2018 жылдың 29 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Педагогикалық үдерісте «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемелік аспектілері» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Семинар мақсаты: 2018 жылдың 5 қазанында жарияланған Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары бойынша педагогикалық қызметті жоспарлау және педагогикалық үдерісте «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемелік мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Алғы сөз директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Елдос Набиоллаұлы Сафуллинге берілді. «Ұлытауға бардың ба?» тақырыбындағы баяндамасында «Ұлы даланың жеті қыры» Президент мақаласына арнаған. Семинарда Қазталов ауданының Қошанкөл ауылындағы қазақ жылқысының тарихынан сыр шертетін «Сәйгүлік» атты мұражайы туралы бейнебаян ұсынылды. Институтымыздың кітапхана меңгерушісі Индира Маратовна Бадакова «Туған өлке тарихы – ұрпаққа тағылым» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырды. Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы Габбасова Багдагул Беккалиевна «Латын әліпбиіне көшудегі ұстаздардың алдындағы міндеттері» тақырыбындағы мақаласын оқыды.
Семинар барысында облыс педагогтері оқу-тәрбие үдерісінде «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар жұмысының қорытындысында филиалдың сайты арқылы кері байланыс ұйымдастырылды. Баяндама оқып, іс-тәжірибесімен бөліскендерге қатысушы куәлігі берілді.
Динара Жумагалиева
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы
бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»