Home » Ашық сабақтар » Орманға саяхат

Орманға саяхат

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін бекіту.Қыс мезгілінің ерекшеліктерін ажыратып әңгімелей білуге үйрету.Ертегі кейіпкерлерін ажыратып,оларға тапсырма орындауға көмектесе білуге баулу.Берілген тапсырмаларды мұқият  тыңдап,толық орындай білуге,ұқыптылыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері.

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнекей бәріміз,

«Сәлем» дейік үлкенге.

Қайырлы таң.

Доброе утро.

Гуд мониң.

Қыс мезгілі туралы жұмбақ жасыру.

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып, бет домбығып,

Сырғанап жастар ойнайды.

(Қыс)

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар? (Үш ай бар)

-Қалай аталады? (Желтоқсан,Қаңтар,Ақпан)

(Декабрь,Январь,Фебраль)

(December,(January),(February).

(Десембэ), (Джануари), (Фебруари).

-Қыс мезгіліндегі  ауа райында қандай өзгерістер болады?

-Адамдар қалай киінеді?-Қыста қандай ойын ойнаймыз?

-Балалар  қысқы орманға саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма?

-Олай болса тез-тез киініп алайық (әуенмен бас киім, қолғап, шарф, аяқ

киім, куртка киген қимылдарын жасайды)

-Көзімізді жұмып орнымыздан айналамыз.

-Міне, балалар орманға да жетіп қалдық.

-Қысқы орман қандай әдемі!

(Қысқы орман бейнесі алдын ала дайындалған)

-Балалар, қараңдаршы мына жерде не тұр, не көріп тұрсыңдар? (Үйшік)

-Дұрыс айтасыңдар, бұл жәй үйшік емес, қай ертегідегі үйшік?

(«Үйшік» ертегісіндегі)

-Олай болса осы маңда ертегі кейіпкерлері де бар шығар.

Осы кезде тышқан шығады, үйшіктің жанына барып:

-Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл  үйшікте  кім бар?-деп сұрайды.

-Балалар тышқан үйшікке  кіру үшін, сендер тапсырма орындау керексіңдер. Мына жерде жатқан іздердің арасынан қоянның ізін тапсаңдар,қандай тапсырма орындау керектігі  белгілі болады (бір бала шығып қоянның ізін тауып көрсетеді)

1.Қыс мезгілі туралы тақпақ білесіңдер ме?

«Қыс» өлеңін айтады.Тышқан үйшікке кіріп өмір сүріп жатады.

Бір күні үйшіктің жанына секіріп бақа келеді.Ол да: «Сүп-сүйкімді,кіп-кішкентай бұл  үйшікте кім бар? -деп сұрайды.

-Балалар, бақа үйшікке кіру үшін тағы тапсырма орындау керекпіз.

-Енді түлкінің ізін тапсаңдар,қандай тапсырма орындайтындарың белгілі болады (бір бала шығып,түлкінің ізін тауып көрсетеді)

  1. Тура және кері беске дейін сана

Балалар тапсырманы  орындап болған соң,тышқан шығады.

— Мен тықырлауық  тышқанмын.

— Сен кімсің?

— Мен бақылдауық бақамын.

Кел екеуміз бірге тұрайық. Бақа да үйшікке кіреді.

Бір күні үйшіктің жанына ытқып-ытқып  қоян жетеді.

Ол да: «Сүп-сүйкімді,кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? -деп сұрайды.

— Балалар, үйшікке қоян да кіру үшін сендер тағы да бір тапсырма орындау керексіңдер.Аюдың ізін тапсаңдар қандай тапсырма орындайтындарың белгілі болады (бір бала шығып аюдың ізін тауып көрсетеді)

Балалар, сендер жаңылтпаш айта аласындар ма ? Кәне, қанша жаңылтпаш білетіндеріңді көрейік.

  1. 3. Жаңылтпашты жатқа айт.

Исмайл:         Ян-ян-ян жүгіріп жүр қоян,

Ян-ян-ян бұл қоян емес, шаян.

Аделя:           Шын еңбекші-өрмекші,

Өрмекші-шын өрнекші.

Диляра:            Даланы қар жабар,

Қарға балалар аққала қалар.

А.Алина:          Ойын десе есі жоқ,

Бір сабақтан бесі жоқ.

Жамал:            Қыста құлағым үсіп кетті,

Үсіп,ісіп кетті.

Жанерке:          Қызым жүзім же,

Жүзім үзіп же.

Инабат:             Сорпа іштік,сорпа ыстық,

Сондықтан қорқа іштік.

Бейбарыс:         Топ бала топтана,

Қуып жүр допты ала.

Нұрбақыт:         Ақ тай ақ па?

Қара тай ақ па?

Мадина:                 Жағажай,

Жағажайда Қамажай.

Ақұштап:               Төсек үстінде төрт бөрік,

Төртеуі де көк бөрік.

Алан:                      Тұз-мұздай,

Мұз-тұздай.

