Білім беру саласы: «Денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: «Денешынықтыру»
Мақсаты: а) Тыныс алу жаттығулары, түрлі-түсті терапия және қимыл-қозғалыс арқылы балалардың денсаулығын нығайту; ә) қимылды ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру; ойлау қабілеттерін дамыту;
б) Жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жұмсақ ойыншықтар, түрлі-түсті маталар, құм салынған қапшықтар, кедергілер, ойынға қажет заттар.
Екі тілдік компонент: ойыншықтар дүкені – магазин игрушек.
Кіріспе бөлім.
1.Бір қатар сапқа тұру.
2.Сәлемдесу.
(Нұсқаулықты орындау)
Қуан, шаттан, қуан, шаттан,
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы күн, қайырлы күн,
Күліп шықсын күн бүгін!
Тәрбиеші: — Балалар, бүгін біз сендермен ойыншықтар дүкеніне барамыз. Дүкенде сендерді аңдар мен түрлі ойыншықтар күтіп отыр. Ол үшін мына нұсқауларды орындау керек:
— Жай жүру;
— Аяқтың ұшымен жүру;
— Тізелерін жоғары көтеріп жүру;
Негізгі бөлім.
Тәрбиеші: -Міне, біз сендермен ойыншықтар дүкеніне келдік. Дүкеннен бір зат сатып алу үшін не істейміз? Дұрыс айтасыңдар, дүкеншіге ақша беріп керек затымызды аламыз. Мынау дүкен ерекше. Бұл дүкенде ақшаға емес, кедергіден өтіп өзін жақсы жағынан көрсеткен балаға ойыншық беріледі.
Ендеше орындыққа отырып, мұқият тыңдаймыз, кедергіден мүдірмей өтеміз:
-Жерге қойылған текшелерден екі аяқпен сеекіріп өту керек (жаттығуды бастамас бұрын текшелердің түсін атап, ажыратып аламыз);
3.Жан-жақты дамыту жаттығулары.
Тәрбиеші:-Ал балалар, ойыншықты бәріміз де алып болсақ, жан-жақты дамыту жаттығуларын жасайық:
-Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығу (қолдағы ойыншықты алға созады, жоғары көтереді);
-Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығу (қолдағы ойыншықты екі қолдарымен құшақтап оңға және солға бұрылады);
-Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығу (кілемшеге арқаларымен жатып қолдарындағы ойыншықты және екі аяқтарын бірге жоғары көтереді).
- Тыныс алу жаттығуы.
Тәрбиеші: -Балалар, қараңдаршы, қолдарыңдағы ойыншықтарың өздерін сияқты шаршап, терлеп қалыпты. Ендеше демді мұрынымызбен жұтып, ауызбен ойыншыққа үрлейік.
Тәрбиеші:-Жарайсыңдар, балалар! Ал енді бастапқы орнымызға қайта оралайық. Онда сендерді тосын сый күтіп отыр (балалар жай жүріспен бастапқы орындарына келеді).
- Қимылды ойын «Аңдар»
Мақсаты: Балалар аңдардың қалай аталатынын айтып, сол аңдардың қимыл-қозғалысын орындайды.
Қорытынды бөлім
6.Балаларды мадақтау.
-Балалар, сендер бүгін дене шынықтыру сабағына өте жақсы қатыстыңдар. Ол үшін мен барлықтарына жұлдызша беремін.
(Балалар ұнаған ойыншықтарын алып, музыка әуеніне билейді)
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: ойыншықпен орындалатын жаттығуларды.
Түсінеді: жаттығу ережесін.
Қолданады: жүріс түрлерін, тыныс алу жаттығуларын, қол ұстасып шеңбер жасауды.
Ашимова Айгерім Тасқынқызы,
№53 «Мерей» балабақшасының
I кіші «Болашақ» тобының тәрбиешісі,
Астана