Home » Мақалалар » ОЙЫН – БАЛА ҚАБІЛЕТІН КҮШЕЙТЕДІ

ОЙЫН – БАЛА ҚАБІЛЕТІН КҮШЕЙТЕДІ

Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгіндей динамика ғасырындағығ,оқу процесінде ойын алдындағы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға деген ынтасын, қызығушылығын арттырады.

Ойын дегеніміз не? Ойын дегеніміз баланы әдептілікке сауапттылыққа баулитын құралдың бірі. Ойын түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар,дене шынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар,дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойынның элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойын баланың ақыл ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын оятады.

Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жоспарланып, бала өмірінің әр кезеңі арқылы жетіле түседі. Баланың тілін дамыту үшін оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып түсінігін молайту қажет.

Ойын үстінде баланың түрлі қасиеті, қабілеті мен белсенділігі де көрінеді. Бұл туралы педагог А.С. Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асырылады. Ойын – балалар үшін айналадағыны танып-білу тәсілі. Ойын — бала әрекетінің негізгі құралы.

Айжан Қазбекқызы КАСЕНОВА,
«Балапан» бөбектер
бақшасының тәрбиешісі,
Аксу қаласы.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.