Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Қылышұлы Ахметжанов келді, ол мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына 20 жыл толуына арналған «Мемлекеттік қызмет жүйесін дамытудың генезисі және даму бағыты» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Іс-шараға Ресей Федерациясының, сондай-ақ елдің шекаралас облыстарының өкілдері шақырылды.
Өз сөзінде ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы орталығында орналасқан бірыңғай оқыту жүйесі туралы, «Сандық Академияға» көшу туралы әңгімеледі.
Сондай-ақ, ол электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жән көлемін арттыруға назар аударды.
Егер 2014 жылы электрондық форматта көрсетілген қызметтердің үлесі тек 20% құраса, ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 55% жетті.
Одан әрі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Елена Федоровна Степаненко «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің қалыптасуы» атты баяндамасын оқыды.Әдеп жөніндегі уәкіл Тайшабай Дулат конференция қатысушыларын мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауына мониторинг жүргізу мен бақылауды жүзеге асыруға бағытталған әдеп жөніндегі уәкіл атты жаңа институтының негізгі мақсаттары, міндеттері мен жұмыс әдістері туралы хабардар етті.
Іс-шараның соңында департаменттің Алғыс хаттарымен облыстың үздік мемлекеттік қызметшілері марапатталды.