Home » Мақалалар » ОЗАТ ТӘЖІРИБЕ МЕКТЕБІ

ОЗАТ ТӘЖІРИБЕ МЕКТЕБІ

90 жылға таяу тарихы бар, облысымыз ғана емес республикадағы іргелі оқу орындарының бірі болып табылатын Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінде құрамы тәжірибелі, озат оқытушылардан тұратын Озат тәжірибе мектебі жұмыс істейді.

Мақсаты: Оқытушының кәсіби шеберліктерін шыңдай отырып, білімнің жаңа құбылыстарын түсінетін, көзқарастар жүйесіне ие, шығармашыл оқытушылардың озат іс- тәжірибелерін жинақтап, насихаттау және тарату, жан- жақты білімді, әлеуметтік белсенді шығармашылық тұрғыда дамитын тұлғаның қалыптасуына сай кәсіби шеберлігі шыңдалған оқытушылардың жұмысын дамыта отырып, Жас ұстаздар мектебі және шығармашылық  топпен сабақтастықты жүзеге асыру.Өзара тәжірибе алмасу, өздігінен білім көтеру, кәсіби құзыреттілігін көтеру арқылы өз ісінің шеберін дайындау

Міндеті:

  • оқытушылардың педагогикалық іс – тәжірибесін зерделеу, зерттеу, тарату жұмыстарын ұйымдастыру;
  • оқытушылардың жеке қасиеттерін ашу, өз бетімен ізденуге баулу, шешімдер қабылдау және шығармашылығын дамытуға бағыттау;
  • баспа жұмыстарын жоспарлау және жариялау;
  • оқытушылардың семинар-конференцияларды бастамашылдық әрекетімен өткізу; кәсіби сайыстарға қатысу; онлайн семинарларына қатысу;
  • Озық іс-тәжірибелерді, жаңа педагогикалық технологияларды ұтымды енгізу және пайдалану, Жас ұстаздар мектебіне шеберлік сыныптар ұйымдастыру;
  • Оқытушының шығармашылығын дамытуға, зерттеу жұмысымен айналысуға, қабiлеттiлiгi мен қызығуын тудыру және оқу- тәрбие үрдiсiнде дамытуға жағдай жасау;
  • Жас ұстаздар мектебі мен шығармашылық топпен сабақтастықты арттыру
  •  Колледжішілік олимпиадалар, сайыстар материалдары мен Ережелерін талқылау, бекітуге ұсыну.

 

Жалпы озат тәжірибе деген не?

Педагогикалық озат тәжірибе – практика жүзінде іске асырылған алдыңғы қатарлы педагогикалық идеялардың жиынтығы. Педагогикалық озат тәжірибенің мәнін тереңірек түсіну үшін педагог-ғалымдар оны қай тұрғыдан қарастыратынын білу керек. Озат тәжірибе педагогикада қазір бірнеше бағытта қарастырылады:

Педагогикалық озат тәжірибені оқытушының өзіндік білім жетілдіру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыру оқытушы өзінің және өзгелердің құнды іс-тәжірибесін зерттеп, жалпылау арқылы өз білімін жетілдіре алатынын білдіреді.

Педагогикалық озат тәжірибені колледждегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттырудың қажетті шарты ретінде қарастыру жақсы жолға қойылған, озат тәжірибені зерттеу ісі арқылы колледждегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін едәуір арттыруға болатынын көрсетеді.

Педагогикалық озат тәжірибені оқытушы мен әдіскердің педагогикалық шығармашылығын дамыту құралы ретінде қарастыру, педагогтың озат тәжірибеге жүйелі зерттеу жүргізуі,  өз шығармашылығын дамытуына ықпал ететінін байқатады.

Педагогикалық озат тәжірибені тәжірибе педагогикалық үрдістер мен жүйелерді ғылыми зерттеу әдісі ретінде қарастыру ізденімпаз оқытушылар үшін педагогикалық үрдістер мен жүйелерді ғылыми зерттеуге жол ашатынын білдіреді.

Педагогикалық озат тәжірибені педагогика ғылымы мен практиканың өзара жүйелі байланысы ретінде қарастыру, озат тәжірибе, шын мәнінде ғылым мен практиканың сабақтастығы ретінде қарастырылатынын көрсетеді.

Педагогикалық озат тәжірибені педагогикалық іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастыру әрбір ұстаздың озат тәжірибені зерттеп, жалпылауы оның әдістемелік қызметінің ерекше бір саласы болып табылатынын байқатады.

