Home » Ашық сабақтар » Орманға саяхат

Орманға саяхат

Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: Табиғат ерекшелігіне назар аударып, көрген-білгендерін айту, баланың тілін дамыту, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін ояту.
Әдіс тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.
Көрнекілігі: ойын, слайд, суреттер, үйлестірмелі материал.
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар шаттық шеңбер құрып, қолдарын ұстап, келген қонақтармен амандасады.

Балалар: Сәлем алтын күн,
Сәлем жер ана.
Сәлем жан досым,
Жылуыма жылу қос
Тәрбиеші: Өте жақсы! Балалар сендер саяхат жасағанды ұнатасындар ма?
Балалар: Иә
Тәрбиеші: Бүгін сендермен орманға саяхатқа барамыз. Орманда қандай аңдар бар, білесіңдер ме?
Слайд: Түлкі, аю, қасқыр, қоян, тиын, кірпі.
Балалар қайталайды.
Тәрбиеші: Орманда қандай өсімдіктер өседі?
Балалар: Саңырауқұлақ, таңқұрай, ағаштар өседі.
Тәрбиеші: Орманда қандай құстар бар екенін білесіндер ма?
Балалар: Үкі, қарға, бұлбұл.
Тәрбиеші: Өте жақсы, балалар. Енді біз саяхатқа шығайық. Бірақ біз қолымызға себет алайық, орманда бізге керек болып қалады. Қоянға сәбіз, аюға бал, тиінге жаңғақ, құстарға дән беруіміз керек қой.
Балалар: Иә!
Тәрбиеші: Қанеки, кеттік онда.
Ғажайып сәт: Жолда қоян ренжіп отырады.
Тәрбиеші: Неге қапалысын, кім сені ренжітті?
Қоян: Мені ешкім ренжіткен жоқ. Мен сәбіздерді теріп үлгермей отырмын. Менің балам жылап, жұмысымды істей алмадым (тірі қоян көрсетілді).
Тәрбиеші: Оған ренжіме, біз саған көмектесеміз.
Балалар егілген сәбіздерді теріп себетке салады, оны қоянға береді. Қоян сәбізді балаларына беріп, оларды тойдырады.
Қоян: Рахмет сендерге, балалар! Сендер өте мейірімді екенсіндер.
Тәрбиеші: Орманға саяхатқа шыққанымыз енді, күн батқанша бүкіл орманды саяхаттап болуымыз керек.
Қоян: Жолдарың болсын, балалар!
Ағаштар үстінде құстар сайрап тұр, тиын да бар.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдар, үкілер ұшып жүр. Келіңдер құстарға дән берейік. Біз құстарды ренжітпейміз, оларға тас лақтырмаймыз. Оларға дән саламыз, су береміз.
Балалар дәнді алып құстарға себеді, су құяды. Балалар, кім құстар туралы өлең біледі?
Алтынай: Хой-хой, чумчук жажжи куш
Шохда турмай пастга туш
Чирқиллайсан излаб дон
Мана сенга чумчуқ нон
Қорнинг туйса айтарсан
Сунг уйинга қайтарсан.

Тәрбиеші: Балалар білесіңдер ме, тиын нені ұнатады?
Балалар: Жаңғақты ұнатады.
Тәрбиеші: Онда, балалар, мына жатқан жаңғақты теріп тиынға берейік.
Жерде жатқан жаңғақтарды теріп оны тиынға береді, оның түсін айтып өтеді, тиынның кіп-кішкентай әдемі екендігін айтты.
Балалар тиынмен қоштасып жолға шығады. Қараса алдынан аюдың ізі шығады.
Тәрбиеші: Бұл кімнің ізі болды екен? Іздің соңынан барайықшы, бізді қайда апарады екен.
Қараса, аюдың үйі екен.
Тәрбиеші: Тыныш-тыныш, бұл аюдың үйі сияқты, ұйықтап жатқан шығар.
Балалар себеттегі қасықтарды алып, бір қасықтан екінші қасыққа ұрады және тоқылдатады.
Аю: Сәлем, балалар, мұнда не істеп жүрсіңдер?
Тәрбиеші: Біз балалармен орманға саяхаттап шықтық. Балалар, аю нені ұнтады?
Балалар: Аю балды ұнатады?
Тәрбиеші: Біз балалармен саған бал алып келдік. Балалар саған тақпақ жаттап келді.
Аю: Рахмет сендерге, балалар!
Балалар тақпақ айтады:
Аю отыр партада
Екі қолы қалтада.
Апай сабақ сұраса,
Ұйықтап қапты масқара.
Аю: Рахмет, балалар мен қуанып қалдым.
Тәрбиеші: Енді біз саяхатымызды жалғастыруымыз керек, сау бол, аю!
Аю: Сау болыңдар, балалар!
Тәрбиеші: Балалар, қараңдар жерде не өсіп тұр?
Балалар: Гүлдер өсіп тұр.
Тәрбиеші: Келіңдер онда, гүлдерді теріп алайық.
Балалар өсіп тұрған гүлдерді теріп, себетке салады.
Қараса, қасқыр ренжіп отыр.
Тәрбиеші: Қасқыр, саған не болды?
Қасқыр: Әжей пісірген бауырсақты түлкі жеп қойып, бізге жетпей қалды.
Тәрбиеші: Әәй, қу тулкі, сені алдап соғыпты ғой. Ренжіме, қасқыр, біздің балалар барлық орман аңдарына жететіндей бауырсақ жасап береді. Балалар бауырсақты қалай жасайды?
Балалар: Қамырдан жасайды .
Тәрбиеші: Өте дұрыс. Бауырсақты қамырдан жасап қасқырға береді. Қасқыр енді сен мына бауырсақты балабақша асханасына апар, пісіріп береді.

Сергіту сәті: «Көңілді күй»
Қасқыр піскен бауырсақты алып кіреді. Міне бауырсақ та дайын болды.
Қасқыр: Рахмет сендерге, балалар.
Балалар: Сау бол, қасқыр!
Тәрбиеші: Біз енді саяхатымызды жалғастырамыз. Кетіп бара жатса алдынан төнкеде отырған кемпір шығады.

Тәрбиеші: Амансыз ба, әже, неге бұл жерде отырсыз?

Кемпір: Амансыңдарма! Жол болсын?

Тәрбиеші: Біз орманды саяхаттап жүрміз. Көп аңдарды көріп үйрендік.

Кемпір: Ал мен саңырауқұлақ теріп жүрмін. Белім ауырып кетті, шаршап кеттім, біраз тынығып алайын дедім.

Тәрбиеші: Менің балаларым өте мықты, әрі шапшаң. Балалар сізге көмектеседі, солай ма балалар?
Балалар: Иә, көмектесеміз.
Балалар жерде жатқан саңыруқұлақты теріп, себетке жинаймыз.

Кемпір: Ой, балалар өте жақсы әрі мықты екен, рахмет сендерге, қарақтарым.
Мынау сендерге саңырауқұлақ печеньесі. Сау болыңдар!

Тәрбиеші: Енді біз өз өлкемізге қайтайық, балалар. Балалар сендер орман туралы не үйрендіңдер?
Балалар көрген нәрселерін айтты.
Тәрбиеші: Сонымен сабақ аяқталды. Сендерге менің сыйлығым бар. Балаларға саңырауқұлақ печеньесін берді.

Балалар: Рахмет апай!

Анварова Феруза Махсудовна
«Айша-Биби» бөбекжай-балабақша тәрбиешісі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы
Қарнақ ауылы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.