Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады. (Конфуций)
Қазіргі заман талабына сай жаңашыл атанғысы келетін әрбір мұғалім рухани жағынан ғана дамып қоймай, педагогикалық әдіс-тәсілдердің барлық түрлерін терең меңгерген білікті маман болуы бүгінгі күннің басты талабы емес пе?! Міне, сондықтан да Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасы бойынша оқыту мен оқуда үлкен жаңалықтармен қоса ұстаздар қауымына үлкен жауапкершіліктер артып отырғаны белгілі . Мұның дәлелі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-ауқатының артуы Қазақстан халқына жолдауында білім мен ғылымды дамыту мәселелерін көтеруі. Білім берудегі негізгі өзекті мәселесі жан-жақты заманауи тұлға тәрбиелеу болып табылады» дегендігін атап өтудің өзі де жеткілікті шығар.
XXI ғасырдың қарқынды ілгерілеу ырғағына қатар ілесу үшін өзара тығыз оқушылардың өз бетінше оқу дағдыларын дамыту аса маңызды болып табылады. Бағдарлама аясындағы ең өзекті деген мәселелерге назар салу керектігі оның ішінде әсіресе балалардың тілдік дағдысын қалыптастыру. Сонда ғана білімнің де танымдылығы одан әрі арта түсері анық. Жаңартылған әдіс-тәсілдерді қолдану, оны сабақтарда тиімділікпен пайдалана алу – оқушылардың өзіндік дамуы мен өз біліміндегі кемшін тұстарын байқауына, рефлексиялық тұрғыдан өзіне өзі есеп бере алатын жағдайға жеткізілуін көздейді. Сонымен қоса күнделікті сабақтарда тақырыпты мұғалім меңгертіп түсіндіргеннен гөрі, әлеуметтік өзара әрекеттестікпен бірігіп топпен оқу тиімді екедігіне, яғни, Мерсер айтқандай «құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас ерекше рөл атқаратынын» атап кетсек те болады.
«Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы- келешек көкжиегі» екендігіне Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында білім алу барысында көзіміз жетті десем де артық айтқандық емес. А.Б.Перкезе: «Өз эрудиясын кеңейту, сабақта қолдану үшін үнемі жетілдіру, заман талабына сай көштен қалмай өзгеріп отыру- мұғалімнің басты қасиеті болуы тиіс»,- деп атап өткен сөздерге бейжай қарамау керек сияқты .
Демек, аталған бағдарлама аясында жұмыс жүргізу, мұғалімдердің шеберлігін барынша шыңдайтын, әр пән оқытушыларының білім көкжиегін кеңейтуге жол салу мақсаты туындайтындығы сөзсіз. Осы жерден алғандарымды алдағы уақытта өзімнің тәжірибемде қолдану арқылы әрі қарай шыңдауға жақсы түрткі болады дей аламын. Білім беру үдерісінде жаңа тұрғыдан түрлендіріп сабақ өткізуді жоспарлап отырмын. Мүлдем басқаша көзқарас пайда болып, өзгеруге барынша ұмтылармыз деуге де, осындай білімді шыңдайтын орталықтардың арқасында, өзім үлкен жетістіктерге жететініме кәміл сенемін!
Смадиярова Мадина Арипбаевна
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
№ 10 «Қ. Сәтбаев атындағы» ЖОМ КММ
ОҚО Мақтарал ауданы Атакент қалашығы