Home » Жаңалықтар » Облыстық онлайн конференция

Облыстық онлайн конференция

2018 жылдың 4 қазан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияны ұйымдастырды.

Конференцияның мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогикалық процесті ұйымдастыру мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Конференция жұмысының бағыттары:

  • Білім беру мазмұнын жаңарту аясында тиімді жоспарлаудың ерекшеліктері;
  • Оқу мақсаттарына жетуге ықпал ететін белсенді оқу әдістері;
  • Саралау әдісі – әрбір оқушыға мақсаттарға жетуге ықпал жасайтын әдіс;
  • Оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау арқылы анықтау.

Онлайн режимінде институтымыздың жаңартылған білім беру бағдарламасы тренерлері жоғарда көрсетілген тақырыптар бойынша әдістемелік көмек ретінде кеңестер береді, өз ойларымен бөліседі. Конференцияға қатысушылар онлайн форматында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Конференция аясында өз тәжірибесімен мектеп мұғалімдері бөлісті:

  • «Математика пәні бойынша оқу мақсаттарын іске асыру», Карина Мархаббат Махамбетовна, М.Б. Ықсанов атындағы ЖОББМБ №36 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі;
  • «Оқытудағы саралау мен бағалау әдістері», Каипова Алия Тулеугалиқызы, М.Б. Ықсанов атындағы ЖОББМБ №36 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі;
  • «Жиынтық бағалауды ұйымдастыру мен өткізу шарттары», Мурзашева Айымгул Сансызбаевна, № 44 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Конференция қатысушыларына белсенділік арттырған үшін алғыс білдіреміз.

 

Динара Жумагалиева,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы
бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.