Home » Балабақша » Нәтижелі тәрбиемен білім берудегі жаңа технологияның тиімділігі

Нәтижелі тәрбиемен білім берудегі жаңа технологияның тиімділігі

 Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халқына жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңі «100 қадам»  бағдарламасын айқындап берген болатын. Сондықтан да жан — жақты дамыған, рухани бай, өз ойын еркін жеткізе білетін, сөйлеу мәдениеті жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу. Бүгінгі таңда елімізде тәрбиешілердің еншісінде білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі – жеке тұлғаға сапалы білім беру болып отыр. Бүгінгі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту — заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, балабақшаның әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Оқу қызмет барысында баланың ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс — тәсілдер баршылық. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жиі қолданылып отырған жаңа әдіс — тәсілдердің бірі «Монтессори» әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар, тумысынан — ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтан да қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы тәжірибемде ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруым заңдылық. Өз тәжірибиемде соңғы кезде кеңінен қолданып жүргенде жаңа технологияның бірі.
М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасауға, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. Бұл әдістің мақсаты — балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықты мағлұмат береді. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі — ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды. Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі балалардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір — бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, топпен жұмыс істеуге, бір — біріне жүйелі сұрақтар қоя білуге дағдыланады.  Осы орайда тәрбиеші нәтижелі тәрбие мен білім беру үшін, өзінің құзыреттілігін арттырып, жаңа технологияның түрлерін өз оқу қызметінде тиімді пайдалануы шарт.

Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда балабақшадағы бүлдіршіндерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан — жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың үлесінде болмақ.

 

Ургешбаева Қазына Жылқыбайқызы,
Жаңаөзен қаласы
№ 25 «Толағай» балабақшасының
№16 МАД тобының тәрбиешісі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.