Home » Жаңалықтар » Орта мектеп мұғалімдеріне арналған ЖЖЕ бойынша республикадағы тұңғыш цифрлық ресурс

Орта мектеп мұғалімдеріне арналған ЖЖЕ бойынша республикадағы тұңғыш цифрлық ресурс

2017 жылдың 12 шілдесінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ Қостанай облысы ІІД Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп республикада тұңғыш рет «Орта мектеп мұғалімдеріне арналған ЖЖЕ бойынша республикадағы тұңғыш цифрлық ресурс» ұсынылды. Іс-шара Қостанай облысының жергілікті баспасөз клубында өтті.

Брифингке «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ директоры, п.ғ.к. Слесарь Марионелла Васильевна мен Қостанай облысы ІІД ЖПҚ жол қозғалысын қадағалау бойынша бөлім бастығы, полиция подполковнигі Бекмагамбетова Айгуль Муханбетжановна қатысты. Презентацияға республикалық және облыстық БАҚ шақырылды.

Цифрлық құралды құру «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты республикалық кең ауқымды акциясының логикалық аяқталуы болды.

«Орта мектеп мұғалімдеріне арналған ЖЖЕ бойынша республикадағы тұңғыш цифрлық ресурс» инновациялық және тиімді болып табылады.  Әзірлеушілердің негізгі міндеті – жол жүру қағидаларын зерделеу бойынша нәтижелілігін арттыру,  ең бастысы адамдардың оның айналасындағылардың қауіпсіздігін және жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын  жол-көліктік орта қатысушыларын тәрбиелеу,  мектеп оқушыларының және олардың орындау жауапкершілігін арттыру.

Бұл құрал оқушының жол қозғалысы қауіпсіздігінің негізгі дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ол ЖЖЕ бойынша белсенді жұмысты жүргізетін педагогтарға арналған.

Бағдарлама өзіне төрт бөлікті құрайды: ЖЖЕ бойынша нормативтік-құқықтық құжаттар, типтік білім беру бағдарламасы, сабақтар мен қосымшаларды әзірлеу.

Әзірлеушілер кішкентай балалар үшін арнайы бейнематериалдар дайындаған, сондай-ақ сілтеме бойынша жол ережесін сақтау жөніндегі тақырыптық мультфильмдерге басып көруге болады. Ресурста қолжетімді және түсінікті навигация, жағымды және түсінікті интерфейс бар. Ресурста ұсынылған контент ЖЖЕ бойынша оқу сабақтарын жүргізу ортасында бай тәжірибеге ие.

Бұл ресурс қолжетімді платформада әзірленді, ол әр түрлі сипаттамада компьютерлерде, сондай-ақ кез келген операциялық жүйеде іске асыруға мүмкіндік береді. Ресурспен жұмыс жасау үшін қатқыл дискіде шағын орын қажет немесе оны жұмыс орнында, сондай-ақ үй компьютерлерінде пайдалана отырып CD немесе DVD тасығышқа іске қосуға мүмкіндік береді. Оның жұмыс істеуі үшін интернет желісіне қосылудың қажеті жоқ, барлық мультимедиялық контент, сондай-ақ  бағдарламалық қамтамасыз ету ресурстың өзінде сақталған.

Осылайша, ресурстың құрылған платформа қосымшаны пайдалануда ұялы, динамикалық және оңай жасауға мүмкіндік береді. Соның арқасында осы ресурсты тек мұғалім ғана емес, барлық мүдделі білім беру процесіне қатысушылар (оқушылар, ата-аналар) пайдалана алады.

Осы цифрлық ресурстың республикалық деңгейдегі презентациясы мектептерде ЖЖЕ оқыту бойынша мемлекетаралық дөңгелек үстел және республикалық семинар шеңберінде Ғазиз Байтасов атындағы жол қозғалысы жас инспекторларының республикалық слетінде Өскемен қаласында өтеді.

Бұдан әрі электрондық құрал Қостанай облысының ғана емес, республиканың барлық мектептеріне беріледі. Сондай-ақ, оны «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ сайтынан жүктеп алуға болады.

 

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.