Home » Ашық сабақтар » Ойыншықтар

Ойыншықтар

Білім беру саласы: шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: ән-саз

Мақсаты: балаларға ойыншықты күтіп ұстай білуге үйрету. Музыканы есінде сақтап,, оны қимыл арқылы және ырғақты аспаптарда ойнап, қызығушылықтарын арттыру. Әнді табиғи жұмсақ дауыспен, еркін айтқызуға шеберліктерін қалыптастыру.

Әрекет

кезеңі

           Ән-саз жетекшісінің оқу қызметі Балалардың

   іс-әрекеті

Мотивациялық

Қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру

іздестіру

Ойыншықтар толы бөлмеге балаларды кіргізіп әдемілеп амандасу. Балаларды көңілді шаттық шеңберге шақыру.

Арайлап таң атты.

Алтын сауле таратты.

Жарқырайды даламыз.

Жайнай берсін қаламыз.

Балалар, айтыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі? Дұрыс айтасыңдар, қыс мезгілі сендерге ұнайды ма ?

Балалар, қыста біз көптеген мерекелерді тойлаймыз да, жақында қандай мерекені тойладық?

Жаңа жылда сендерге кімдер қонаққа келді? Сендерге не әкелді? Иә, жарайсыңдар. Түрлі-түсті ойыншықтар әкелді.

Балалар, қараңдаршы, айналамыз қандай әдемі ойыншықтар, біз күнде таңертең ұйқыдан тұрып қайда келеміз?

Балабақша сендерге ұнай ма?

Сендерді балабақшада тарбиеші апай мен   ойыншықтарыңыз күтіп алады.

Балалар, қараңдаршы, мында қандай әдемі ойыншықтар бар, мынау қандай ойыншық, ал мынау қандай ойыншық?

Ал Мынау – доп. Қуыршақты қай үстелге қоямыз, ал машинаны қай үстелге қоямыз, дұрыс, ал доппен қыздар да, балалар да ойнайды екен. Балалар, ойыншықтар түрлі материалдардан жасалады екен, қане қараңдаршы. Темірден, пластмассадан, резеңкеден, темірден жасалған ойыншықтар сынбайды, бірақ бір жерімізге тиіп кетсе қатты ауыртады, себебі ол – қатты.

–Тағы бір түрлі ол пласмассадан жасалады, ол жеңіл болады. Мына бір ойыншық резеңкеден жасалады, ол да жеңіл болады, ал ағаштан жасалған ойыншықтар тез сынғыш болады екен. Балалар, темір ойыншықтар суға батады, ал пластмас ойыншықтар, суға батпайды резеңке де батпайды, ағаш ойыншықтары судың бетінде қалқып жүреді. Балалар ойыншықтардың және бір түрлі олар матадан тігілген жұмсақ ойыншықтар. Балалар, қараңдаршы, мында екі үстел тұр. Үстелдің үстінде ойыншықтар, бұл ойыншықтармен кімдер ойнайды?

Дұрыс айтасыңдар, балалар, мына үстелде қыздардың ойыншықтары.

Ғажайып сәт:   Музыка қойылып, есік қағылады. Балалар, қараңдаршы, бізге қонақ келген сияқты. Балалар, балалар, саламатсыңдар ма! Мен – күлдіргенмін, мен мында сендерге келе жатсам, алдымнан сиқырлы сандық шықты, бұл сандықты ашу үшін мына шарлардың түсін дұрыс табуымыз керек екен. Мен түс танымаймын, сендер маған көмектесіңдерші.

Музыка жетекшісі: Әрине, біздің балаларымыз сізге көмектеседі. Қане балалар, айтыңдаршы, мына шардың түсі қандай? ал мына шар? Солайша балалар шарлардың түсін айтып сиқырлы сандықшаны ашады. Қуанған күлдірген секіріп жөнеледі. – Балалар, мына сандықшаның ішінде не бар екен, қараңдар мен білмейтін заттар көп екен дейді. Мынау – жұмсақ ойыншық, оны матадан тігіп, ішіне мамық салады екен, сол себепті ол жұмсақ болып тұрады.

Күлдірген: — Мен түсінген сияқтымын, иә дұрыс түсіндім.

Музыка жетекшісі: Онда түсінген болсаңдар, сендермен «Ойлан-тап» деген ойын дайындап қойдым. Мен үшке дейін санасам, сендер көздеріңді жұмсаңдар және үш дегенде ашып үстел үстінде қандай ойыншық жоқ екенін табасыңдар жарай ма?

– Күлдірген, сені жақсы билейді деп естіп едім.

–     Біздің балаларымыз да бір билеп сергіп қалсын.

Ендеше билеп бір сергіп қалайық.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз “Ойыншықтар”. Олай болса «Ойыншықтар» әнін тыңдайық.

Ән тыңдау: «Ойыншықтар». Музыкаға сай іс-әрекет көрсете білуге тәрбиелеу.

Балалар қызыға жасайды

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары.

 

 

 

Балалардың жауаптары

 

 

 

 

 

 

Балалар қызыға қарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар шарлардың түстерін айтады.

 

Балалар қызыға ойнайды.

 

Рефлексиялық-

Түзетушілік

—   Көңіл-күйіңіз қалай ?

–  Қыс мезгілі қандай?

–  Қысқы ойындар қандай?

–  Келген қонақтарымыз қандай? Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мақтау.

Жақсы суық, ызғарлы.Қысқы ойындар. Балалар келген қонақтармен қоштасады.

 

                               Күтілетін нәтиже:

Біледі: көңіл-күйді ажыратуды, өлең сөзін әнімен орындауды.

Игереді: ойыншықпен бірге қимылдар жасауды. Музыка мен қимылды сәйкестендіруді.

Меңгереді: өлеңді әнімен қимыл-қозғалыста орындауды.

Джолдасбаева Ұлжалғас

«Құлыншақ» балабақша ән-саз жетекшісі

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,

Құрық ауылы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.