Home » Жаңалықтар » Облыстық «Үздік өзін-өзін тану пәнінің мұғалімі» байқауының нәтижесі

Облыстық «Үздік өзін-өзін тану пәнінің мұғалімі» байқауының нәтижесі

Түркістан облысы бойынша «Үздік өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі»-атты байқау Түркістан қаласында қарашаның 28-жұлдызында болып өтті.  Байқауға облыстың  аудан, қалаларынан ұзын саны он алты өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері қатысты. Байқау ә дегеннен-ақ қыза түсті, байқаудың бірінші шарты бойынша байқауға қатысушылар өзін таныстыру бөлімінде сен тоқтап тұр, мен айтайын дегендей өте қызықты әрі тартысты өтті. Бұл бөлімде әр мұғалімнің сан түрлі  қырлары танылды, бірі қара сөзбен мәнерлеп, бірі  домбырасын қолына алып ақындық суырып салма қасиеттерін танытса, бірі  әуенмен  әншілік қасиеттерін танытып жатты. Әрбір қатысушы өздерінің шеберлік  деңгейлерінінің қаншалықты екендігін көрсетуге тырысты.

Екінші кезеңде үй тапсырмасы ретінде берілген «Мен баланың шырағын жағушымын»тақырыбы бойынша эссе жазу бойынша жалғасты. Жазылған эсселерді әділ-қазы алқалары  эссені бағалау критерийлеріне сүйене отырып: -жүйелілік;

-дәлелділігі;-материалдың жан-жақтылығы;-материалдың сенімділігі:-мүдделердің бағыттылығына мән беріп, өз бағаларын берді.

Үшінші кезең өзін-өзі тану пәні басқа пәндермен  ықпалдастыру сабағының әзірлемесі  сабақ  жоспарлары тексеріліп  байқауға қатысушылар әділ-қазылар тарапынан өз бағаларын алды.

Төртінші кезең сұрақ-жауаппен жалғасты, байқауға қатысушылар өзін-өзі тану пәнінің ғылыми-әдіснамалық негіздері туралы сұрақтарға жауап беру арқылы өз бақтарын сынады және берген жауаптарының нақтылығына қарай өз бағаларын алды.

Бесінші кезеңде  байқауға қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды, байқау ережесі бойынша рухани-адамгершілік мазмұнға бай және жанды дүниелерді көрсету талап етілген. Байқау барысында панограммалар мен пародиялар, манолог оқу,сахналық  көріністер қойылып сонымен қатар ұлттық нақышта әндер шырқалды. Әр қатысушы  көрсеткен өз өнерлеріне сай бағаларын алып жатты.

Байқаудың қорытындысы бойынша Қазығұрт ауданының намысын қорғап барған  жерлесіміз «Ынталы» жалпы орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Жарылқасын Ахметов жүлделі 2-орынға ие болып, ауданымыздың мерейін үстем етті.Жерлесімізге келешекте бұданда биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз.

 

 

Махатова Жазира 
«Ынталы» жалпы орта
мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 


 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.