Ұлттық ойындар
Мақсаты: 1) Білімділік: Қазақтың ұлттық ойындарын білу, оларды ойнап үйрену;
2) Дамытушылық: Оқушының икемділігін, ептілігін, жылдамдам қимылдауын дамыту:
3) Тәрбиелік: Өзін-өзі басқаруға, адамгершілікке, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сөздер, тақия, асықтар, теңгелер, аттардың макеттері.
Шараның өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай сұрақ болса да,
Жауапсыз оны қоймайық.
— Балалар, сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?
— Ұранымыз қандай?
— ол не?
— талап, тәртіп, тазалық, тыныштық, татулық.
2. Негізгі бөлім
1) Таныстыру
Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
Қай ай?
Наурызда қандай мерекелер бар?
Кім көктем туралы өлең оқиды?
Мерекеде не істейміз?
Ойын ойнаймыз
Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
2) 1-ші ойын “Тақия тастамақ”
Біздің бүгінгі шарамыздың тақырыбы: Ұлттық ойындар. Ендеше бастайық. Балалар, орындықтарыңды алып, шеңбер құрып отыра қалыңдар.
Ойым бар бір ойын бастамақ,
Аты оның “Тақия тастамақ”.
Шеңберді айнала бастаймын,
Біреудің тұсына келгенде,
Білдірмей тақия тастаймын.-деп бір баланың басына тақия кигіземін де шеңберді айнала жүгіремін. Тақия киген бала қайта орнына келгенше қуып жетуі керек. Жете алмаса ол бастаушы болады. Ойын барлық бала ойнағанша жалғасады.
2-ші ойын. “Теңге алу”.
Ортада шеңберде орамалға түйілген “теңгелер”. Теңгелер саны қатысушы санынан біреуге кем. Музыка ойналғанда қатысушылар шеңберді айнала “атпен” шауып жүреді. Музыка тоқтағанда ортадағы теңгені алады. Бір қатысушы тек бір теңге ғана алады, кім ала алмаса ол ойыннан шығады. Қатысушы санына байланысты теңге саны да азаяды. Соңында бір теңге мен екі оқушы қалады. Кім соңғы теңгені алса, сол жеңеді.
3-ші ойын. Асық ату.
Ойын шарты: ортада шеңберде асықтар тігіледі. Әр балада өз сақасы болады немесе бір сақа белгіленген. Балалар белгіленген жерден асық атып, шеңберден асықты шығаруы керек. Шығарса, тағы атады. Шығара алмаса, асық қайта тігіледі де, келесі ойыншы ойнайды. Ойын кезегін асық иіру арқылы анықтаймыз. Асық түсу түрі: 1-ші алшы, 2-ші тәйкі, 3-ші шік, 4 бүк. Егер бірдей түссе сол ойыншы қайра иіреді.
Сонымен ұлттық ойындар өз мәресіне жетті.
Марапаттау.
Енді Наурыз мейрамына арнап көктем туралы ән айтайық.
Ән: Келді көктем.
Шара қорытындысы. Рефлексия. Балалар ойын ұнады ма?
— Қандай ұлттық ойындар ұнады?Сендер өте жақсы ойнадыңдар. Жарайсыңдар!
Омерзакова Разия Калиловна,
Астана қаласы әкімдігінің
“№1 арнайы мектеп-интернат” КММ тәрбиешісі