Home » Балабақша » Ойын арқылы балалардың есте сақтау қабілетін қалыптастыру

Ойын арқылы балалардың есте сақтау қабілетін қалыптастыру

Эссе

 «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның  шығармашылық  қабілетін дамытады.
Ойынсыз ақыл – ойдың қалыптасуы мүмкін емес».

В.А.Сухомлинский

Бүгінгі  күні  әлемдік  ақпараттық білім  деңгейін  көтерудің  тиімді  жолы – білім  беру саласын  толықтай ақпараттандыру. Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта  еңбек  етіп,өмір  сүретіндер-бүгінгі  жас ұрпақ , ұстаздар  оларды қалай  тәрбиелесе, Қазақстан  сол деңгейде болады. Сондықтан  ұстазға жүктелетін міндет  ауыр» деген  болатын. Қазіргі  заман  педагогінен тек  өз  мамандығының  терең  білгірі  болу  емес, тарихи  танымдық, педагогикалық-психологиялық  сауаттылық, саяси- экономикалық білімділік және  ақпараттық  сауаттылық  талап  етіледі. Сонда ғана заман  талабына сай  білім  беруде  жаңалыққа  жаны  құмар, шығармашылықпен  жұмыс  істейтін,оқу мен тәрбие ісіне белсене қатысатын, оқытудың жаңа  технологиясын шебер меңгерген , білігі мен білімі жоғары  тәрбиеші  бола алады  деп   ойлаймын.

Мен, Тынышбаева Айгүл  Саматқызы  «Боранқұл» бөбекжайы МКҚК –сында 2012 жылдан  бастап , тәрбиеші  болып  жұмыс  жасап  келемін.

Менің  алға  қойған ұстанымым: «Бір  жылдығыңды  ойласаң, арпа ек, он  жылдығыңды ойласаң  тал  ек, бүкіл  ғұмырыңды  ойласаң, бала  тәрбиеле!»

Ұраным:

Еңбек етсем , ертеңгі  бақытыма  сенемін!

Ақыл, сана білім мен өнерімме  сенемін.

Сапалы білім , саналы  тәрбие  беру үшін педагогтың  үздіксіз  ізденуі, шыңдалуы, шығармашылықпен айналысуы, білімін  жетілдіруі қажет.  Сондықтан  ғалымдар  жаңа  технологияны  ойлап  табуда.  Өйткені, жаңа  оқыту технологиялары  заман  талабына  сай  білім  беру  бағытын  өзгертеді. Өздігінен  білім  алуға, логикалық  пайымдауға  талай, қорытындылай  алатын  коммуникативті  тұлғаны  қалыптастыруға  мүмкіндік  туғызады.

«Күрделі заманда  жас  ұрпаққа  ақпараттық  технологиямен  байланысты әлемдік  стандартқа  сай  мүделлі  жаңа білім  беру өте қажет» — деп,   Елбасы  атап  көрсеткендей,  білім беру жүйесінде қолданудың ең  маңызды  факторы, негізгі қозғаушы  күші- адам, сол  себепті  білімнің  негізгі ұстанымдары  іске  асырылады. Осыған  байланысты  адамның  шығармашылық  әлеуметін дамыту  үшін  қажетті жағдай  жасалуы  керек.

Мектепке  дейінгі  білім  беру  үрдісінде  ақпараттық  қатынастық  технология  құралдары  мақсатымыз  баланың  танымдық   қызығушылығын  қалыптастыру  болып  табылады. Балада  танымдық  қызығушылықтың  болуы – олардың  оқу  қызметіне  жағымды  әсерін  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.

Тәуелсіз  еліміздің  ертеңгі – жас ұрпақтың  рухани  байлығы, мәдениеті, саналы  ойлау қабілеті мен  біліміне  байланысты  болады. Осы  орайда  егеменді  еліміздің  білім  беру  жүйесінде әлемдік   деңгейге  жету  үшін   жасалып  жатқан  талпыныстар оқытудың  әр түрлі  әдіс  тәсілдерін  қолдана  біліп, терең  білімді, ізденімпаз, барлық  іс  әректінде  шығармашылық  бағыт  ұстанатын,  сол  тұрғыда өз  болмысын  таныта  алатын  жеке  тұлға тәрбиелеу ісіне  ерекше  мән берілуде.

