Отбасым бар — бақытым бар басымда
Анам да бар — аялайтын қасымда
Әкем менің асқар тауым тірегім,
Көкке мені көтеретін жасымда.
Ағамда бар, жетелейтін мені алға
Адастырмас «өмір» атты — орманда
Інім де бар, еріп жүрер ізіме
Бағалайтын мені қамқор — панаға
Апам да бар тілегімді тілейтін
Көрмей қалса мені бір күн жүдейтін
Сіңілім де бар еркелейді қасымда
Мені көрсе мәз болатын, күлетін
Отбасым бар бақытым бар — басымда
Ата-анам, бауырларым қасымда
Бақыт деген осы емес пе, достарым
Отбасыңыз түгел болса қасыңда