Қазақтың спортында да тасы бірде өрге домалап, бірде ылдиға құлдилайтын, жеңісі мен жеңілісі парлап жеккен аттай қатар жүретіндері көп. Ал, жиі-жиі олжа салатындар санаулы. Сонымен, дүниенің дидарын өзіне аударып, ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындары да басталды. Ақпанның дәл жетісі күні, дәл жұма күні. Қазақ үшін жұма — қасиетті күн, жеті — киелі сан болғанымен, көрші орыстың біз құсап, ырымдамағаны анық. Есесіне, «жеңісті күндерге жол ашар» — деп біз желпініп отырмыз.
Олимпиада ойындары төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс. Осы орайда әр төрт жыл сайын Қазақстан өзін әрдайым тек жақсы жақтардан көрсетіп, қоржынын алтын, күміс, қола медальдарына толтырып ойыншыларды жарқын жеңістерімен құттықтап, тұғырын көтереді. Қысқы жарыс басталмай тұрып, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Бірнеше күн қалды, Олимпиада ойындарының ашылуын асыға күтудеміз. Біздің спортшыларға табыс пен жеңіс тілеймін, медальдармен оралсын. Көз тимесін, егер ерте айтатын болсақ, көз тиіп кетуі мүмкін», — деді үкімет отырысында. Осы жолы отандастарымыз 9 ойын түрлерінен сыналады.
Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева олимпиада ойындарынының екінші күнінде Қазақстан спортын табысқа кенелтіп, қола жүлдегері атанды. Пхенчханда биатлоншы қыздар арасынан сайысқа қазақстандықтар да шықты. Командалардың қатарын толтырған биатлоншылар жүлделі орынға жақындай алмады. Галина Вишневская, Дарья Климина, Алина Райкова мен Ольга Полторанина әлемдік үздік 18 құрамамен сайысты. Алдымен жарысқа Галина Вишневская шықты.
Алғашқы нысанда көздеуде қателік жіберген жоқ, бірақ екінші ату кезінде үш оғы қиыс кетті. Қазақстан құрамасы бұл эстафетаны 14 орынмен аяқтады.
Жарыста мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында жекелей сайыстар да өз мәресіне жетті. Қазақстандық мәнерлеп сырғанау шебері Элизабет Тұрсынбаева қос бағдарлама бойынша 23-болып өнер көрсеткен қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 57,95 ұпай алып, қазірше 8-орынға жайғасты. Отандасымыз қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетіп,еркін бағдарламаға жолдама алды.
Қысқы олимпиада ойындарының аяқталуына небәрі 3 күн қалды. Аз ғана уақыт ішінде елімізді айтарлықтай тұрғыдан көрсетіп, отандастарының үмітін ақтап «тезірек, жоғарырақ, күштірек» деген ұранмен қолдап қоржынымызды медальдарға толтырып қайтады деп сенудеміз. Қай отандасымызды алмасақта, Қазақстанның туын басқа елдердің қасында жетімсіретпей желбіретіп, жеткен жетістіктері тарихта айтарлықтай болған ойыншылармызға мың алғыс.
Құтбанбаева Дана,
Халықаралық ақпарттық технологиялар
универсітінің студенті