Home » Мақалалар » ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН БАСҚАРУДА БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН БАСҚАРУДА БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Адамды бір нәрсеге үйретуге болмайды,

 тек қана оған бұл жаңалықты өзі

 үшін ашуына көмектесуге болады.

 Галилео Галилей

Қоғам дамуы мен әлемдiк педагогикадағы өзгерiстер мектеп өмiрiне де елеулi әсер етуде. Өйткенi, мектеп қоғам өмiрiнiң айнасы бола отырып, қоғамдағы құбылыстарға тiкелей араласады және олардың маңыздыларын өз өмiрiне қабылдайды. Соның дәлелi ретiнде қазiргi мектептегi инновациялық үрдiстердi айтуға болады. Шығаршылықпен жұмыс iстейтiн iзденiмпаз мұғалiмдер өз практикасына бiлiм берудiң жаңа технологияларын батыл ендiруде, кейбiр жекелеген ұстаздар мен шығармашылық топтар өз бағдарламаларын дайындап, отандық және халықаралық грантарға қатысуда, көптеген педагогикалық ұжымдар тәжiрибе-сынақ жұмыстарын жүйелi жүргiзiп жатыр жән бұлардың көпшiлiгi нәтижесiз емес те. Өкiнiшке орай, осы құнды бастамалардың көпшiлiгi мектептiң жылдық және перспективалық жоспарларында көрiнiс таппаған, тапса да нақтылық жетiспейдi. Демек, мұның бәрi сыртқы ортада болып жатқан өзгерiстердiң жаңғырықтары болып табылады. Бiрақ, бұл мектеп өмiрiндегi өзгерiстер тек сыртқы әсерге ғана тәуелдi, оған iшкi ықпал болмайды деген сөз емес. Сол инновацияларды жоспарлы түрде жүргiзу кездейсоқ қателiктерден туындайды.

Арнайы әдебиеттерде “Менеджмент немесе басқару қызметi негiзгi төрт функцяны қамтиды, олар: жоспарлау, ұйымдастыру, диагностикалау және бақылау” деп жазылған. Осы басқару функцияларының ең бiрiншiсi жоспарлау болып табылады. Бұл – кез келген iс-әрекеттi жүзеге асыру жоспарлаудан басталады деген сөз. Дегенменен, жүргiзiлген зерттеулер мен өткiзiлген өзара пiкiрлесулер мектеп басшыларының көпшiлiгi жоспарлаудың басты ұстанымдары мен негiзгi қағидаларын, оңтайлы формалары мен тиiмдi әдiстерiн, маңызды бағыттары мен мәндi ерекшелiктерiн бiлмейтiнiн, нәтижесiнде жылдық жоспардағы көптеген мiндеттер мен iс-шаралардың орындалмайтынын, орындалса да сапасы төмен болатынын көрсетiп берiп отыр.

Дұрыс жоспарлаудың маңызы туралы көптеген ғалымдар өз еңбектерiнде айтып жүр. Солардың бiрi мынадай мысал келтiредi: банкротқа ұшыраған 100 фирманы зерттеу барысында барлығына ортақ бiр кемшiлiк – оларда стратегиялық жоспарлаудың жоқтығы немесе нашарлығы екендiгiн байқаған. Әрине, бұған кейбiр директорлар “Бiлiм беру – өнiм өндiретiн, сапасы санымен өлшенетiн сала емес” деген уәж айтуы мүмкiн. Алайда, өркениеттiң көш басындағы елдердiң бiрi Жапонияда барлық салада негiзiнен 1-2 жылға емес, тiптi он, жиырма да емес, 50 немесе 100 жылға жоспар жасайтынын ұмытпауымыз керек.

Сол жағдайды ескере отырып, мұғалім білім беру жағдайында оқу үрдісін диагностикалау арқылы білім сапасын қамтамасыз етуге қол жеткізеуі тиіс.

Жыл қорытындысын талдау — мұғалiмнiң күнделiктi жұмысындағы көптеген жалпы ақиқаттан жеке фактiлерге ауысу логикасын көрсету өзегi.

Сауатты, терең жасалған диагностикалық талдау әр мұғалiмнiң өз сабағының сапасы мен оқушылардың бiлiм сапасы арасындағы байланысты көруге және өз еңбегiне сырт көзбен баға беруге мүмкiндiк бередi, мұғалiмнiң жiберген қателiктерiн қайталамау жолдарын көрсетедi.

