Home » Мақалалар » Омарова Б.Қ.Тәрбие тағылымдары

Омарова Б.Қ.Тәрбие тағылымдары

Еліміздің білім беру жүйесі мен өскелең ұрпақты тәрбиелеу жұмысы Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарлама тағылымдарына, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы даму» Жолдауының міндеттеріне негізделгені белгілі. Осындай бағыт, бағдар сілтейтін еңбектерге сүйене отырып, Қарағанды қаласының «№93 гимназия» КММ педагогтары жүйелі түрде тәлім-тәрбие мәселесінде нәтижелі ізденіс пен тәжірибені ұштастырып еліміздің ертеңі – болашақ қазақстандықтар санасына патриоттық сезім мен татулық, бірлік, берекелі еңбек, еңбеккер адамға деген құрмет қағидаларын сіңіртуде. «Елжандылық өз отбасыңнан басталады» деген философиясы кең ауқымды ақиқатты ұстанған сынып жетекшілер қазыналы кенді Қарағанды қаламыздың күніне орай түрлі іс-шаралар өткізуде. Солардың бірі Облыстық мемлекеттік мұрағат ғимаратында өткізілді.

Гимназия оқушылары назарына мұрағат мамандарының қаламыздың бой көтеру тарихы мен қаламызға қатысты тарих қойнауына кеткен латын графикасымен жазылған құндылығы жоғары тарихи жәдігерлер – шынайы құжаттар — туралы бейнефильм көрсетіп, алары мол мәлімет-түсініктеме бергені есте қаларлықтай. Әсерімен баурап алған тағы бір жағымды тұсы – «Латын әліпбиі – заман талабы» деген атпен ұйымддастырылған жылжымалы көрме болды. Балалар тамашалаған көрме материалынан сүйікті қаламыз, Қарағанды, туралы көне құжаттарды оқып, түсініп мол әсер алды. Ең басты нәтиже — гимназия оқушыларының зерттеушілік қызығушылықтарының оянуы. Тәрбие мен білімді ұштастыру деп осыны тану керек.

Омарова Б.Қ.
«№93 гимназия» КММ
директорының тәрбие жұмысы
бойынша орынбасары

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.