Бұл қарастырулардың барлығы озат тәжірибенің өзіндік мәнін аша отырып, оның өзге іс-тәжірибе түрлерінен ерекшелігін ажыратып көрсетуге мүмкіндік береді. Тәжірибенің түрі көп екені белгілі: оң тәжірибе, эксперименттік тәжірибе, озат тәжірибе және жаңашылдық тәжірибе. Ұстаздан жоғары кәсіби және әдістемелік шеберлікті қажет ететін, жаңа нормативтік талаптарға негізделген тәжірибе оң тәжірибе, ал қарапайым оқу орнындағы  қатардағы оқытушының, көпшіліктің сұранысын қанағаттандыратындай дәрежедегі,тиімді жолмен қол жеткізген керемет жетістігіне негізделген тәжірибе озат тәжірибе деп аталады. Эксперименттік, озат және жаңашылдық тәжірибе озық тәжірибелер қатарына жатады, тек оң тәжірибе ғана оған жатпайды. Осылардың ішінде тек озат тәжірибе ғана оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған күшті құрал бола алады. Қалған тәжірибелер озат тәжірибенің құрамдас бөліктері болып табылады.

Жалпы алғанда, тәжірибелі оқытушы дегеніміз кез келген педагогикалық мәселені практикалық тұрғыдан шеше алатын, өз ісінің шеберіне айналған кәсіби біліктлігі жоғары оқытушы. Осы уақытқа дейін кейбір түсініктер бойынша тек тәжірибелі оқытушы ғана шығармашылықпен жұмыс жасап, жаңашылдықпен айналыса алады делінетін. Білім әлеміне педагогикалық инновациялардың тереңдей енуі бұл пікірдің негізсіздігін көрсетіп берді. Немесе тек бірнеше жыл оқу орнында сабақ берген ұстаздарды ғана озат, тәжірибелі деп атап жүрдік. Қазіргі жаңа түсінік бойынша оқытушы оқыту барысында шығармашылықпен айналысу, өз тәжірибесінде әр түрлі жаңалықтар ашу арқылы  да озат тәжірибе жинақтайды.

.

Озат тәжірибе иесі деген кім? Күнделікті сабақ беру барысында балаға терең білім, тәлімді тәрбие беру — әр ұстаздың  басты арманы екені даусыз. Оған жету үшін оқытудың мазмұн, мақсат, әдіс–құрал, жағдай сияқты негізгі салалары бойынша көп тәжірибе жинақтау керек-ақ. Оның екі жолы бар: бірі-өзгелердің озат тәжірибесін зерттеп-үйреніп, күнделікті тәжірибеде қолдану, екіншісі-эксперимент жолымен өзіндік жұмыс стилін қалыптастырып, өз тәжірибеңді жинақтау. Көп жағдайда бірінші жолды белгілі бір дәрежеде игеріп барып қана, екінші жолға түсуге болады деп есептеледі.

Біздің колледждегі әдістемелік кабинет жанында Озат тәжірибе мектебі жұмыс жасайды. Оның құрамында 25 оқытушы бар Олардың ішінде осы колледжде алды 20-25 жыл, соңы 7-8 жыл жұмыс жасағандар да бар. Өз пәні бойынша оқулықтар мен оқу құралының авторлары, әдістемелік құралдар жариялаған, бірнеше конкурстар жүлдегерлері, медальдармен марапатталғандары бар. Атап өтер болсақ, арнайы пән оқытушылары: Абдукаримова Зибагүл,Утепова Мира, Есахаева Дана, Айтенова Мағырипа, Бекенова Дина, Жұмаш Мұңлық, Қаражігітова Эльза бар. Жалпы білімдік және қоғамдық пән оқытушылары: Досмамбетова Алтын, Мнажаддинова Гүлжахан, Асанбекова Зәуре, Күздеубаев Перизаттардың жас ұстаздарға үйретері көп. Колледждегі ұстаздық тәжірибесі көп болмаса да, интербелсенді әдістермен ашық сабақтар өтіп, педагогикалық инновацияны өз жұмысына ендіре білген Меңліқұлов Нұр, Қарақұл Мира, Қылышбаева Мархабат,Жунусова Жазиралар да осы мектеп мүшелері.

Көп жағдайда мектеп мүшелері Жас оқытушылар мектебімен тығыз жұмыстар жасайды. Дөңгелек үстелдер, педагогикалық оқулар, кәсіби конкурстар өткізіліп тұрады.

Педагогикалық шеберлiк – кәсiби педагогикалық қызметтi ұйымдастырудың жоғары деңгейiн қамтамасыз ететiн ұстаздың тұлғалық қасиеттерiнiң жиынтығы болып табылады, ал озат тәжірибелі мектеп сол шеберлікті таратушы, үйретуші болып келеді.

 

Абуова Рахия Әбіләшқызы
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық
техникалық жоғары колледжі,
Озат тәжірибе мектебінің жетекшісі
Жоғары санатты оқытушы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.