Мұндай сауатты, терең талдау болмаса, мектеп басшылары да, педагогикалық ұжым және жеке мұғалiм де ненiң дұрыс, ненiң бұрыс екенiн, кемшiлiктердiң себептерiн, ұжымның жеке, жалпы iстерiнiң нәтижелерiн және келешекте кеткен кемшiлiктердi болдырмау жолдарын бiлмейдi. Бұл ұжымды ең қатерлi жағдай – жайбарақаттылыққа әкелiп соғады. Оқу жылына қорытынды жасаудың жинақталған, жүйеге келтiрiлген, классификацияланған мәлiмет базасынсыз iске асыру мүмкiн емес.

Педагогикалық талдаулар iшiндегi мұғалім үшiн ең күрделi оқу жылына талдау жасау, яғни педагогтың тек әдiстемелiк дайындық қана емес, сонымен бiрге талдау объектiсiн жан-жақты бiлудi талап етедi. Әрине, барлық оқу – тәрбие үрдiсiнде барлық жұмыстардың нәтижесi мен дамуын талдау мүмкiн емес. Сондықтан талдау объектiлерiн негiзгi бөлiктерiн ғана анықтау керек. Осы объектiлердi блоктарға топтау қажет. Блок дегенiмiз белгiлi бiр мақсаттарға бағытталған жүйе. Осындай блоктардың бiрi:

Педагогикалық қызмет жүйесін диагностикалау

Мұғалімнің педагогикалық іс-тәжірибесін диагностикалық тұрғыдан зерттеу төмендегі бағыттарды қамтиды:

  1. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы.
  2. Таным заңдылықтарын терең түсінуі.
  3. Психопедагогикалық біліктілігі мен әдістемелік шеберлігін тұрақты жетілдіріп отыруы.
  4. Өзінің педагогикалық қабілеттерін дамытуы.
  5. Педагогикалық техникасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысы.
  6. Жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі мен білім берудің жаңа технологияларынан хабардар болуы.
  7. Жеке оқушылар мен сынып ұжымдарын жүйелі зерттеп отыруы.
  8. Жаңа буын оқулықтары мен мемлекеттік бағдарламаларды оқып-үйренуі.Сонымен қатар білім сапасын арттыруда мұғалімдермен диагностикалық зерттеулерді жүргізу арқылы төмендегі сұрақтар кою арқылы анықтауға болады:

Осы педагогикалық қызмет жүйесін диагностикалау арқылы мұғалімнің педагогикалық іс-тәжірибесін диагностикалық тұрғыдан бағыттарын айқындауға болады. Білім беру саласындағы әртүрлі іс-әрекеттерді жүйелі түрде қолдана отырып, білім беру сапасын арттыруды қамтамасыз етуге қол жеткіземіз.

Сонымен қатар білім сапасын арттыруда мұғалімдермен диагностикалық зерттеулерді жүргізу арқылы төмендегі сұрақтар кою арқылы анықтауға болады:

Мұғалiмдермен диагностикалық зерттеулер жүргiзуге арналған

сұрақтар

  1. Түрлi жүйедегi қазiргi сабақтың әдiстемесiн игеру: а)жинақталған сабақ. ә)лекция – сабақ. б)семинар. в)конференция. г)концультация – сабақ. д)қоғамдық бiлiм байқауы. е)конкурс – сабақ. ж)диспут – сабақ.
  2. Үй жұмысын тексеру: а)оқушылардың бiлiмiн тереңдету мен кеңейту. ә)бiлiмдi активтендiру.
  3. Алған бiлiмiдi бекiту – бiлiк-дағды қалыптастыру, байланыс орнату жолы.
  4. Сабақ үстiнде өз бетiмен iстелетiн жұмысты ұйымдастыру – бiлiм деңгейiн көтерудiң алғы шарты. Оқушылардың өз бетiнше шығармашылық ойлау қабiлетiн қалыптастыру.
  5. Оқу – тәрбие процесiнiң тиiмдiлiгiн көтеру мақсатымен сабақтағы жұмысты бiркелкi топтарға бөлу.
  6. Әр сабақта жұмысты тиiмдi әдiс-тәсiлдерi негiзiнде оқушылардың бiлiм дағдысын қалыптастыру.
  7. Оқушылардың бiлiмiндегi кемшiлiктердi алдын-ала ескерiп, оны жоюға жағдай жасау.
  8. Күнделiктi бiлiмдi қадағалау және тақырыптық бiлiмдi тiркеу.
  9. Қорытынды бiлiмдi есепке алу.
  10. Жалпы бiлiм алуды, бiлiк-дағды мен iскерлiктi қалыптастыру.

11.Оқулықпен және де басқа қосымша әдебиетпен жұмысты ұйымдастыру.

