Сабақтың мақсаттары:
- Оқушыларға ондық бөлшекті дөңгелектеудің ережесін есеп шығару кезінде қолдану арқылы білім-біліктіліктілігін қалыптастыру.
- Дөңгелектеудің ережелерін игерте отырып практикада кеңінен қолдануға және ойлау, есте сақтау, зейінділік қабілеттерін дамыту.
- Өз ойларын, пікірлерін тұжырымды түрде қорғай білуге, сыпайы қарым-қатынас жасауға, ұжымдық-топтық сезімді оятуға тәрбиелеу.
- Оқушылардың шығармашылық, іскерлік қабілеттерін арттыру, топтық жұмыс жүргізуге үйрету;
- Уақытты тиімді пайдалануға, өзін-өзі бағалауға дағдыландыру.
Оқыту нәтижелері:
- Топпен жұмыс жасай отырып, сабақты өз беттерінше меңгереді.
- Есеп шығаруда теорияны пайдалана алады.
- Топта жұмыс жасауға бейімделеді.
- Сыни тұрғыдан ойлай білулері артады, өз беттерінше ізденуге дағдыланады.
- Әдіс-тәсілдері:топтық, сұрақ-жауап.