Home » Мақалалар » ОТБАСЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ

ОТБАСЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ

Баланы баптап, бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

   Қадірден жұрдай қасқа боп,

   Кешкенің өмір босқа тек, — дегендей, баланың ыстық, суығына күймейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бой түзеді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана.

Өз заманында-ақ ұлттық тәрбиенің өзгеріске ұшырап бара жатқанына секем алған каһарман батыр Бауыржан Момышұлы былай деген еді: «Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірегі көр бола ма деп қорқамын. Көр қолына мылтық берсең ата салады, теңге берсең ала салады, пышақ берсең сұға салады, намыстанбайды бұға салады.

Біздің ұстаздар қауымының ойынша, отбасындағы тәрбие мен мектептегі тәрбие бір-бірін толықтырып, жетілдіріп отырса ғана нәтиже жетпек. Ол үшін бала тәрбиесі ортақ іс болғандықтан ата-аналарды да әртүрлі іс-шараларға қатыстырып, олармен білесе жұмыс жасау керек. Ең жаманы: оқушыларымыз көркем әдебиетті оқымауы, рухани дүниесінің таяз болуы. Ата-ана мен мектеп байланысы ынтымақтастығы нығайтылып, тәрбиедегі үйлесімділікке бастайтын әдіс ата-ананың сабаққа, ашық тәрбие сағаттарына, мектеп өміріндегі мәдени шараларға, оқушылармен бірге жиналыстарға қатысуы ата-ананың мектеппен байланысын нығайта түсіретін бірден-бір жол.

Осыны айта тұра осы Отбасы күніне орай біздің де Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Отбасым – алтын бесігім» деген іс-шара өткізілді. Ең алдымен сөз кезегі мектеп директоры Турганбекова Салтанат Саулетқызына берілді. Сонан кейін психолог Акауов Самат Тоқтасынұлы ата-аналармен тренинг өткізді. Аға-тәлімгер Ахметова Айгүл Қадырқызы ата-аналардың арасында 25 жыл отбасын құрған отбасыларымен таныстырып шықты. Серкібай отбасылары өздерін слайд арқылы таныстырды. Мектеп әкімшілігі сыйлықтарын табыс етті. Оқушылар өз пікірлерін, ойларын плакат арқылы жеткізді.

         Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Олай болса, бала тәрбиесі – күрделі, әрі бәрімізге ортақ іс, осыны ұмытпаған жөн.

 

Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Айгуль Кадыровна

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.