Home » Балабақша » Орманға саяхат

Орманға саяхат

Білім беру саласы: Таным, Шығармашылық, Коммуникация, Әлеумет.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика, жапсыру, тіл дамыту, қоршаған орта.

Мақсаты: Балалардың ықылас зейінін, есте сақтау, қабылдауын дамытуға икемділікті арттыруға дағдыландыру. Қыс мезгілінің табиғатына бала қиялымен ұштастыру арқылы байланыстырып, сөйлеу шеберліктерін арттыру. Көмектесуге және достық қарым-қатынаста бола білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Шыршалар, сандар, түрлі-түсті жолақшалар, пеноплекс, қарлар, желім, түрлі –түсті қағаз, жасыл түсті жіп.

Әдіс-тәсілдері: Шаттық шеңбері, сұрақ-жауап көрсету, әңгімелеу, өлең айту, мадақтау.

Шаттық шеңбері:Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз.

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы таң апайлар

Қайырлы таң, балалар.

Сәлем саған Алтын күн!

-Жарайсыңдар, балалар!

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс.

-Қыс мезгілінде неше ай бар? Үш ай.

-Қыс мезгілінің ай аттары қалай аталады?

-Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.

-Қыста қандай ерекшеліктер болады?

-Қар жауады, боран соғады, күн суытады, аяз болады.

-Қыс туралы тақпақтарды кім айтады?

Тәрбиеші:Балалар бүгінгі біздің ашық оқу-қызметіміз күндегіден ерекше .Біз орманға саяхат жасаймыз.Орманға саяхат жасағыларың келе ме?

Балалар: Ия.

Тәрбиеші:Олай болса орманға барайық.Алдымызда екі жол бар екен. Біріншісі қысқа, ал екіншісі ұзын. Балалар қай жолды таңдаймыз?

Балалар: Қысқа жолды таңдаймыз.

Тәрбиеші: Қысқа жолдың түсі қандай?

Балалар: Қысқа жолдың түсі қызыл.

Тәрбиеші: Ол жуан ба, жіңішке ме?

Балалар: Жуан.

Тәрбиеші: Ал ұзын жолдың түсі қандай?

Балалар: Көк.

Тәрбиеші:Ол жуан ба, жіңішке ме?

Балалар: Жіңішке.

Тәрбиеші:Жуан әрі қысқа жолмен орманға барайық. Қараңдаршы мында хат жатыр сыртында «Ақмарал» тобына арналған деп тұр екен.Онда не жайлы жазылған оқимызба? Ия

-Құрметті «Ақмарал»тобы менің сендерге арналған тапсырмам бар. Егер тапсырманы орындасаңдар сендерге арналған сыйлығым бар.

Тәрбиеші: Олай болса орманға қарай жүрейік.(Осы кезде боранның, желдің дыбысы қар шашу) Балалар біз қайда келдік жаңағы ненің дыбысы? Боранның желдің.

-Орманда ауа райы қандай екен?

-Суық екен қар жауып жел соғып тұр.

-Балалар қараңдаршы мынау тұрған нелер екен?

-Шыршалар.

-Неше шырша бар екен санап жіберейікші?

-1,2,3,4,5

-Балалар шыршалардың көлемдері бірдейма?

Әр түрлі

Кім айтып береді?

-Биік-аласа.

-Биік шыршаларды кім санап береді?

-Аласа шыршаларды кім санап береді?

-Шыршалардың бәрін бірге санап жіберейік.

-Шыршаның түсі қандай?

-Шырша қысы жазы бір түсте жасыл болады.

Балалар ары қарай саяхатымызды жалғастырайық.Балалар мынау жатқан нелер?Аңдардың іздері.Олай болса қандай аңның ізі екенін, қандай аңға жолықтырар екен. Ізбен жүре берейік.

-Балалар қараңдаршы мынау отырған не екен?

-Аю.

-Аю сен неге көңілсізсің?

-Менің қыстайтын үйім жоқ, маған үйшік құрастырып бересіңдерме?

-Олай болса балалар аюға көмектесемізбе?

-Ия. Ал енді балалар осы үйшікке баспалдақ құрастырып берейік.

-Алдымыздағы жолақшаларды ретімен қою керек.Ұзыннан бастап қысқасына дейін.

-Ал енді баспалдақтарды санап алайық.

-Енді жолақшалардың түстерін ажыратайық.

-Аю рахмет балалар менің үйімнің баспалдағын құрастырып бердіңдер.

-Аққала кездеседі:Ой балалар менің жоғалтқан хатымды сендер тауып алып, тапсырмаларымды орындап келе жатыр екенсіңдер, менің сыйлығымды алғыларың келеме?

-Соңғы тағы тапсырмам бар.Мына тұрған аққаланы сыйпаттап беріңдер?

Тәрбиеші:Балалар бұл не екен?

-Аққала

-Түсі қандай? Ақ.

-Неден жасаймыз? Қардан.

-Жылдың қай мезгілінде жасаймыз? Қыста.

-Қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды? Домалақ, шеңбер.

-Аққала неше шеңберден құралған? Үш.

Сергіту сәті: Шынығамыз бәріміз.

Иіліп, бүгіліп, денеміз.

Хоккейді де ойнаймыз,

Шаңғыны да тебеміз.

Әрлі-берлі жол салып,

Қар лақтырып ойнаймыз.

Қорықпаймыз аяздан

Спортшы болмай қоймаймыз.

Тәрбиеші: Балалар ормандағы саяхат сендерге ұнадыма? Ия, олай болса ормандағы әсерімізді балабақшаға барып қағаз бетіне түсірейік.

1-орталық Қиылған жасыл жіппен шыршаны жапсыру.

2-орталық Пенапленмен аққаланы жапсыру.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар сендер барлық тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Бүгін біз қайда саяхат жасадық? Орманға.Бүгінгі саяхатымыз ұнадыма? Ия. Шыршаны санадық, түсін ажыраттық, аюға баспалдақ жасадық. Санадық, аққала жасадық, шыршаның суретін жапсырдық.

Ән: Шыршамызға арнаймыз.

 

Каипова Айгуль Жарылкасыновна,
«Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Балдырған» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиеші,
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.