Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту жөнінде білім беру. 26+34, 60-26 түріндегі жазбаша қосу және азайту тәсілдеріне түсінік алады.
2) Өз бетінше тапсырмаларды орындай білуге және жұмысына жауап беруге талпынады, ой қабілеттері дамиды.
3) Қ.И. Сәтбаев қаламыздың көрнекті жерімен таныстыра отырып, қаламыздың тарихи-мәдени орталықтары туралы түсінік алады. Туып өскен жеріне деген, Отанға, Туған жерге деген сүйіспеншіліктері артады және оны қорғауға тәрбиеленеді;
Көрнекіліктер: кесте, суреттер, Слайд — «Сәтбаев» қаласы», Автобус суреті, дидактикалық материалдар, Ойын жаттығу, Сергіту сәті слайд.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік. Түрі: саяхат сабақ. С/технология: СТО, НИШ.
Күтілетін нәтиже: 1. Математикалық тапсырмаларды орындау барысында қаламыздың көрнекті жеріне саяхатқа шығу арқылы қала өмірі мен оның тарихы туралы түсінік алады, Қ.И. Сәтбаев есімімен аталатынын мақтаныш ету және есеп шығару арқылы математика пәніне деген қызығушылық, сүйіспеншілік қабілеттері артады.