде уақыт болмайтын. Жұмыс, қызмет бабында өрлеу, жеке бас өмірім. Бірақ менің балаларым ештеңеден тарықпай өмір сүріп жатты, менің олардың тәттілік – компьютерлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қаражатым жетіп отырды. Мен олардың кемшіліктеріне көз жұмып қарасам, олар менің өз тарапымнан көңіл бөле алмайтынымды кешіріп жатты. Бірақ мейірімді, жібектей балалық шақтың уақыты тез өтіп кетті. Күрделі жасөспірімдік кезең басталды. Алғашқы өзара кінә қою, алғашқы шынайы сезімдерМенің жасаған тұжырымым: менің балаларым сүйіспеншіліксіз өскен. Мен олардың есеюіне көңіл бөлмеппін, олардың нашар қылықтары мен әрекеттеріне тосқауыл қоймаппын және жамандықты жақсылықтан ажырата білуді үйретпеппін. Кезекті келеңсіз жағдайдан соң ас үйде пияз аршып тұрып, көзімнен жас кетті. Анам кіріп келіп:

— Неге жылап тұрсың? – деді.

— Білесің бе, ащы пияз қолыма түсіпті. Көзді жасаурататын ащылығы болады ғой, сол шығар, -дедім

— Демек, оны аз суарған шығар деді анам да. Мен бір маңызды нәрсені түсіндім: егер де балаларға балалық шағында аз су құйылса, өздерінің ересек өмірінде олар басқаларды көп жылатады.                        

 Жүргізуші:Тапсырма: ватманда бейнеленген жуаның үстіңгі бөлігінде жасыл жапырақты өскін бейнеленген. Ата-аналарға әрбір отбасында балаға қандай сезім мен қарым-қатынас болу керектігін, мысалы: мейірімділік, махаббат, түсіністік…..т.с.с. Осындай жақсы сөздермен жуаның жасыл өскінін толтыруды ұсынады.
  Сұрақ: ата-аналарға: егер де отбасында осындай қарым-қатынас пен сезімдер болмаса бала қандай болып өсуі мүмкін? Бұл жайында сіздердің ойларыңыз? ( ата-аналарға сұрақ)……….талқылау………(ата — аналар өз ойларын ортаға салады)  Жүргізуші: ал енді осы өскіншеге жапсырылған  сөздерді алып  тастасақ, жуаның өзі ғана қалғандай, шын мәнінде, адам өмірге келгенде әке мен ана деген қасиетті сөздерді бойына сіңіреді. Құрғақшылық, қолайсыздық жағдайлары болғанда, біздің өсімдікті суарып үлгермейміз. Ол өледі.Ендеше, өсіріп отырған жас өскендерімізді мейіріммен, сезімталдықпен, кішіпейілділікпен суғарайық.

 7.Отбасы заңы немесе ережесі:

 1.Әке мен ананың балаға қоятын талаптарының бірдей болуы;

 2.Бала үшін мақтаудың маңыздылығы;

 3.Отбасы мүшелерінің әрқайсысының еңбекке араласуы

 Егер де осы заңдардың барлығы отбасында орындалып жатса, өмірге сергек әрі сенімді қарайтын баласының достары  болса, демек бала адам ретінде, тұлға ретінде қалыптасады.Баланың қандай болып өсетіндігі, ересек өмірге қалайша қадам басатындығы сіздер мен біздерге байланысты. Ең бастысы, баланың тұлға болып қалыптасуына ата-анасының сөздері мен күнделікті ескертпелері емес, олардың шынайы іс-әрекеттері мен мінездері зор ықпал ететіндігін есте ұстаған жөн.

  1. «Тілек шамы».

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

— Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен  балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені.  «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, барлығыңыз осы жерде айтуларыңызды сұраймын. Өздеріңіздің іс-әрекеттеріңізбен оған деген махаббатыңызды көрсете біліңіз.    

  1. Ой-толғаныс.

— Ата-аналарға осы шараның басталуында күн, гүл, көбелектер, жапырақ бейнесіндегі жапсырмалар берілді.

— Осы белгілер бойынша ата-анаға, отбасына, балаға, осы ұжымға өз ұсыныстарыңызды немесе ой-пікірлеріңізді жазуыңызға болады (жазған пікірлерін оқи отырып, көктем бейнесін шығару).

Құрметті ата-аналар! Өз балаларыңызбен қарым-қатынас жасауда шыдамды болыңыздар. Жәй ғана өз балаларыңызды өз сөздеріңізбен, дауыс ырғағыңызбен, құшақтасуларыңызбен сүйіспеншілікке бөлеңіздер. Сонда барлығы жақсы болады! Көп рахмет! Сау болыңыздар!

Рахишова Зухра Темірбайқызы,
№21 «Росинка» бөбекжайының тәрбиешісі
БҚО,Орал қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.