Кеңестік  педагог А. С. Макаренко: «Баланың  ойынға  деген  құмарлығы  бар, сол  құмарлықты  қанағаттаныра  білуіміз  керек. Ойнау  үшін  тек  қана уақытты  бөліп  қана  қоймай, сонымен  бірге  баланың  барлық  өміріне ойынды  бере  және  сіңіре  беруіміз  қажет.  Оның  барлық  өмірі  ойыннан  тұрады» деген  пікірін  өз  еңбектерінде атап  өткен.

Мен, М. Монтессорий  әдіс – тәсілдерін  көбіне ашық оқу қызметтерінде ойын түрінде көп қолданамын. Ойын арқалы баланың ойлау қабілетін  дамытумен  қатыр саусақтарының  дамуына көп  көңіл бөлемін. Мысалға алар болсам: Құмда  сурет салуға арналған жәшіктерді қолдана отырып балалардың ойлау қабілетін де, шеберлігінде дамыту үстіндемін.

Балаларға  көптеген ойындар  ойнату арқылы , яғни  үш түрлі тығындағы түрлі – түсті дискілерді пайдаланып, әртүрлі пішінді геометриялық фигуралары бар пазларды , күрделі жүптарды таңдау (жемістер , көкөністер) т. Б ойындарды  пайдаландырамын.

Балабақшаларда  жай  топтарында балалар  бел гіленген ережелер  бойынша және  ересектердің  бақылауында ойнап  білім  алады. Мұндай тәртіп ақталған, себебі дәстүрлі әдістемелер арқасында ғана балаларды  ересектердің  талаптарын қатаң шектеулермен орындауға үйретуге болады. Әрине, жақсы тәрбиеші ойын ұйымдастырып, не кітапша оқып  баланы  қызықтырады,  балаға аппликация жасаумен қағаздан  жасалған  ойыншықтарды  желімдеуге  үйретеді. Баладан  сол  нәрсені  шынымен істеуге үйретеді. Баладан сол нәрсені шынымен істеуге құлқы бар ма деп сұрау сирек  болар.

Бала балабақшаға  ойнауға немесе тәрбиешінің  басшылығымен оқуға  келді ме, өзімен – өзі жұмыс жасау немесе біреуді  тыңдау  баланың ақыл – ойын дамыта ма,не белгілі бір үлгімен жұмыс істеуді дамыта ма, не белгілі бір үлгімен жұмыс істеуді дамыта ма? Риторикалық  сұрақ, әлде басқаша бола ма?

Бұл сұраққа жауапты М.Монтессоридің  педагогикалық  жүйесінен  табуға болады. Өйткені  ол баланың ойлау  қабілетін суды өзіне сіңіретін жұмсақ сутартқышқа теңейді. Осыған байланысты баланы қоршаған заттық және әлеуметтік орта ерекше маңыз алады. Ересектер ортада  бала  дамуы үшін өзіне қажеттінің және пайдалының бәрін таба алатын, әртүрлі және бай сенсорлық  (сезімдік) әсерлер алатын, дұрыс сөздерді, позитивті әлеуметтік жүріс – тұрысын,  заттармен рационалды  жұмыс  істеуді «сіңіретін» ортаны жасау керек.

М. Монтессори  жүйесі дәстүрлі педагогикадан  мүлдем ерекшеленеді және ол ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының  мақсаты «негізгі құзреттілікке, жалпы адамзаттылыққа және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие бала тұлғасын  дамыту» болып табылады және Мемлекеттік жалпыға міндетті білім  беру стандарты мектепке дейінгі жастағы балаларды дамыту мен тәрбиелеуде отандық және шетелдік ғылымның инновациялық тәжірибесін қолдануды ұсынады.

