Home » Баяндамалар » ОРТА БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ОРТА БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

2017 жылғы 31 қаңтардағы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Бірінші. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет» — делінген.

Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі – бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі бағдарлама, жаңа үлгідегі мектеп кұру болып отыр. Білім беру мазмұнын ізгілендіру, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі, жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде.
2016-2019 жылдарға арналған білім берудің мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге ерекше назар аударылған. Мақсаты – төрт жылдың ішінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100% мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету керектігін бәріміз білеміз. Сондықтан, бастауыш сатыда білім беру мәселеcі қоғамды толғандырып отыр. Өйткені қaрыштап дaмып келе жатқан техникaлық прогресс кезеңінде өcкелең ұрпақтың білім деңгейі шығармашылыққа cай болуы қажет. Cол себепті ұстаздар әр caбағын сaпалы түрде ұйымдастырып, жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шaрт. Мектепте алған білімін өмірде қолдaна алaтындай етіп caбақ барысын құру, мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті тaлап етеді. Ол үшін әр ұcтаз ең алдымен өз білімін жетілдіру және шәкірттерін тұлғa ретінде тану керек. Шәкірт aлдындa білімің жетік, тәжірибең мол болу қaжет. Әлемдік деңгейде білім берудің қaзіргі талaбы оқытудың нәтижеге бaғдарлануы, оқушының жеке тұлғaсына бaғытталуы, ал оқыту әдіcтерін тұлғалық қaрым-қатынастарға бейімдеу бoлып отыр. Демек, oқушы білімді дaйын күйінде мұғалім түсіндіргенінен aлмай, өзінің өмірлік тәжірибеcіне сүйену арқылы танымдық, шығармaшылық тaпcырмаларды oрындау негізінде әртүрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде oқушы дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен қөзқaрасы қaлыптаcады. Өйткені, жалпы білім беретін мектептер алдағы уақытта ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу үшін аянбай еңбек етуі керек. Сондықтан үш тілді оқытуға да кезең-кезеңмен көшу жолдауда да айтылып өтті. Қазақ тілінің басымдылығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам болуы қажет. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі оқушы дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, іздемпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білу керек. Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ жанында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылуда. Курсқа мұғалімдер түрлі ой, түрлі көзқарас, көптеген сұрақтармен келеді. Алдымен мұғалімдер құжаттармен танысады, білуге тиіс негізгі үш құжат бар: оқу бағдарламасы, оқу жоспары, критериалды бағалауға арналған басшылық. Осы үш құжатты бір-бірімен байланыстыратын нәрсе – оқу мақсаттары. Оны білудің қандай артықшылығы бар? Сабақты жоспарлау кезінде мұғалім осы құжаттарды қолдануы және қай құжаттан нені басшылыққа алатынын анықтай алуды үйренеді. Сондықтан курс барысында осы құжаттармен жұмысқа жиі оралып отыру қарастырылған. Бағдарламаның тағы бір артықшылығы – әр пәннің ерекшелігінің ескерілуі. Сол себепті бағадарламаның оқу-әдістемелік кешенінде бастауыш сыныпта оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер, белсенді оқу, тілдесу арқылы қарым-қатынас жасау дағдылары, мұғалім жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, ойлау дағдыларын қалыптастыру, оқытудың маңыздылығы, оқушыларды уәждеу, зерттеуге негізделген оқу, белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі, тиімді кері байланыс ұсыну, критериалды бағалау және жоспарлауға дейін негізгі мәселелер қамтылған. Бұл бағдарламаның ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі – құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары). Сабақ барысында әртүрлі (жеке, жұптық, топтық) жұмыс түрлерін ұйымдастыру үшін оқу кабинеттеріндегі жиһаздар орнын ауыстыруға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет. Бастауыш сынып пәндерін оқыту үшін қажетті жабдықтар, ресурстар мен материалдар: проектор, проекциялық экран және аудиоколонкалар, бейне және аудиоресурстар, компьютерлік бағдарламалармен жасақталған ноутбуктер, интерактивті тақта, үзіліссіз қуат беру көзі, принтер-сканер, MGA (датчиктер көмегімен деректерді тіркейтін аспап), сандық фотоаппарат, таблетка тәрізді батареялар мен тұтқыш. Айтылған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әр педагог жетік меңгеріп үнемі қолдана білуі қажет.
Сонымен қатар, орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде мұғалімдерге сабақты модельдеу арқылы бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар мен тапсырмаларды әзірлеуге мүмкіндік беріледі. Мұғалімдерге көмек ретінде білім алушылардың оқу жетістіктерін қалыптастырушы және жиынтық бағалау үдерістерін жоспарлау, ұйымдастыру мақсатында практикалық ұсыныстар берілген. Осылайша, Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады. Анық құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, білім алушы да:
Білім алушы оқытудың қай сатысында?
Олар білім алуда неге талпынады?
Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек? екенін түсінеді.
Дегенмен, жаңашылдық болғаннан кейін қиындықсыз болмайды. Бағдарламаның ерекшелігін тәнті болғанымызбен, әттеген-ай дерлік жағдайлар да кездесіп, мұғалім жұмысына кедергі келтіріп жатқан кездер де аз емес. Ол бағдарлама мен оқулықтың сәйкес келмеуі, АКТ-дың кейбір мектептерде қамтылмауы, ауылдық мектептерде жаратылыстану пәні бойынша кабинет қарастырылмаған, тәжірибе жасауға кедергі болуы.
Әрине, жаңа бастаманың қашанда қиындығы да қызығы да аз болмайды. Бірақ осы үлкен міндетті абыроймен атқарып, шәкірттерді бәсекеге қабілетті жеке тұлға дәрежесіне жеткізе білу – әр ұстаздың міндеті. Сондықтан заман талабына сай болып жатқан өзгерістерден қауіптенбей, мақсатқа сай, нәтиже аламыз деп сенемін.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні – баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.
Әдебиеттер тізімі:
1. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдау 31 қаңтар 2017 жылғы
2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 — 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы
3. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы Бодди Д., Пэйтон Р. Основы менеджмента: Пер. с англ. СПб.: Питер, 1999.
4. Егемен Қазақстан газеті №4, 9, 11 – 2017ж.
5. Орта мектеп жаршысы республикалық оқу-әдістемелік журнал №4 – 2016ж.

Гульфия Бекетовна Алипкалиева
п.ғ.магистрі, мұғалімнің кәсіби дамуын
психологиялық-педагогикалық қолдау
кафедрасының аға оқытушысы «Өрлеу»
БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» Орал қ.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.