Home » Бес сауал » ОРТА БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСТАРЫ

ОРТА БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСТАРЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 2016 жылдың 1 қарашасы күні қазақ тілі пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша өткізілген курстардың нәтижелерін талдау мақсатында курстан кейінгі кері байланыс жайлы әдістемелік семинар өтті.

 6666666666

Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында Жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушылары –  Арзиев Р.У.,  Орманбекова Л.Ж., Қасенова С.А., Басқару және білім сапасы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Мұхтаров А.Х., Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау кафедрасының аға оқытушысы Бисенбаева М.К. 2016 жылдың 28 наурызы мен 12 тамызы аралығында Алматы облысында белгіленген аудандарға барып біліктілікті арттыру курстарын өткізді.

Әдістемелік семинарды Жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы –  Орманбекова Ләззат Жекенқызы мен Алматы облысы, Қарасай ауданы, әл-Фараби атындағы Дарынды балаларға арналған үш тілде білім беретін  мектеп-гимназиядағы атқарылып жатқан эксперименттік жұмыстары аясында  осы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елшіманова Елшіманова Гүлдана Нурдинқызы жүргізді.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің ұстаздарға қойылған талаптарын орындау барысында  әрбір курс тыңдаушысы тек қана теориялық білімді меңгеріп қоймай, тәжірибелік дағдыларын  да қоса қалыптастырғандығы айтылды. Және семинар барысында курстың  өтілу барысы, кездескен қиындықтар, ұсыныстар мен мүмкіншіліктер жайлы айтылып, ортаға салынды. Курс кезіндегі бейнесабақтардан үзінді көрсетіліп, талдау жасалынды. Әдістемелік семинар құнды пікірлер мен тәжірибе алмасуға  мүмкіндік беретін маңызы зор іс-шара болды.

 

НҰРАҚБАЕВА Айгүл Зұлпықарқызы,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

«Алматы облысы бойынша педагог

қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»,

Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің бас маманы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.