Home » Спорт » Отбасылық спорт жарысы өтті

Отбасылық спорт жарысы өтті

«Отбасы күні» мерекесіне орай Ақсу ферроқорытпа зауытының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде балабақша тәрбиеленушілері және олардың ата-аналарының қатысуымен отбасылық спорт жарысы өткізілді.

Дене шынықтыру керек бәрімізге,

Жаттығу ырғағы қосылады әнімізге.

Дене шынықтыру жалқаулыққа сөз бермей,

Ауру-сырқауды жолатпайды тәнімізге.

Мұндағы ересек 3 топтың: «Тұлпар», «Күншуақ», «Қыран» (әр командада 6 бала мен 12 ата-ана) командалары тәрбиешілерімен бірге өздерінің сайысқа деген қызығушылықтары мен ұйымшылдық қабілеттерін, бір сөзбен айтқанда жан-жақты дайын келгендерін байқатты. Ойыншылар мына тапсырмаларды орындап шықты:

  1. «Кім жылдам?» — ата — аналар мен балалар кегли арасынан допты домалату;
  2. «Жүйрік кенгуру» — ата-аналар екі аяқпен қапшықта секіреді;
  3. «Құрсауды балапандар» — ата-аналар мен бала обруч ішінде жүгіреді;
  4. «Туннель» — балалар туннельден еңбектеп өтеді;
  5. «Еркелеген балдырған» — ата-аналар баласын бірге ұстаған қолдарын үстіне отырғызып жүгіреді;
  6. «Арқан тартудан» — балалар, ата-аналар күш сынысады.

Қазылар алқасы жарыстың қорытындысын шығарып, жеңімпаз топтар марапатталды. Жарысқа қатысушылардың барлығына естелік сыйлықтар табыс етілді.

Ақсу ферроқорытпа зауытының әкімшілігіне, кәсіподақ төрағасы Н.А. Сухотерин мырзаға және дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің меңгерушісі Қ.Ж. Ильясов мырзаға балабақша әкімшілігі, балалар мен ата-аналар атынан үлкен алғысымызды айтамыз.

Мариям СЕМБАЕВА

МКҚК «Ақсу қаласының №2 балабақша»,

дене шынықтыру нұсқаушысы,

Павлодар облысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.