«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ базасында химия пәні мұғалімдеріне арналған «Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша бағдарламаны жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында білім сатысы оқуы өткізілді. Тыңдаушылар жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнымен, оқу бағдарламаларының және оқу жоспарының құрылымымен танысты.
Белсенді әдіс-тәсілдер арқылы тыңдаушылар логикалық, алгоритмдік ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға арналған тапсырмалар дайындады. Пән бойынша жаңартылған бағдарламадағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйренді. Оқушыларды ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалауды жоспарлап және ұйымдастыру үшін химия пәнінен 7-сыныпқа арналған «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағын» басшылыққа ала отырып, оқу мақсаттарының әрқайсысы үшін берілген бағалау критерийлеріне назар аударылды. Нәтижесінде бағалау критерийлерін әзірлеуге, тапсырмалар дайындауға және дискрипторлар құрастыруға дағдыланды.
Сдыланды.
Оқу жоспарының негізінде ықшамсабақ жоспарын дайындауға дағдыланды. Олар өз сабақтарын, одан алынған тәжірибесін келешекте қалай қолданатынын түсіндіріп, өз жоспарларын әрі қарай дамыту туралы ойаралап оқытуда әрбір оқушының оқу мақсатына қол жеткізу стратегиясы жоспарланып, оқушылардың қажеттілігіне қарай білім деңгейі әртүрлі оқушыларға тапсырмалар дайындалды. Нәтижесінде оқушылардың ерекшеліктеріне және деңгейіне сәйкес тапсырмалармен қамтамасыз ету үшін саралау тәсілдерін қолдануға дағларымен бөлісті. Тренер курсқа қатысушылармен бірге білім мазмұнын жаңартуда кәсіби құзыреттілігі мен қызметін нәтижелі қалыптастырудағы көкейкесті сұрақтарды талқылап, оқу барысында рефлексия жасап, топтағы пікірталас пен кері байланысты жүзеге асырды. Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнына орай, мұғалімдердің білімдері жетілдіріліп, кеңейтілді.
Қ.БАҚТИЯРОВА,
БМЖ тренері