Сонымен қатар, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік» деп аталатын бес білім беру салалары бойынша ортаны ұйымдастыру қарастырылған. Бұл білім беру салалары М.Монтессоридің әдістемесі бойынша ортаны ұйымдастырумен үндес болып келеді. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында бір жас пен алты арасындағы балалардың дамуының сенситивті кезеңдерінің  өзара байланысын қамтамасыз ету қарастырылады. Бұл кезеңдер М.Монтессоридің педагогикалық жүйесінде де егжей-тегжейлі жазылған.

Осыған байланысты М. Монтессори педагогикасын жан – жақты талдау қазақстандық мектепке дейінгі білім беруде ерекше өзектілікке ие болып отыр.

М. Мотессори баланың қажеттілігіне көңіл бөледі.  Баланың табиғатында  қандай даму қажеттіліктері  болама? Келесі цитаталарды қолдана отырып , оларды санап шығайық:

Қимыл-қозғалыс қажеттілігі: «Баланың дамуы  үшін оның өзінің қалай болса , солай  қимылдауы маңызды»;

Сенсорлық сезімдерге қажеттілігі: «Кішкентай баланың белсенді сенсорлық әсерлерге қарқындылық қажеттілігі бар»;

Жұмысқа қажеттілігі: «Жұмыс  адам табиғатының іштей дайындығы, адам баласына ғана тән интинкт»;

Дәл, үйлестірілген қимылға ұмтылысы: «Бұл оның қажеттілігі бар екендігінің, өзінің қимылдарын үйлесімді ету инстинкт белгісі»;

Әртүрлі Функцияларды жетілдіруге  ұмтылысы: «үш пен алты жас аралығындағы кезең өзін – өзі көрсету мен жетілдіру кезеңі»;

Қайталауға бейімділігі: «Кішкентай  бала іс –әрекетінің толық еркіндігі жағдайында өзінің  өмірінің кішкене әрекеттерін жиі қайталайды… Бұл қайталау құбылысы дұрыс жағдайларда  өмір сүретін кез келген қалыпты балада кездеседі»;

         Тәртіпке қажеттілігі: «Бала тәртіпті қалайды. Ол қоршаған ортаның заттарын үнемі бір орында көруді жақсы көреді және өзі де сәл тәртіп бұзылса, қалпына келтіруге тырысады»;

Әлеуметтік  дамуға ұмтылысы: «Бұл қозғалыс балалар мен жасөспірімдер табиғатына тән әлеуметтік дамуға деген қажеттілігіне сәйкес келеді»;

Саусақтар ға және қол буындарына жаттығулар

Еркіндік пен тәуелсіздікке ұмтылысы: «Тек қана қоршаған ортадағы еркіндік пен тәжірибе арқылы ғана адам дами алады…Ол  (табиғат) еркіндікті өмірдің заңы ете алады…».

Бауларды байлап, шешу
Жарма, моншақ түймелер, тастар мен ойындар
Сурет салу, бояу
Ермексазбен, мазайкамен  ойын
Ұсақ  қол  қимылдарын  дамыту
Графикалық жаттығулар, сызу
Қағазбен жұмыс. Қайшымен қию,жинау. аппликация

Балалардың  ой белсенділігін , саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру-тәрбиешінің міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындылықты жеңуге, төзімділікке баулыйды. Ойынның барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек. Ойын түрлерінің ұйымдастырылған  тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану оқу қызметінің әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ғұлама  ғалым ағартушы  Ахмет Байтұрсынов: «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һам күшті болуымыз керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген екен. Білім беру ісіндегі бүгінгі күннің өзекті мәселесі ел ертеңін ойлайтын білімді де, білікті зейінді де зерделі ұрпақ тәрбиелеу. Балаларды  мейірімділікке, әділеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Қорытып айтқанда, алаларды интеллектуалды дамыту тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге, оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді.

Тынышбаева Айгүл Саматқызы

 «Боранқұл» бөбекжайы МКҚК ІІ санатты

Тәрбиешісі

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.