Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі:«Музыка»
Мақсат-міндеттері:
- Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ұлттық ойындар мен салт- дәстүрлерді қолдана отырып,жан жақтылыққа баулу.Ұлттық тәрбиенің маңызын педагогтар мен ата-аналар бойына сіңіруді жалғастыру.
Әдіс-тәсілдері:Әңгімелеу,сұрақ-жауап,түсіндіру.Ұлттық салт-дәстүрлерді көрсету.Ұлттық ойындарды ойнату.
Көрнекіліктер:Қазақтың салт-дәстүрлерінің слайды,суреттері,құрал-жабдықтары.
Балаларды саппен музыкамен кіргізіп, үш тілде амандасады.
Шеңбер бойына тұрып денелерін қыздырып алу үшін көңілді би қимылдарын жасап,орындарына отырады.
Музыка жетекшісі: Балалар біздер бүгін қазақ халқының салт-дәстүрі туралы ойын-сауық өткіземіз.
Қазақтың қандай тойларын білесіздер?
Балалар: Қырқынан шығару
Ат қою
Бесікке салу
Тұсау кесер т.б
Соның ішінен біз қазір «Тұсау кесер» рәсімін көрсетеміз
Көрініс: «Тұсау кесер»
Ән тыңдау: «Әлди ,Әлди»
Балалар, қазақтың ұлттық ойындарын білесіздер ме?
Балалар: Асық ату,Көкпар,Қыз қуу,Алтыбақан т.б
Қазақтың салт-дәстүрі.
Музыка жетекшісі: Балалар, қазақ халқының әр түрлі дәстүрлері бар, бұл халықтық мерекенің үлкен мәні бар. Біз бүгін сол дәстүрлердің бірі– «тұсау кесу» дәстүрімен танысамыз. Тұсау кесу рәсімі – сәби қаз тұрғаннан кейін, жылдам жүріп кетсін деген тілекпен жасалған ырым.Тұсауды көбіне тез, шапшаң жүретін үлкен кісіге кестіреді.Ол үшін алдын ала жіп дайындайды. Тұсау кесудің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары бар.
Олар:
- Көбейіп, көгере берсін деп шөптен есіп жасаған.
- Бай болсын деп, малдың тоқ ішегінен де өреді.
- Адал болсын деп, ала жіпті есіп жасаған.
(Ортаға әжемен бірге екі келіні немересімен шығады. Жерге ұзын ақ мата төсеп, тұсау кесу рәсіміне дайындалады. Екі келін сәбидің екі жағынан ұстап, әжеге келеді)
Әже: Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін, — деп әже немересінің тұсауын кеседі. (Жеңгелері қаз-қаз басқан сәбиді жүргізіп жіберіп, тілек айтады)
1-жеңге: Тұсауың кесілді құлама,
Тізеңді жаралап жылама,
Құлындай құлдырап жүгірші,
Кәнекей өзіңді сына да.
Әже: Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам,
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін, — деп әже немересінің тұсауын кеседі.
Жеңгесі тілек айтады.
Ұзақ болсын иншалла өмірің,
Тасысын шаттықтан көңілің.
Жарқырап күн санап өсе бер,
Жарқылдап семсердей сенімің.
(Әже немересінің қаз-қаз басқанына қуанып шашу шашады, отырған балалар шашу жинайды.)
Тәй-тәй басқан, таудай асқан баламыздың тұсауы кесіліп, болашағына жол ашқандай күй кешудеміз. Тұсауы кесілген кішкентай азаматымыздың өмірі мұңға, көңілі жырға бөленіп жүрсін! Жүрегі шуақты болсын, білегі қуатты болсын! –деп, балалардың орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.
«Орамал тон болмайды, жол болады» демекші, тойдан тобықтай деп тобымыздың сыйлығын таратамыз, қабылдаңыз.
«Тұсау кесер» әні.
Музыка жетекшісі: Енді балалар, батамен ел көгерер, үлкен кісілерден бата беруін сұрайық.
Ата: Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің,
Балам, балам, батыл бол!
Жауға шабар батыр бол!
Жамандықтан аулақ қаш,
Жақсыларға жақын бол!
Әумин!!!
Тәрбиеші: Ей балалар, балалар!
Енді маған қараңдар!
Наурыз тойын тойлайық,
Қызық ойын ойнайық! –деп мерекеде түрлі ұлттық ойындар ойналады екен, біз де қарап қалмадық. «Ханталапай» ойынын ойнауға балаларды ортаға шақырайық.
Ойын: «Ханталапай»
Мақсаты: Балалардың шапшаңдығын, қимыл-қозғалысын дамыту.
Тәрбиеші: Балалардың бұл тойға шашу ретінде дайындаған әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Наурыз келді, алақай!»
Тәрбиеші: Жасай берсін жаңа күн.
Туа берсін жаңа жыр!
Дүр сілкінтсін дала бір.
Құтты болсын жаңа жыл!
Құтты болсын Наурыз той! –дей, отырып, осымен «Тұсаукесер» тойымыз аяқталды, уақыттарыңызды бөліп тамашалағандарыңызға рахмет.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Музыкадағы көңіл күйді ажырата.
Игереді: Аспаптардың үнін танып, ажырата отырып, ойналу тәсілін,
Меңгереді: әуенге ілесіп ырғақпен қимыл жасау дағдыларын.
Айнур Еркінқызы Сергалиева,
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
№36 «Балақай» бөбекжайының
ІІ санатты музыка жетекшісі