Home » Ашық сабақтар » Отбасындағы қарым- қатынас

Отбасындағы қарым- қатынас

Отбасындағы қарым- қатынас

(Ата-аналарға арналған тренинг)


№25 жалпы орта білім беру мектебінің педагог- психологы Ж.Б.Ордабаева

 

Барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
ойын «Сәлемдесу»

Парақшалар тарату
2. Кіріспе сөз.
Құрметті  ата — аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата — ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала — ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» — демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата — ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата — аналар іс — жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

2. «Баланы қалай қарсы аласыз?» (көз алдында елестету)

  1. Баяндама.
    Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жиғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат — әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан — жақты дамуына ата — ана, мектеп жағдай жасауы керек. Мектеп пен отбасында, балалар арасында қатыгездікке, зорлық зомбылыққа жол бермеуді баста назарда ұстасақ. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін — өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы санасына сіңіріп, тәрбиелеуі аса маңызды іс. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу немесе  ондай әрекеттерден сақтандыру адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау барлығымыздың міндетіміз.

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін- бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – Конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір

салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.

Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Әсіресе, өмір жағдайында түрлі соққылар, зорлық – зомбылық жағдайы көп кездеседі. Балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу бүгінгі күннің басты талабы болып табылады

  1. Бейнесюжет көру, талдау.

 

 

6.“Кір жуу” жаттығуы                 

Мақсаты:  Тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу  барысындағы ата-ана бойындағы ашу ыза рениш, қызғаныш, жек көру және жағымсыз естеліктерді көңілді қимыл қозғалыстар арқылы жою.

Көңілді музыка ойнап тұрады.Көтеріңкі көңіл- күй  орнату үшін

Құрметті әріптестер XXІ ғасырға рахмет, бәрі автоматтандырылған, бәрін техника жасап жатқан жайымыз бар. Енді, бәріміз бірге осыдан 20 жылға кейін шегініп, бойымыздағы қанымызды жүгіртіп, кір жуамыз. Қолымызға ойша тазик аламыз, ішіне су құямыз сабынмен кірді езіп – езіп жуамыз. Кір суды төгіп таза су құйып шаямыз. Жақсылап қатты қағамыз да алысқа апарып жайып қоямыз. Кірді жуып тастадық, рахмет сіздерге, өзіміз үшін біздің қолымыздан бәрі келеді деп қол шапалақтап қоямыз.

 

 «Сіз қандай ата-анасыз?»  сауалнама

-Кез келген істі тастай салып баламен айналысасыз ба?

-Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?

-Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?

-Өзіңіздің қателігіңіз үшін кешірім сұрайсыз ба?

-Балаңыз жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

-Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

-Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?

-Өзіңіздің балаңыздан өткен балалық шағыңыздан өткен ескерілетін жағдайды айтасыз ба?

-Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

-Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?

-Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай, бір күн еркіндік бересіз бе?

-Басқа бала сіздің балаңызға дөрекідік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?

-Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:

  • Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл.
    Кейде ғана келісемін – 2 балл.
    Келіспеймін – 1  балл.

Сауалнаманы бағалау:

0-16 балл.Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

16-30 балл.Балаға қамқорлық жасау  — бірінші кезектегі маңызды іс.

Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

30-39 балл. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

 

Қызығушылығын ояту (Жүрекшелерге өз баласына тілек жазу. Плакатқа ілу)

  1. Қорытынды бөлім:
    Құрметті ата — аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық — қатыгездікке, жомарттық — тоғышарлыққа, адалдық — арамдыққа, парасаттылық — парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.