Home » Балабақша » Озық іс–тәжірибелік семинар

Озық іс–тәжірибелік семинар

Көз көргенді айтайын естіп емес,
Санамызда тұрғанша болып елес.
Ордалы Ордабасы Жайқалып тұр.
Айтайын мен сіздерге содан кеңес
-демекші Ағымдағы жылдың 20-шы ақпан күні Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шубарсу ауылдық округіне қарасты Айназия бөбекжай балабақшасында «Жаңа заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту » тақырыбында аудандық іс-тәжірибелік семинар өтті.
Семинар мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті жаңа заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқу қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру. Ой-өрісі жаңашыл,шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын,дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу болып табылады. Аталған семинарға  білім нәрімен бала тәрбиесін қоса алып 150 баланы қамтып отырған «Айназия» балабақшасына  аудандық барлық әдіскерлермен тәрбиешілер жиналды.
Семинар барысында алғашқы болып сөз алған аудандық білім бөлімінің АПӘК әдіскері Шырын Пернебай мен  балабақша меңгерушісі Алимханова Бақтыгүл Құлжанқызы барша қонақтармен  ұжымға сәттілік тіледі.
Семинар кезең -кезең ге бөлінді.
Атап айтқанда:
Шындалиева Жанат,Полатова Алмагүл
«Тауық және оның балапандары»
Байназарова Гүлжазира
Ерімбетова Динара
«Зере Әжемнің ауылында қонақта»
Алданазарова Гүлбану, Дүйсенова Гүлзағира
«Қыс қызығы»
Кульбаева Ерке,Муталиева Жұпар
«Пішіндер еліне саяхат»
Шериева Нұргүл Қожақова Ботагөз
«Табиғат- адамзатқа аманат»
Сапарқызы Айнұр,Абдірахманова Ақмарал
«Бізді Қоршаған әлем »
Нахова Назир»психологиялық тренинг»-көпшілікпен бөлісті.
Құрылғанына небәрі екі  жыл болған «Айназия»  балабақшасының жеткен жетістіктері, балаға деген мейірімі, махаббаты бәрі-бәрі осы семинарда көрініп тұрды.
Алыс шақырымға қарамай,
Ауыл аймақты аралай келген қонақтардың семинардан алған әсері жүздерінен байқалды.

Айназия балабақша ұжымының әр түрлі қолөнер бұйымдарымен патриоттық әндермен биге баулуы ерекше десекте болады.
Ендеше бала келешегіміз
Бала болашағымыз
Бала кең тынысымыз
Бала кең өрісіміз деп кезекті мақаламды екіауыз өлең шумағыммен аяқтамақпын.

Көргенде көз тоятын ұжым бөлек
Айтарым Айназия ол бір ерек.
Семинардан қажет дүние алды бәрі.
Барлығыда береді сөзге дерек.
Алар асу алда әлі қанатың қақ.
Ұжымыңды жүрсінші елдер мақтап.
Толағай табыстарға тілектеспіз.
Шын жүректен үнемі адал әппақ

 

Абай Сәдібекұлы
Білім айнасы
Түркістан облысының журналисті

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.