Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Айналамен таныстыру
Мақсаты: Балаларға табиғат құбылыстары туралы түсіндіру. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Қыс мезгілі туралы балаларға білім беру. Балалардың денсаулықтарын сақтау туралы білімдерін кеңейту. Денсаулыққа пайдалы дәрумендермен таныстыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар:орманның көрінісі, түлкі, қоян, түймедақ шырыны, бал.
Сөздік жұмысы:түлкі-лиса, қоян-заяц, аю-медведь.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды гүліміз.
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң қонақтар!
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)
Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? (Күн суытады, қар жауады, боран, аяз болады)
Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнайсыңдар? (қар атысу, аққала жасау, шанамен ойнау)
Балалар бүгінгі оқу қызметіміз өте ерекше болмақ. Біз бүгін орманға саяхатқа шығамыз, орманға жету үшін автобусқа отырамыз. Балалар жолды қысқарту үшін бәріміз бірге ән салып барайық.
Міне балалар орманға да жетіп қалдық. Қараңдаршы орман қандай тамаша, исі қандай керемет. Қане балалар мұрнымызбен терең дем алайықшы.
Балалар орманда шыршалар өте көп екен. Мына шыршаның үстінде бірдеңе жүрген сияқты, қане бәріміз қарайықшы бұл не екен? (тиын)
Балалар көзіміздің қиығымен қарайықшы тиын оңға, солға, жоғары, төмен секіріп жүр. Тиынды бақылай отырып көзімізге жаттығу жасап алдық.
Саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.
Балалар мынау тұрған ненің апаны? (аю)
Балалар не жақсы көреді? (Бал)
Балдың ағзаға пайдасы өте көп. Атап айтқанда бал қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін, күш-қуатын қалпына келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарына пайдасы зор.
Балалар аю туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен,
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Жарайсыңдар, балалар! Саяхатымызды жалғастырайық.
Ғажайып сәт. Алдарынан секеңдеп қоян шығады.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер орманда не істеп жүрсіңдер? Адасып қалмадыңдар ма?
Жоқ, біз орманда саяхаттап жүрміз.
Балалар сендер білесіңдер ме, мен нені жақсы көремін?
Сәбіз.
Сәбіздің пайдасы қандай, білесіңдер ме? Мен сендерге сәбіздің пайдасы туралы айтып берейін. Сәбіз адам өмірі үшін аса бағалы дәрумендер мен минералды заттарға бай. Пайдалы қасиет сәбіз шырынында көбірек сақталады. Балалар сендер орманда саяхаттап шаршаған боларсыңдар барлығымыз бірге ән айтып, би билеп сергіп алайық.
Жарайсыңдар балалар, сапарларың сәтті болсын, қош сау болыңдар!
Балалардың алдарынан қу түлкі шығады.
Сәлем, балалар! Мені таныған боларсыңдар мен қу түлкімін. Мен сендерге түймедақ шырынын тарту етемін. Бұл шырынның емдік қасиеті өте зор. Бұл шырынды ішсек тамағымыз ауырмайды, жөтелмейміз. Шырынды балабақшаларыңа барып ішіңдер. Балабақшаға көңілді әуенмен оралады.
Балалар біз қайда саяхат жасадық?
Қандай аңдарды кездестірдік?
Балдың пайдасы қандай?
Қоян нені жақсы көреді?
Түймедақ шырынының қандай пайдасы бар?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Алькеева Гулназия Байзаковна,
Астана қаласы,
№34 «Ақ бидай» балабақшасының тәрбиешісі