12. Тiл мәдениетiн дамыту: а)ауызша; ә) жазбаша.

13. Оқытудың тиiмдi, белсендi жолдарын қолдану.

14.Оқыту процесiнiң политехникалық және тәжiрибелiк бағытын күшейту.

15. Сабақтың тәрбиелiк мүмкiндiгiн тиiмдi пайдалану.

Қазiргi уақытта қоғам, мәдениет және бiлiмнiң дамуында педагогикалық қызметтiң диагностикалық бағыттылығының қажеттiлi бiрқатар жағдайлардан көрiнiп отыр.

Бiрiншiден, әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстер әр түрлi оқу орындарында бiлiм жүйесiнiң, оқу-тәрбие процесiнiң методологиясы мен технологиясын, ұйымдастыруды түбегейлi жанартуды қажет еттi. Мұғалiмдер мен тәрбиешiлер қызметiнiң диагностикалық бағыттылығы, өзiне педагогикалық жаңалықтарды жасауды, игерудi және пайдалануды қамти отырып, бiлiм беру саясатын жаңару құралы болып табылады.

Екiншiден, бiлiм беру мазмұнын гуманизациялаудың күшеюi оқу пәндерi көлемiнiң, құрамының үздiксiз өзгертуiн, жаңа оқу пәндерiн енгiзудi, үнемi жаңа ұйымдастыу түрлерiн, оқыту технологияларын ұдайы iздестiрудi талап етедi. Осы жағдайда мұғалiмдер ортасында педагогикалық бiлiмнiң беделi мен едәуiр өседi.

Үшiншiден, мұғалiмдердiң фактiсiне және педагогикалық жаңалықта игеру және қолдану фактiсiне көзқарасы өзгередi. Оқу – тәрбие процесi мазмұнының қатаң шектеулi жағдайында мұғалiм тек жаңа бағдарламаларды, оқулықтарды өзiндiк таңдауда ғана емес, сонымен бiрге жаңа тәсiлдер мен әдiстердi педагогикалық қызметте қолдануға да шектеулi болады. Егер бұрын инновациялық қызметке негiзiнен жоғарыдан ұсынылған жаңалықтарды қолдану ғана саналса, ал қазiр ол терең зерттеушiлiк сипатқа ие болып отыр. Сондықтан мектеп басшыларының, бiлiм беру басқармасы органдары жұмысының ең басты бағыты мұғалiмдердiң енгiзген педагогикалық диагностикалық талдау мен бағалау, оларды ойдағыдай әзiрлеу мен қолдануға жағдай жасау болып табылады.

Төртiншiден, бiлiм беру оқу орындарының нарықтық қатынасқа кiруi жаңа үлгiдегi оқу орындарын, соның iшiнде мемелкеттiк емес те, құру, бәсекелестiкке жету мақсатында олардың дамуы мен жетiлуiне нақты жағдай жасайды.

Қорыта келе, педагог тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына диагностикалық қызмет жүйесінің ерекше ықпал ететіні сөзсіз және әрбір әдіс – тәсілдің ұстаздар үшін маңызы зор. Оқушыларға сапалы білім берумен қатар ұлттық құндылықтарды ұштастыра тәрбие беру – әрбір мұғалімнің міндеті. Мұғалім өз тәжірибесінде педагогикалық технологияның жаңа әдістемелерін пайдаланып, жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеуде педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып отыруы керек. Қайсыбір жаңа қызмет түрінің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру екені даусыз.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Т.Н.Макарова: Планирование и организация методической работы в школе. М.: Центр «Педагогический поиск», 2001.
  2. Т.С.Полякова: Анализ затруднений в педагогической деятельности начинающих учителей. М.: Педагогика, 1983.
  3. Б.А.Әлмұханбетов, Я.С.Бенцион: Педагогикалық кадрлармен әдiстемелiк жұмыс: келелi мәселелер, тәсiлдер, шешiмiн iздеу. Алматы, 2002.
  4. Ш.Таубаева: Формирование исследовательской культуры учителя. Алматы, 1996.
  5. А.А.Жайтапова: Научно — методическое обеспечение профессионального роста учителей на этапе перехода к модели образования, ориентированного на результат. Алматы, 2004.
  6. .И.П.Подласый: Педагогика. Новый курс: учебник для студ.педвузов: в 2 кн.– М.: Гуманит.Изд.центр ВЛАДОС, 1999. Кн.1: Общие основы. Процесс обучения.

 

Кусейнов Серик Абсадыкович

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша

педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру

институтының аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.