Қалалық семинар
Бұл дарынды мұғалім, талантты ғалым әрі публицист В.А.Сухомлинскийдің сөзі. Балабақшадағы ойыны қанбайтын бүлдіршіндерді өзіне үйіріп алатын тәрбиешілер интеллектуалдық ойындар арқылы балалардың ой өрісін дамытады.
Балалықтың мекені саналған 367 бүлдіршінге тәлім-тәрбие беріп отырған қаладағы №83 «Жансая» балабақшасы күні кеше жоғарыдағы айтылған ойымызға негіз болған «Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында, интелектуалды дамытушы ойындардың қызметі» тақырыбында семинар өткізді.
Әріптестерімен іс-тәжірибе алмасуға жиналған балабақша меңгерушілерімен қонақтарды мың бұралған биімен, оркестрлік орындаудағы «Еркем-ай» әнімен қарсы алған талантты балғындардың өнері жиналған жұртқа тамаша көңіл-күй сыйлады.
Балабақша меңгерушісі Көлбаева Нүргүл Сейдақбарқызы алғашқы сөзді педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Фатима Жұмабековаға берді.
Тәрбиешілердің жанашырына айналған Фатима Ниязбекқызы «Балаларды интелектуалды дамытудағы заттық ортаның әсері»тақырыбында баяндама жасап жалпы бала ой-өрісінің дамытудағы ұлттық және басқада танымдық ойындардың әсері және тәрбиешілердің дұрыс жұмыс қағидаларын ұстануы жайлы құнды мағлұматтарымен бөлісті
Ашылғанына үш жыл ғана болсада кластер бағыты бойынша екі жыл қатарынан жүйелі жұмыс жасап келе жатқан білім ошағы білікті тәрбиешерімен аталмыш семинарды жоғары дәрежеде өткізді деген бағасын берді. Ойын арқылы оқытуды қолға алған тәрбиешілер А.Қасымова мен А.Нөсербайдың шеберлік сабақтары тәрбиешілерді қызықтырды.
Интелектуалды ойын түрлерін, ұлттық ойынымыз саналған асықты балалардың ой өрісін дамыту құралы ретінде қолданған қос тәрбиешінің жиналғандармен бірлесе ойнау арқылы көрсеткен шеберлік сабақтары өзге әріптестері үшін пайдалы кеңес болды.
Тәрбиеші А.Нөсербай ұмытылып бара жатқан ұлттық ойынымыз асықтың әуелі ойнап жүріп қозғалыс жасайтын баланың денсаулығына тигізер пайдасы зор екенін жеткізді. Оған қоса қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда 1-10 санына дейін әзірленген санау асықтары сабақ құралы ретінде қалай қолданатынын көрсетті. Коммуникация саласы бойынша Алтын сақа ертегісі рөлдік ертегі ретінде балалардың ойнауы ойлау мен шеберлікті қатар беретін тәрбие құралы екенін айтты .Ұрмалы аспап ретінде бұл балабақшаның жас музыканттары қолданып жүргеніне куә болдық. Сол үшін де Халық Қаһарманы Б.Момышұлы айтқандай Асық- үлкен халықтық тәрбие. Демек ұлттық құндылығымызды жоғалтпай ұрпақ тәрбиеу бүгінгі күні алдыңғы кезектегі мәселе. Балабақша әдіскері А.Сапарбекованың баяндамасындағы ақыл-ой қабілеті дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеп шығу үшін интеллектуалды ойынның түрлерін көбейту белгілі бір бағытқа негізделген ойын түрлерін дамыту шын мәнінде балабақша тәрбиешілері өздерінің күнделікті жұмыс жоспарына енгізе алған.
Жиналған қауым топпен және жеке ойын түрлерін қоланып отырған топтарды аралап, құм және интеллектум кабинеттерін көріп шықты. Астана қаласындағы «Өрлеу» БАҰО АҚФ бойынша ПҚБАИ инновациялық технология бөлімінің оқытушысы Л.Боранбаевада семинарға қатысушыларға өзінің жылы лебізін білдірді. Серіктес балабақшалар мен жетекші №80 балабақша меңгерушісі Жанар Дүйсенова жас болса да ұжымын береке-бірлікте жұмыла жұмыс жасауға икемдей білген аталмыш балалабақша меңгерушісі Нүргүл Сейдақбарқызына ризашылығын білдірді.
Шын мәнінде болашақ ұрпақ үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан балабақша ұжымы мақтаумен, мадаққа лайық жандар. Ұрпақ ертеңгі үшін жасап жатқан істеріңіз ілгері болып, өзгелерге үлгі болар осындай тың идеяларға толы басқосуларыңыз көбейе берсін дегіміз келеді.
Әлия Ғалымбек
Білім айнасы,
Астана қаласы