Home » Жаңалықтар » ОБЛЫСТЫҚ ШЕБЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ БАЙҚАУЫ БОЛЫП ӨТТІ

ОБЛЫСТЫҚ ШЕБЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ БАЙҚАУЫ БОЛЫП ӨТТІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  2017 жылғы жоспарына сай 2-3 наурыз күндері Атырау облысы Индер ауданы Индербор кенті Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің базасында «Жас мұғалімдердің  әлеуметтік бейімделуіндегі шығармашылық ізденістер» тақырыбындағы  облыстық  шеберлік мектебі байқауы өтті.

Шеберлік мектебі байқауы  білім беру саласында үштілділікті басым бағыт ретінде ұстанудың қазіргі жайы мен болашағында оқыту ерекшеліктерін іске асыруда ізденіспен жұмыс істейтін жас мұғалімдерді анықтау, кәсіби біліктілігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін өзара тәжірибе алмасуларын жүзеге асыру, оқыту мен тәрбиелеудің ерекше формалары мен әдістерін, жаңа идеяларды насихаттау мақсатында өткізілді.

Байқауға жас мұғалімдерден құралған Жылыой ауданынан  «Жас қанат», Мақат ауданынан «Жарқын болашақ жастар», Индер ауданынан «Азия», «Европа», «Есбол», «Орталық», Қызылқоға  ауданынан «Полиглот», және Құрманғазы ауданынан «Болашақ» атты командалар қатысты.

Индер аудандық мектеп мұғалімдерінің жеке шығармашылық  жұмыстарымен танысу аясында «Менің әсемдік әлемім»  атты көрме жұмысы ұйымдастырылды.

Байқау қорытындысы бойынша Құрманғазы ауданының  «Болашақ» атты жас мұғалімдер командасы жүлделі бірінші орынды иеленді.

Байқауға қатысушылар қазылар алқасының қорытындысына сай «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының алғыс хаттарымен, номинацияларымен және дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.