7 мамыр – Отан, мемлекеттік мүдде, саяси қауіпсіздік пен дербестікті қорғайтын Отан қорғаушылар күні.
Бұл күн – бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше күн.
Осы күн қарсаңында Жетісу ауданы Білім бөлімінің жоспарына сай №87 ЖББМ, №102 ЖББ, №103 МГ, №112 ЖББМ бірлесіп аудандық мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шара Президентіміздің «Патриоттық рух бізге ауадай қажет» дегендей өскелең ұрпақ бойында отаншылдық рух пен патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында оқушылар қатысуымен өткізілді.
Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз. Өзін ер-азаматпын деп санайтын кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы.
Оқушы бойындағы патриоттық сезімдерін нығайтып, өсер ұрпақ ғибрат аларлықтай, үлгі тұтарлықтай, ержүрек, намысшыл, адал, қайсар мінезді ұрпақ тәрбиелеуде осындай шаралардың алар орны ерекше.
Сахнада дарынды оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм рухы ескен талай әндер мен күйлер орындалды.
Бір сөзбен айтқанда, мерекелік концерт көпшіліктің көңілінен шығып, ұзақ уақыт есте қаларлықтай тамаша әсер етті.
ДТІЖО: Ауэлбекова Г.У.
Дараева Г.У.