Home » Жаңалықтар » Отаным — тағдырым

Отаным — тағдырым

Өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, алға қадам басады. Болашаққа рухани мәдинетімізбен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлердің бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстағы белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі, бәрінен бұрын жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеудегі ерен еңбектері. 15 ақпан Тәуелсіз Отанымыз Қазақстан үшін атаулы күндердің біріне айналды. Биыл Ауған жерінен Интернационалист жауынгерлердің шығарылғанына 29 жыл толды. 13 ақпан күні осы қуанышты мерекеге байланысты ардагер ағаларымыздың құрметіне арнап, №41Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінде әскери жетекші Халықназаров Турдибек жетекшілігімен «Отаным — тағдырым!» атты сайыс ұйымдастырылып өткізілді.
Бұл сайысты ұйымдастырудағы басты мақсат – Елбасымыздың рухани жаңғыру бағдарламасына сәйкес потриотизмді қалыптастыруға күш салу. Жас сарбаздарымыздың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, Ауған соғысына қатысқан ардагерлерімізді құрметтеп, болашақта нағыз ел қорғайтын сарбаз болып шығуына жол сілтеп, патриоттық сезімге тәрбиелеу, сегіз қырлы, бір сырлы сарбаздарды тану.
Ауған соғысына қатысқан ардагер жерлестеріміз: Убаев Хайрулла, Юсупов Камилжан, Файзиметов Ғуламжан ағаларымыз кеш қонағы болды. Сайысқа 10 «А» сыныбының «Жас қырандар», 10 «В» сыныбының «Жас сарбаз» және 10 «Г» сыныбының «Айбатты арыстандар» командалары қатысты.

Сайыс 5 тур бойынша өткізілді:

  1. Взвод командирлерінің баянатын бағалау.
  2. Взводтың саптық адымын бағалау.
  3. Әскери атақтарды атау (суретке қарап 3 сұрақтан 1-оқушы)
  4. Калашников автоматын бөлшектеп жинақтау( 2-оқушы)
  5. Еркін тақырып (Ауған соғыс ардагерлеріне арналған патриоттық көрініс).
  6. Сайысқа қатысқан барлық командалар сайысқа жақсы дайындалған. Жас сарбаздарымыз әскери жетекші тарапынан берілген әр-бір тапсырманы қызығушылықпен орындап, өздерінің білімдерін, ептіліктерін,тапқырлықтарын көрсете білді.Әсіресе еркін тақырып бойынша көрсетілген патриоттық көрініс көрермендерге өз әсерін тигізді. Жарыса келе әділқазылардың шешімі бойынша «Жас қыран» командасы І орынды, «Айбатты арыстандар» командасы ІІ орынды ал «Жас сарбаздар» командасы ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздарға мектептің арнайы сыйлықтары тапсырылды.

Курганбаев Элдор,
№41 Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінің
математика пәні мұғалімі
Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.