Home » Балабақша » Отбасындағы сүйіспеншілік

Отбасындағы сүйіспеншілік

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Адалдық, жақсылық, мейірімділік

Сабақ мақсаты: «Cүйіспеншілік» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Оқушылардың бойындағы адалдық қасиеті түсініктерін кеңейту;
  • Оқушыларға жақсылық жасау қасиеттерін дамыту;
  • Оқушыларды мейірімді болуға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі.

— Қайырлы күн, менің сүйікті балаларым. Бүгін біз үшін өте ерекше әрі әсерлі күн. Қане, барлығымыз алтын ережемізді сақтайық: 5Т

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Татулық

Тазалық

Тыныштық сәті.

«Күннің нұры». Айнала күн, шуағын шашып жып-жылы, Біздер отбасымызбен теңіз жағасына келдік, теңіздің толқыған дыбысы, шағаланың әні, күн өзінің нұрлы шуағын шашып тұр. Күнге қыздырынайықшы, қандай тамаша. Құмның үстіне жалаң аяқ жүрейік. Біз өз отбасымызбен табиғатта демалып жүрміз. Аналарымыздың алақанынан ұстасақ — сондай сүйіспеншілік пен мейірімге толы. Енді көзімізді ашайық.

 

Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз

Кішігі де сіз —

Ата-ананы құрметтеп

Бас иеміз біз.

 

Енді балалар бір-бірлеріңізге жылы лебіздеріңізді білдіріңіздер.

Алия, сен — сұлусың.

сүйкімдісің

адалсың

мейірімдісің

гүлдейсің

күндейсің

айдайсың т.б.

Дәйек сөз.

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.

Әңгімелеу (сұхбат).

В. Сухомлинскийдің «Бір ананың жеті қызы» атты ертегісін оқып берейін.

Бір ананың жеті қызы болыпты. Бірде ол алыста тұратын ұлына кетті. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі шешесін қалай сағынғандарың айта бастады.

— Мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым, — деді біріншісі.

— Мен сені бір тамшы суды аңсаған шөлдей күттім, — деді екіншісі.

— Мен мамасын сағынып жылаған кішкентай балапандай болып жыладым, — деді үшіншісі.

— Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын,-деді төртіншісі.

— Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің, — деді бесіншісі.

— Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым, — деді алтыншысы.

Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол шешесінің аяқ киімін шешіп, аяқтарын жуу үшін су әкеліп берді.

— Балалар, сіздерге әңгіме ұнады ма?

— Қыздар анасына өз сүйіспеншіліктерін қалай білдірді?

— Сендер аналарыңа сүйіспеншіліктерін қалай білдіресің?

 

Сергіту сәті.     

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме мен құдықтан

Су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын,

Шаң тозаңды қуамын.

Жұмыс.

Көрнекілікпен жұмыс.

Балаларға бірнеше суреттер беріледі. Сурет бойынша әңгіме құрастырып айтып береді.

Шығармашылық жұмыс.

Мына суреттегі бейнелердің қайсысы өз отбасы мүшелеріне теңер едің.

1-суретті бояңдар.

Отбасы туралы кім мақал-мәтел біледі?

  • Ата-ананың парызын, өте сенің қарызың.
  • Бала тәрбиесі бесіктен.
  • Жақсы ата арман, жақсы бала қорған.
  • Ағадан ақыл, атадан нақыл.

Ойын. Отбасылық «Паравоз» ойыны

Пуп чик-чик. Күлкі аялдамасы.

Би аялдамасы.

Аспаптар аялдамасы

Жылау аялдамасы

Шапалақ аялдамасы, енді орнымызға отырайық.

  • Балалар, бүгін біз сүйікті отбасы мүшелері туралы жақсы, жағымды сөздер айттық. Шығармалар арқылы әркімнің отбасы болатынын, отбасы мейірімділік пен сүйіспеншіліктің ортасы екенін танып білдік.

Топпен ән айту.

«Ақ мамам» әнін айтайық.

Соңғы тыныштық сәті.

— Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

— Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

— Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!

Айтқалиева Сандуғаш Муратовна

№45 «Алтын бала» бөбекжайының

тәрбиешісі,

Ақтөбе қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.