Home » Ашық сабақтар » Ойлы болсаң, озып көр

Ойлы болсаң, озып көр

Қазымбек Сәуле Қабенқызы,
Ақмола облысы, Целиноград ауданы,
Сарыкөл ауылы №47 негізгі мектебі
бастауыш сынып мұғалімі.

 

 

Мақсаты: 1. Оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, өз — өздерін емін — еркін ұстай білуге үйрету, білім деңгейлерін толықтыру, тез әрі дұрыс жауап қайтару.2. Оқушылардың ынтасын арттырып, қазіргі заман талабына сай әр түрлі білім сайысына қатысуға дайындау. Ойлау қабілеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту. 3. Отанын, ана тілін сүюге, белсенділікке, саналылыққа, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: проектор, слайд, түрлі тапсырмалар.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Жүргізуші сөзі. — Бүгін сіздер екінші сынып оқушыларының «Ойлы болсаң, озып көр» атты сыныптан тыс шарасына қош келдіңіздер!

Халқымыз жан — жақты адамды «сегіз қырлы, бір сырлы» дейді. Адамның сегіз қырының бірі — оның білімі. Олай, болса бүгін оқушылар екі топқа бөлініп алған білімдерін ортаға салады. Оқушыларға сәттілік тілейік!
1 — топ «Ойшылдар» тобы. 2 — топ «Тапқырлар» тобы.

Ойын VI — айналымнан тұрады.
I- айналым.  «Біліміңді  шыңда» (математика, әдебиеттік оқу, дүниетану, қазақ тілі пәні бойынша сұрақтар)
1. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. (Елтаңба, Ту, Әнұран)
2. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері? (Т. Әубәкіров)
3. Біздің туда не бейнеленген? (Күн, қыран құс, ұлттық ою-өрнек)
4. Табиғат нешеге бөлінеді? (Екіге)
5. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? (Үшке)
6. 33 пен 26-ның мәні нешеге тең? (59)
7. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын. (Абай)
8. Заттың атын білдіретін сөз табы. (Зат есім)
9. Ұя салмайтын құс. (Көкек) 10.– Мәртебелім, олар төрт құбылаңыздың түгелдігін білдіреді. Барыс-Алатаудың иесі, құстар – еркіндіктің, аспан мен күннің белгісі. Бұл алтын мүсіндердің әрқайсысының өз мән- мағынасы бар. Бұл қай мәтіннен алынған?   (Алтын адам туралы аңыз. Қаржаубай Омарұлы))

1.Қанша дауысты дыбыс бар? (15) 2. Бір жылда неше күн бар? (365 не 366 күн бар)3. Тірі табиғатқа не жатады  (Адам, жануар, өсімдік
4. Қазақтың ұлттық аспабы.(Домбыра) 5. 16 желтоқсан қандай күн?
(Тәуелсіздік күні) 6.11 мен 26 — ның мәні неге тең? (37)
7. Сұраққа жауап бер: «Тезек теріп жүріп неге тап болды?» Бұл қай мәтінде айтылған? («Екібастұз»  мәтіні)
8. Дастарқан байлығы. (Нан)
9. Жануарлар тіршілігіне не қажет? (Ауа, су, жарық, жылу, азық)
10. Заттың қимылын білдіретін сөз табы. (Етістік)

II — айналым. «Қас — қағым сәтте». 1 секундта 3 сұраққа жауап берілу қажет. Әріптерге байланысты жауап, аталған әріптен басталуы шарт.

1-топ.Қ әрпінен бастау.
1. Біздің Отанымыз —
2. Күй атасы кім?
3. Үлкен кісі?
2-топ.А әрпінен бастау. 1. Қадірлі жан?
2. Әкеңнің әкесі ?
3. Ең сұлу құс?

1-топ.А әрпінен бастау.1.Елордамыз — 2. Екі ақынның өлең жарысы-
3. Аң патшасы —

2- топ.Қ әрпінен бастау.1. Ұлт? 2. Жылқының сүті? 3. Музыкалық аспап?

III — айналым. «Ұйқасын тап». 1. Кеше ойнап секіріп, Жанат алды.( екілік)

  1. Бата алмас түлкі, Үсті тікен … (кірпі)
  2. Дамыл таппай бір мезет, Жортумен жүр сұр … (көжек)

4.Құйрығы он қарыс,                                                                                                                                                      Бұл айбатты  …   (жолбарыс)

IV — айналым.  «Ізденіс — жеңіс  кілті».     Мен  жұмбақтар  жасырамын. Шешуін қай  топ  дұрыс  айтса,  ұпай  сонда.  Ал,  тыңдайық  онда,  тек  сабыр  сақта.

  1. Сөзі дана,  үні  жоқ,                                                                                                       Сөйлемейді  тілі  жоқ.
    Қолыңа алсаң шешен,
  2. Ақылы асқан көсем.   (Кітап)
  3. Көзге көрінбейді, Қолға  ұсталмайды.   (Ауа)
  4. Дөңгеленіп өседі,                                        Желмен  бірге  көшеді.  (Қаңбақ)
  5. Жоқ өзінде бас  та,                                                                               Қас  та,  мойын  да.                                                                             Ұзындығы  жазулы  тұр  бойында?  (Сызғыш)
  6. Жылт-жылт еткен, Жырадан өткен.  (Су)                                     6. Қос қанатын иіп ап,                                                               Жарға келіп қонады.                                                                Қара киім қиіп ап,                                                                              Балшықтан үй салады. (Қарлығаш)

V  — айналым. «Ойла, жылдам жауап  бер» логикалық сұрақтар.

  1. Күзетшінің бөркіне торғай қонса, онда ол не істеп отырғаны? (Ұйықтап отырғаны))
  2. Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр?  (5  қоян)
  3. Шайды қай қолмен  араластырған дұрыс? (Қасықпен)
  4. Ақбілек бір көйлекке төрт түйме қадады. Осындай екі көйлекке қанша түйме қадайды? (4+4= 8 2х 4 = 8)

5.Қуыршақ 30 теңге тұрады. Осындай 3 қуыршақ қанша тұрады? (30х3 = 90)

6.Марат Қайраттан күшті. Кім әлсіз?   (Қайрат)

7.Дәмір Болаттан шапшаң. Кім баяу?  (Болат)

  1. Мен бір сан ойладым, оған 15 – ті қосқанда 35 шықты . Мен қандай сан ойладым? (35-15 =20)
  2. Мен бір сан ойладым , одан 23- ті азайтқанда 42 шықты. Мен қандай сан ойладым? (42+23 =65)
  3. Қанат, Марат екеуі қамшы өре алады, Таңат, Талап екеуі тамаша ән салады.Сағат, Самат екеуі төгілтіп күй шертеді, Балаларды өнерлі есептеп көр сен енді?(6)

VI айналым.«Сөз ойла, тез ойла».

Екі топқа  да «Қарағай» деген сөз беріледі, сол сөзден сөз туындату.

Қорытындылау.-Міне балалар, сайысымыз өз мәресіне жетті. Білім шыңына қай топ жеткенін қазір білетін боламыз. Сөз  кезегін әділқазыларға береміз.Осымен, сайысымыз аяқталды.

Қорытындысы шығарылып, ұпай саны айтылып, жеңімпаз топ марапатталады.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.