Анира:                   Тақпақ жатта.

Жатқа жатта.

Амаль:                   Екеуінің жасы шамалас,

Бірінің шашы-қара шаш,

Бірінің шашы-ақ шаш.

Үйшіктен  тышқан мен бақа шығады.

— Мен тықырлауық тышқанмын,

— Мен бақылдауық бақамын.-Сен кімсің?

— Мен қорқақ қоянмын!

— Кел бәріміз бірге тұрайық.Үйшікте тышқан,бақа,қоян үшеуі тұрып жатады.Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді.Ақырын басып жақын келіп,терезесін қағады да:

— Сүп-сүйкімді,кіп-кішкентай бұл  үйшікте кім бар?-деп сұрайды.

— Балалар үйшікке түлкі кіру үшін де сендерге бір тапсырма бар.

— Сендер қасқырдың ізін тапсаңдар,қандай тапсырма орындайтындарың белгілі болады (бір бала шығып қасқырдың ізін тауып көрсетеді)

  1. 4. «Ертегілерді ретімен орналастыр»

Балалар үстел үстіне жақындайды,үстел үстінде ертегі кейіпкерлері берілген.Сол кейіпкерлерді ретімен орналастырып,әңгімелеп береді.

Үйшіктен тышқан,бақа,қоян шығады.

-Мен тықырлауық  тышқанмын.

-Мен бақылдауық бақамын.

-Мен қорқақ қоянмын.

-Сен кімсің?

-Мен қу түлкімін.

-Кел,бәріміз бірге тұрайық –дейді тышқан.

Үйшікте тышқан,бақа,қоян,түлкі тұрып жатады.Олар ән салып,көңілді өмір сүреді. Үйшікке тілі салақтап,айналасына алақ-жұлақ қарап қасқыр жетеді,Ол есікті қағып,қырылдаған дауысымен: — Сүп-сүйкімді,кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?-деп сұрайды.

-Балалар, қасқыр үйшікке кіру үшін тағы бір тапсырма орындау керексіңдер.Ол үшін сендер бақаның ізін тауып беріңдер.Сонда қандай тапсырма орындайтындарың белгілі болады (бір бала шығып бақаның ізін тауып көрсетеді)

  1. 5. Сандарды нүктелермен сәйкестендір.

(Балалар тапсырманы үстел үстінде орындайды)

Үйшіктен тышқан,бақа,қоян,түлкі шығады.

— Мен тықырлауық тышқанмын!

— Мен бақылдауық бақамын!

— Мен қорқақ қоянмын!

— Мен қу түлкімін!

— Сен кімсің?

— Мен сұр қасқырмын!

— Кел бәріміз бірге тұрайық.

Қасқыр қысыла-қымтырыла ішке кіреді.Әйтсе де,кіп-кішкентай үйшікке бесеуі де сыйып кетеді.Барлығы қосылып ән айтады.Тату-тәтті өмір сүреді.Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді.Ол үйшікке жақын келіп,бар дауысымен:

— Сүйкімді,кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?-деп ақырады.

— Мен тықырлауық тышқанмын!

— Мен бақылдауық бақамын.!

— Мен қорқақ қоянмын!

— Мен қу түлкімін!

— Мен сұр қасқырмын!

— Сен кімсің?

— Мен қорбаңбай аюмын!

— Кел бәріміз бірге тұрайық.

Аю үйшікке кірейін десе басы сыяды да, денесі сыймайды.

— Мен ендеше шатырға шығып тұрайын-дейді аю.Үйшіктегілер: -Жоқ,жоқ үйшігіміз құлап қалады-деп келіспейді.

Аю тыңдамай шатырға шығады,сол кезде үйшік құлап түседі.Үйшіктен тықырлауық тышқан,бақылдауық бақа,қорқақ қоян,қу түлкі,сұр қасқыр да аман есен шығады.Олар аюға ренжімейді.Барлығы бірігіп әдемі үй жасайды.

— Балалар екі топқа бөлініп үстелдің жанына тұра қояйық.

— Біз бүгін қысқы ормандағы үйшіктің суретін саламыз.

Балалардың жұмысын қадағалау,түсіндіру,көмектесу.

— Қараңдаршы балалар қандай әдемі үлкен үй болды.

— Сендер салған үй қандай болды?

— Енді балабақшаға қайтайық.Көзімізді жұмып айналамыз.

— Міне, балабақшаға да келіп қалдық.

— Біз қайда серуенге бардық?   (Орманға)

— Орманда қандай ертегі желісімен тапсырма орындадық? («Үйшік» ертегісімен)

— Сендерге не ұнады?   (Балалар өз ойларын айтады)

— Балаларды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне белсенді қатысқандары үшін мадақтау.Жұлдызшалар тарату.

 

 

 

 

Бұлбұл Сәбитқызы Алдамжарова,
«№10 «Балапан»  бөбекжайы» МКҚК тәрбиешісі,
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.