Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Орталық Қазақстанның экономикалық ауданы

Орталық Қазақстанның экономикалық ауданы

Мектеп: Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі коммуналдық-мемлекеттік мекемесіПән мұғалімі: Шокатова Галия ШукеновнаПәні: географияСыныбы: 9 «А»
Сабақтың тақырыбыОрталық Қазақстанның экономикалық ауданы
Сілтеме Жоспар, оқулық,қосымша мәліметтер
Жалпы мақсатыОқушыларды   Орталық     Қазақстанның ЭГЖ, табиғат ресурстары, халқы, зерттелуімен таныстыру
Күтілетін нәтижеБарлық оқушылар: Орталық Қазақстан   ауданы туралы біледіКейбір оқушылар: Орталық ЭГЖ, табиғат ресурстары,халқы туралы түсініп сипаттай   аладыЖекелеген оқушылар:   Орталық Қазақстанның ЭГЖ, табиғат ресурстарына баға беріп болашағы   туралы талдау   жасай   алады
Негізгі идеялар Қарағанды облысы

Ауданы 428 мың км²

Халқы 1339 мың адам

Орташа тығыздығы:3,1 адам/км²

Орталық Қазақстан — республикамыздағы су жетіспейтін аймақтардың бірі, теңіздерден қашық жатуымен бірге ірі өзендері де жоктың қасы. Бірақ минералды ресурстарға бай аймақтың бірі.Сарыарқа жері пайдалы казбалардың көмбесі десе де болады. Мұнда- көмір, темір кені, мысмарганецалтын, күміс, мұнай жөне т.б. пайдалы қазбалар кездеседі. Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлылығы орталықта орналасуында, яғни барлық экономикалык аудандармен шектеседі. Пайдалы казба кен орындарына жақын орналасқан, аумағы транзит жолының үстінде және көлік қатынасы жақсы дамыған. Аудан шекарасының басқа республикалармен шектеспеуі ауданның сыртқы байланысының дамуына, ал климатының куаң болуы ауыл шаруашылығын өркендетуге қолайсыз әсер етеді. Климаты шұғыл континенталды, қысы суық, боранды желдер жиі болып тұрады. Жылдық түсетін жауын-шашын мөлшері шамамен 250 мм Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 160 күн. Осындай агроклиматтық жағдай ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға кері әсерін тигізуде

Оқыту құралдарыҮлестірмелер, Қазақстанның     физикалық   және   экономикалық   картасы. Құрманғазының «Сарыарқа» күйі, Интербелсенді тақта, слайдтар
Әдіс — тәсілдерСыни тұрғыдан ойлауға  сұрақтар

«Миға шабуыл» Құрманғазының «Сарыарқа» күйі

Топпен жұмыс

Үй тапсырмасы1.      Географиялық диктант (Ия/жоқ)

2.      Аумақтық   ұйымдастыру дегеніміз:

3.      Мамандану дегеніміз:

4.      Өндірістің маманданған салалары:

5.      Қызмет көрсету салалары

6.      Өнеркәсіп орталықтары

7.      Қазақстанның экономикалық   аудандары

 

Мұғалімнің   іс-   әрекетіОқушының іс- әрекетіБағалау
Ұйымдастыру

5 мин.

Қызығушылықты ояту   «Миға шабуыл»

Оқушылардың назарын сабаққа бағыттау, психологиялық ахуал тудыру.

Сабақтың   мақсатын   айту .

Орталық Қазақстанға   қандай   облыстар   кіреді?

Картамен жұмыс

 

 

 

 

 

Негізгі   бөлім

 

 

 

 

 

Топтық   жұмыс

Мәтінмен жұмыс жасау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы   мәліметтермен   танысу

Қарағанды облысы

Ауданы 428 мың км²

Халқы 1364189   адам

Халықтың   орташа тығыздығын есептеп шығару:

Халық санын/ жер   көлеміне   бөлу

Орталық   Қазақстанның   урбандалуы неге   жоғары?

/Ой толғау/

Топтық   жұмыс:

1 топ:

Орталық Қазақстанның ЭГЖ, табиғаты

−        Ерекшелігі

−        Кемшілігі

−        Көршілері

−        Табиғат жағдайлары

2 топ:

Табиғат   ресурстары:

—          Топқа бөлу (жанатын, кенді, кенсіз)

—          Ірі кен орындары

3 топ:

Халқы

−        Саны

−        Тығыздығы

−        Ұлттық құрамы

−        Урбандалу деңгейі

−        Қала халқының басым болу себебі

4 топ

Қ. Сәтбаев зерттеулері

— Ғылыми еңбектері

— Ашқан кен орындары

— Ғалым зерттеулерінің экономикалық маңызы

А)Оқушылар тақырыпты жазып алады

 

 

Тапсырманы дәптерге жеке     орындайды.

 

 

 

Топпен   жұмыс   жасайды.

Атласпен жұмыс жасай отырып   берілген   кескін картаға   түсіреді.

Ортаға шығып   берілген тапсырманы түсіндіріп   береді

 

 

 

 

Картамен   жұмыс жасайды

 

 

 

 

 

Жұмыс дәптермен   жұмыс жасайды.

 

Бір-бірлерінің пікірлерін тыңдап, сын пікірлер мен өздерінің ойларын ортаға салады, топ пен топ бағалайды.

 

 

 

 

 

Топтар   бір бірін   бағалайды

Сабақты қорытындылау

3 минут

Рефлексия

 

 

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру

Ойын «Үшінші артық»

Карағанда, Теміртау, Ақтөбе
• Марганец, көмір, хром
• Балқаш, Орал, Нұра
• Қоңырат, Доссор, Саяқ
• Бұқтырма   су қоймасы, Самарқанд су   қоймасы, Жезді су қоймасы
• Қара металлургия, мұнай өңдеу , түсті металлургия
«Менен   сұрақ, сенен   жылдам жауап»:

1.       Орталық Қазақстанның ЭГЖ   қандай

2.       Орталық Қазақстан   қандай экономикалық аудандармен   шектеседі?

3.       Орталық   Қазақстан     қандай табиғат ресурсына   бай?

4.       Аудан халқының   саны қанша?

5.       Ертіс –Қарағанды   каналы не   үшін салынған?

Орталық   Қазақстан     экономикалық ауданы

§37

 

 

.

 

Оқушыларға   берілген кеспе   қағаздарға   рефлексияны толықтырады

 

«Чемодан» —   бүгінгі сабақтан   өзіме көп   мәліметтер алдым

«Қоқыс жәшігі»- бүгінгі сабақтың   маған бергені   шамалы болды, маған бұл мәліметтер бұрыннан   да белгілі

«Еттартқыш» — бүгінгі     сабақтан өзіме пайдалы   көп мәліметтер алдым,     және осы   мәліметтерді одан   әрі толықтыру үшін     ізденемін

 

 

 

 

 

Сабақты бағалау

 

 

 

Оқушыларды бағалау

 

 

 

Шокатова Галия Шукеновна,
Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды балаларға арналған
№9 «Зерде» мектебі коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің
география пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.