Қызылорда облысында математикадан оқушылардың әртүрлі олимпиадалардағы нәтижелері бізді әзірге қуантпайды. Біріншіден оқушы мектептен жақсы білім алуы керек және оны өзінің кәсіптік қызметінде пайдалана алуы керек. Екіншіден оқушылар олимпиадалық стандартты емес есептерді шығарғанда логикалық түрде ойлануы керек.
Сыр бойынан шыққан атақты академигіміз Асқар Жұмаділдаевтың айтқан сөзі бар. «Математиктер екіге бөлінеді. Біріншісі есеп шығара алатындар және екіншісі есеп шығара алмайтындар». Оқушы мектепте жақсы оқығанмен де оны есеп шығара алатын деп айтуға болмайды. Оқушы өз ортасында білімі күшті, ал математика жолына түскен кәсіпқойлар арасында ол ортанқолды болуы мүмкін. Ол олимпиадалық есептерді шығара алмауы мүмкін. Ондай есептерді мұғалім де шығара алмауы мүмкін. Оқушыларға есеп шығара білуді үйрету деген күрделі мәселе.
1.Есептің берілгенін мұқият оқып қарастыру керек. 2. Ондағы шартты (не берілгенін) және қорытындыны (нені табу керек, дәлелдеу, салу керек) анықтау керек. 3. Есепті шығару үшін қандай жолды таңдау керек. 4. Есепті шығару керек. 5. Есепті шығарып болғаннан кейін оны зерттеу керек.Соңғы екі этап ең қиыны болады. Есепті шығарған аздық болады, есептің басқа шешімдері болуы мүмкін немесе болмауы мүмкін және ол жағдайларды міндетті түрде дәлелдеу керек. Егер дәлелдеуі жоқ болса, онда есеп шықпады.
Олимпиадаға дайындық та қазіргі кезде қиын мәселе болып бара жатыр. Ол үлкен шыдамдылықты, еңбекқорлықты қажет етеді. Одан оқушылар түгіл мұғалімдер де қашқалақтайды. Оқушыларымыз Республикалық олимпиаданың екінші (облыстық) кезеңінде орын алады да үшінші кезеңіне қатысып құралақан қайтады. Оқушылар нәтиже көрсету үшін облыста мұғалімдердің күшті құрамасы болуы керек. Математика пәнінен жылда мұғалімдер арасында Республикалық шығармашылық олимпиада өткізіледі. Өкінішке орай биылғы өткізілген VI шығармашылық олимпиадасына қатысуға облысымыздан құрама команда тіпті жасақталған жоқ. Келешектегі көрсеткіштеріміз бұлыңғыр болып тұр.
Математикадан олимпиадалық есептер шамамен отызға жуық тақырыптарға бөлінеді. Бір немесе бірнеше тақырыпты жақсы меңгерген мұғалім немесе оқушы басқаларынан әлсіз болуы мүмкін. Оқушыларды Республикалық олимпиадаларға дайындауды облысымызда орналасқан тынығу лагерьлерінде тұрақты түрде жүргізу туралы облыстық білім басқармасының биылғы бастамасы өте жақсы үдеріс. Бастамасы жаман емес және тоқтап қалмай жалғасын табуы керек. Облысымызға әрқайсысы 5-6 тақырыпты жақсы меңгерген бір топ мұғалім керек және олар осы семинарларды кезек кезек ауысып отырып жүргізіп отыруы керек. Мұндай семинарларды жүргізу үшін мұғалімдердің өзі кәсіби шеберліктерін үнемі жақсартып отыруы керек. Мұғалімдердің арасында да, оқушылардың арасында да бәсекелестік болуы керек. Онсыз Республикалық олимпиадаларда нәтижелеріміз болады деп айта алмаймын.Мектебімізде ҚызМу профессоры Жанмолдаев Бақытжан оқушыларды математикадан олимпиадаға дайындайды. Ол келгелі оқушыларымыз облыстық олимпиадаларда жүлделі орындар алып, Республикалық олимпиадаларға жолдамалар ала бастады. Қолымнан келгенше менде бұл жұмысқа қолұшымды беріп жатырмын. Бұрындары тек «KATEV» жүйесіне қарасты оқушылар ғана орын алып жатса, енді «ДАРЫН» жүйесінің оқушылары да орын ала бастады. Сең қозғалды. Келешек нәтижелі болады деп сенемін.
Былтырғы оқу жылында облыстық олимпиадаға келген бір есепке талдау жасауды жөн көріп отырмын. Бұл есеп олимпиадалық есептің стандартты болмайтынын, есеп шығару барысында дұрыс жолға түсу қаншалықты қиын болатындығын көрсетеді.Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі. 2017-2018 оқу жылы. 10 сынып. Барлық үшін шартын қанағаттандыратын барлық функцияларын табыңдар.Шешуі: Айталық болсын. . Бұл кезде үшін аламыз. орнына айнымалы ауыстырсақ, онда үшін
болады.Енді қоялық. Сонда үшін . Осыдан үшін . Мұнда . Демек үшін аламыз. Бұл жерде айта кететін нәрсе теңдеуі тек қана тура пропорционалдық үшін ғана орындалады. . Екінші жағынан үшін . Демек .
Сонымен үшін . Бастапқы теңдеуге қойсақ, онда . Яғни Ж:
Жиенбаев Шаймаганбет Байдусенович,
«Қызылорда облысы білім басқармасының
Еркін Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған
№ 4 облыстық мектеп – интернаты» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің математика пәнінің мұғалімі