«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 23 сәуірде «Арнайы және инклюзивті білім беру мекемелерінде логопедтік жұмыстарының әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру жолдары» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.
Сөйлеу іс-әрекеті бұзылуының арнаулы оқыту мен тәрбиелеу құралдары арқылы айқындауда және психологиялық-педагогикалық әлеуметтік серіктестік жұмыстарымен сүйемелдеуде логопедтердің ғылыми-тәжірибелік біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында өткізілген шараға облыстық білім беру басқармалары, қалалық/ аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары, мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты.
Конференция жұмысы секциялық және пленарлық кезеңдер бойынша жүргізілді.
Конференцияға қатысушылар 3 секциялық бағыт бойынша өзара іс-тәжірибелерімен бөлісіп, сабақтар, шеберлік сыныптар мен жеке жұмыс түрлерін көрсетті.
Конференцияның пленарлық мәжілісі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердін біліктілігін арттыру институты директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі Галимжанова Маржан Анесқызының алғысөзімен басталды.
Пленарлық мәжілісте инклюзивті білім беруді жүзеге асыру бағытында жүргізілетін жұмыстар, ерекше білім қажет ететін балаларды оқытуда заманауи технологияларды қолдану, тұтықпа диагнозы бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарының тиімділігін арттыру әдістері, жалпы сөйлеу тілі дамымаған 1-2 деңгейдегі балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстары, т.б. мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды.
Конференция қорытындысы ұсыныстар қабылданып, қатысушыларға Алғыс хаттар табысталады. Қатысушылардың жұмыстары мен мақалаларына электрондық нұсқада жинақ дайындалады.
Шара Атырау облыстық тіл мүкістігі бар балаларға арналған арнайы №3 мектеп интернатының тәрбиеленушілерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.
Қаленова Гульзахира Сапарғалиқызы
«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,
Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының
курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі