ОТБАСЫ — АСЫЛ ҚАЗЫНА
(Сыныптан тыс жұмыс)
Мақсаты:
— Ата- аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың жан-жақты білім деңгейін, сөйлеу мәдениетін, ұлттық тәрбиені меңгеруін байқау;
— Отбасы — отанның бір бөлшегі екенін ұғындырын, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу;
Барысы:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі аясында өткізілгелі отырған « Отбасы – асыл қазына» атты байқауға қош келдіңіздер!
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» – деген. Шынында да, ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады.
Оқушы: Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй – базар» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.
Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
Ата — асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ,
Бала — жапырақ – деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», — десек артық емес.
Ученик: Семья — это не просто родственники, живущие рядом. Это близкие люди, которые сплочены чувствами, интересами, идеалами, отношением к жизни.
В семейном кругу мы с вами растем
Основа основ – родительский дом.
В семейном кругу все корни твои,
И в жизнь ты входишь из семьи.
В семейном кругу мы жизнь создаем,
Основа основ – родительский дом.
Мұғалім: Бүгінгі сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз.
- Крапивинцевтар жанұясы
- Сираевтар жанұясы
- Дорошенко жанұясы
- Пулатовтар жанұясы
Оқушы: Бүгінгі байқаумызды сынайтын әділ қазыларымен танысып қойыңыздар: /таныстыру кезеңі/
Оқушы: Байқау мынадай бөлімдерден тұрады.
І — бөлім. Отбасы өз- өзін таныстыру
ІІ — бөлім. Сұрақтарға жауап беру, яғни жан-жақты білім деңгейін, сөйлеу мәдениетін, ұлттық тәрбиені меңгеруін байқау.
ІІІ — бөлім
Олай болса, бастайық – 1-бөлім – таныстыру – сайыстың шартын орындауға сайыскерлер шақырылады.
Ученик: 1 тур нашего конкурса – презентация команд.
Ученик:
Ата — дәстүр абырой көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз мақал мен мәтелдерге.
2-ші бөлімі — Мақалды біз бастаймыз, сіздер жалғастырып айтыңыздар.
- 1. Әдепті бала – арлы бала… (әдепсіз бала – сорлы бала)
Жақсыдан үйрен… (жаманнан жирен)
3. Баланың ұяты әкеге… (қыздың ұяты шешеге)
4. Балапан ұяда не көрсе,.. ( ұшқанда соны алады)
5. Қына тасқа бітеді,.. (ақыл басқа бітеді)
6. Ата – бәйтерек,.. ( бала – жапырақ) - Астың дәмін тұз келтірер… (ауылдың сәнін қыз келтірер)
8. Атаңның баласы болма… (адамның баласы бол)
9. Білекті бірді жығар…. (білімді мыңды жығар)
10. Әке көрген оқ жонар… (шеше көрген тон пішер)
11. Ана- балаға жастық, …. (әке – көрпе)
12. Отансы сүю –…. ( отбасынан басталады)
Оқушы: Сұрақтарға жауап беріңіздер:
Ученик: Следующий тур — Вопросы-ответы:
1 — Дәстүрлі қазақ отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
2 — Дәстүрлі қазақ отбасының басшысы кім? ( Әке)
3 — Дүниеде не тәтті? ( Ананың сүті тәтті.)
4 — Не жұмсақ? ( Ананың қолы)
5 — Не қатты? ( Атаның жүрегі қатты)
6 — Не қымбат?
Алтын ұяң, Отан қымбат,
Құт — береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Бәрінен де ар мен ұят қымбат.
Оқушы: Бәрекелді, керемет, сайысымызды одан әрі жалғастырсақ.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салады.
3 – бөлім- Үй тапсырмасы:
1 команда – сахна көрінісін көрсетті
2 команда – ән салды
3 команда – би биледі
4 команда – скрипкамен онерін көрсетті
Мұғалім: Отбасы дегеніміз өте жақын адамдар. Отбасында бәрі бірін-бірі жақсы көреді және қамқор болады. Қатысушыларымыз айтқанымызды дәлелдеп жатыр.
Ученик: Действительно наши участники доказывают, что семья — это близкие люди, которые сплочены любят и поддерживают друг-друга.
Ученик: Семья – это счастье, любовь и удача,
Семья – это летом поездки на дачу.
Семья – это праздник, семейные даты,
Подарки, покупки, приятные траты.
Рождение детей, первый шаг, первый лепет,
Мечты о хорошем, волнение и трепет.
Семья – это труд, друг о друге забота,
Семья – это много домашней работы.
Семья – это важно! Семья – это сложно!
Но счастливо жить одному невозможно!
Всегда будьте вместе, любовь берегите,
Обиды и ссоры подальше гоните,
Хочу, чтоб про вас говорили друзья:
Какая хорошая Ваша семья!
Оқушы: Бүгінгі «Отбасы – асыл қазына» атты сайысымызды қорытындылау үшін әділ қазыларға сөз береміз.
Мұғалім: Құрметті қонақтар! Бүгінгі іс-шарамызға қатысқандарыңызға алғыс білдіреміз. Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке, бірлік, сәттілік тілейміз!
Жетпісова Шолпан Шоқанқызы
№15 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Астана қаласы