Бала нені білсе жастан, ұядан –
Өле өлгенше соны таныр қиядан.
Қазақ мақалы
Мақсаты: Ата-аналардың бала тәрбиесіне көзқарасын өзгерту, балабақшаға позитивтік қатынасының қалыптастыру. Педагогикалық және психологиялық салауаттылықты жетілдіру; қалыптасу мен дамыту мәселері бойынша тәжірибе алмасу, бір-бірімен сұхбаттасу.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер, суреттер, электронды тақта, қалам, қағаз. Бөлме іші шар, тақырыбы және нақыл сөздер жазылған плакаттар мен мазмұнды суреттермен әсем безендірілген.
Әдіс-тәсілдер: әңгіме, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын, ассоциация, Венн диаграммасы, сауалнама.
І. Кіріспе. Тақырыпқа байланысты қысқаша әңгіме, баяндама.
Құрметті ата-аналар! Бүгін біздің «Қызғалдақ» тобында «Отбасы, бала, балабақша …» деген дөңгелек үстел өткізіліп жатыр. Біз бала, оның тәрбиесі, отбасы және
балабақшаның бала тәрбиесіндегі орны туралы пікірлерімізді, өз ойымызды, көзқарасымызды ортаға салып сұхбатасамыз, бір-бірімізбен тәжірибе алмасамыз.
Балабақшаға келер алдында бала отбасында тәрбиеленеді. Отбасы деген не? Отбасы адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген
сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.
Отбасы – шағын мемлекет әр мемлекеттің өзіне тән өндіріс, өнім, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс – шығыс бюджеті, тәртібі, заңы болады .
«Ел болам десең – бесігінді түзе» деген нақыл сөзді біздің ата-бабамыз мұра болып қалдырған. Бұл нақыл сөзді қалай түсінуге болады?
Қазақ отбасында өз баласың мейірімділікке, имандылыққа бауылып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап – құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сипайлық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.
Отбасы – жақын туыстық қатынас. Қазақтың отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала.
Ата — әжелер, ауыл – аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый – құрметке бөленген. Олар жыр, дастан, ертегі айтып немере – шөбелеріне рухани байытып тәрбиелеп отырған.
Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушы, қамқоршысы.Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметі.
Әйел, ана – отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір – шапағат көзі. Аналардың басты міндеті – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей ата-ана отбасында балаларына қандай тәрбие берсе, ертең сондай бала өседі, ата-анасына сондай абырой алып береді. Сол себептен қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше назар аударған. Бала – әке-шешесінің перзенті, ұрпағы. Бала – ата-ананың көз нұры, көңіл қуанышы. Баланың ата-ана алдындағы ұлы парызы – мейіріммен, жақсылықпен қартайған кезенде бағу, еңбектерін қайтару.
Дүниедегі мақсатының да, міндетінің де ең үлкені – ол ертеңгі күнге өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру. Қазіргі заманда ата-әжелер немерелеріне ертегі, жыр айтып бермейді, ал әке-аналар бірыңғай тұрмыс жағдайға, ақша табуға көп назар аударады. Бала тәрбиесін балабақша, мектепке жүктеген. Мектепке дейін тәрбиесін міндеті баланы жан-жақты тәрбиелеу, дамыту болса да «Алты аға бірігіп – әке болмас, Жеті жеңге бірігіп – ана болмас» — дегендей ата-ананың орыны бөлек. Ол орынды ешкім баса алмайды. Балабақша баланың отбасында алған тәрбиесін толықтырады, бағыт беріп тұрады. Балабақша отбасымен бірлесіп болашақ ұрпақ тәрбиелейді.
ҚР Конституциясының 27 бабында былай деп жазылған: «Балаларына қамқорлық жасау және тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы».
ІІ. Пікірталас. Осы тақырыпқа, баяндамаға байланысты ата-аналардың пікірін, ойларын тыңдау.
ІІІ. Сұрақ-жауап. Мына сұрақтарға қалай жауап бересіздер?
- «Отбасы – алтын бесік» деген сөзді қалай түсінесіз?
- ХХІ ғасырдың ата-аналары қандай?
- Баланыздың тәрбиесіне ата-ененіз араласқанын қалайсыз ба?
- Балабақшаға балаңызды не себептен алып келдіңіз?
- «Тәрбие» деген, сіздің ойыңызша не?
- Балабақшадан не күтесіз?
- Сіз өзіңізді жақсы білесіз бе?
- Сіз өзіңізді кім деп санайсыз (Наполеон, Президент, қожайын, құл, квартирант т.б.)?
- Балаңызға көп назар аударасыз ба?
- Балабақшаның қандай қажеттілігі бар?
- Ассоциация. Бала (балабақша, әке, ана) дегенде сіздерге қандай ой, елес бірден келеді? (бос орынды толтырыңыз, ойыңызды жазыңыз)
- Венн диаграммасы. Отбасы мен балабақшаның жалпы ұқсастығын айту.
- Ойын – тренинг. «Балық, құс, аң»
VII. «Бала, бала, болашақ …».
- Теледидардан балалардың сұрақтарға жауап бергенін көру, тыңдау.
- Ата-аналардың пікірлерін тыңдау, сұрақтар арқылы бағыт беру.
- Қазіргі балалар қандай?
- Не себептен қыз бала пысықтау, батыл, ашық болып келеді? Ал ұл бала керісінше?
- Балалар неге әкесі туралы аз айтады?
VIII. Жағдаят. Пікірлерін айту.
- Үйде сіздің екі балаңыз ұрсып қалды. Сіздің шешуіңіз қандай?
- Баланыз үйге мысық алып келді. Сіз мысықты жақсы көрмейсіз. Сіз не дейсіз?
- Үйге қонақ шақырдыңыз. Қонақ келетін уақыт жақындады, сіз үлгермей жатырсыз. Ал үлкен балаңыз кіші балаңызбен бірге компьютерде ойын ойнап отыр. Сіз көмек сұрадыңыз. Балаңыз тыңдамады. Сіз не істейсіз?
- Балаңызды балабақшадан алып келдіңіз. Баланың қолында бөтен біреудің затын көрдіңіз. Не істейсіз?
- Жұмыстан келіп үйдің тіршілігіне кірістіңіз. Жолдасыңыз теледидар көріп жатыр. Балаңыз қайта-қайта келіп сіздің мазаңызды алды. Шешуіңіз қандай?
ІХ. Сауалнама. «Менің қызығатыным» ата-аналарға арналған сұрақтар.
Х. Қорытындылау.
Өміртаева Ләззат Бүркітбаевна,
Степногорск қаласы
«Нұршуақ» бөбекжай – балабақшасы
Әдіскері