(Белсенді оқытудың жекеленген әдіс-тәсілдерінің тиімділігі, практиктің көзқарасы)
«Біздің міндетіміз-білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру.
Оқыту бағдарламаларын сын тұрғысынан ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет».
ҚР Президенті Н.Назарбаев.
(«Қазақстанның Үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 31.01.17жылғы Қазақстан Халқына жолдауынан).
Қазіргі уақытта мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы жылдам өзгеріп жатқан әлемнің талабы деп білемін. Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені, қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы қуантады. Қазір білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Ендеше, білім беру мазмұнын жаңарту — заман талабы. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалады бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі қолданудың тиімділігін арттыру.
Жаңартылған оқу бағдарламасы шеңберінде оқу үрдесі 1948 жылы әзірлеген Дэвид Колбтың оқу үдерісінің эмперикалық моделі осы бағдарламаға ұсынылған. Мысалы, мына кестеде көрсетілгендей, 7-сынып оқушылары алдыңғы сыныптағы талаптардың негізінде жұмыс жасауға бейімделмегендіктен, талаптарды бірден орындай алмайды. Дегенмен, осы кезде бағдарламаның мақсаттарында мұғалімдерге қойылған міндеттердегі: пән бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнын білуін қамтамасыз ету; пәндер бойынша оқу бағдарламарына сәйкес педогогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана білу жолдарын басшылыққа ала алады.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, мәтіндегі ақпаратты «Төрт сөйлем» тәсілімен айтқызу мәтіннің өзіндік ерекшеліктерін анықтауға, мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, салыстыруына мүмкіндік береді. Тағы бір тиімді әдіс, ол — «Ішкі, сыртқы шеңбер». Бұл әдіс арқылы тілдік бағдар бойынша білімдерін жинақтау өте тиімді. «Ақылды алты қалпақ», «Ыстық орындық» т.б., ең бастысы сан алуан тиімді әдіс-тәсілдеріміз тың озгеріске әкеледі. Оқушыларға осы төрт дағданы (оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым) барынша жетілдіруге мүмкіндік берген дұрыс. Тақырыпты талқылау тиісті лексиканы қолдануды көздейді, соның негізінде жазбаша тапсырма орындауға жағдай жасайды. Мұғалімнің қойған сұрақтары жауап берген оқушының жауабы жаңа сұрақ тудыратындай болуы тиіс. Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білім алуы барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмыска тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі.
Тыңдалым — ауызша хабарламаларды, сөздер мен мәтіндердің мағынасын түсінуді, алдын ала бағалауды және ақпараттың негізгі және маңызды сәттерін анықтау мен әдеби нормаларды өзектендіруді қамтиды. Айтылым — сөздік қорды қолдануды, әңгімелеуді және тыңдалған немесе оқылған мәтінді сараптауды, ауызша өтініштерді құрастыру мен бағалауды және аудиобейне материалдар үшін негізделген дәлелдерді анықтайды. Оқылым арқылы оқушылар мәтін мен оқу стратегиясының типтерін түсінуге, негізгі ойды анықтауға, мәтіннің құрылымдық бөліктерін, мәтіннің стилі мен типін анықтауды, оқылған мәтін негізінде сұрақтар құрастыруды, әртүрлі деректерден қосымша ақпаратты айқындауды және мәтіндердің салыстырмалы сараптамасын қолдануды үйренеді. Жазылым — сипаттау құралдарын, материалдарды оқу және аудио, бейне материалдарды, грамматиалық және сөздік нормаларды, орфографиялық қағидаттар мен пунктуациялық нормаларды және шығармашылықты қолдана отырып әртүрлі стильдегі типтегі мәтіндерді құруды қарастырады. Бірақ, оқу үрдісі барысында сыныптан-сыныпқа көшуде оқытудың спиральділігі жүйеленбегендіктен, біршама қиындықтарға кездесуі мүмкін.
Дэвид Колбтың оқу циклі:
Оқудың бастапқы бірнеше күніндегі ықшамсабақтар «эксперимент» болып табылады және ол «рефлексия», талқылау кезеңдерімен ұласады. Оқу барысында мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасы шеңберінде жаңартылған теория «абстрактілі ұғынуды» ұсынады, ол оқудың кейінгі кезеңі – ықшамсабақта қолданылады. Бүкіл оқу барысында оқу цикілінің түрлі кезеңдері қайта қаралады.
Қазақ тілін үйрену үдерісінде оқушылар:
- қазақ тілінің әлеуметтік қызметін таниды;
- тілдік мәдениеттің әлеуметтік мәнін түсінеді;
- әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық, стилистикалық, пунктуациялық нормаларын, сондай-ақ, лексикалық бірліктердің дұрыс айтылып, жазылуын үйренеді;
- өз пікірін еркін, ашық білдіруге үйренеді (ауызша да,жазбаша түрде де);
- нақты жағдайларға сәйкес, қарым-қатынас дағдыларын қолдана алады. Абайдың жетінші қара сөзімен қорыта айтар болсақ:
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі — ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар — тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі — білсем екен дейді. Не көрсе, соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып көріп, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі — жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген құлшыныстан туған.
КАЛЫМОВА Куралай Сахановна,
Екібастұз қаласы №11 мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі