Home » Жаңалықтар » «НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ҮШТІКОДАҚ» ЖОБАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА АТА-АНАЛАРДЫҢ РӨЛІ

«НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ҮШТІКОДАҚ» ЖОБАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА АТА-АНАЛАРДЫҢ РӨЛІ

Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мектеп – интернатында «Алтын үштік бірлігі-рухани даму жолында» тақырыбында отбасы күніне орай ата-аналармен бірлескен түрде отбасылық сағаты өткізілді.

Отбасылық сағаттың басты мақсаты –мектеп, отбасы арасындағы өзара түсіністік, әр түрлі проблемаларды шешуге бірлесе ұмтылу, тәрбие кеңістігінде тұлғаның өсуі мен өзін-өзі көрсетуіне қол жеткізу болып табылады. Себебі, өскелең ұрпақтың дамуы, әрбір оқушының тұлға болып қалыптасуы, көбіне, отбасы мен мектептің бірлескен іс-әрекетіне, шешіміне тікелей байланысты. Осы тұрғыда мектеп-интернат ата-аналары ой-пікірлерін  ашық айтып, балаларының аман-саулығы үшін қолдау көрсетіп, әрдайым мектеппен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді. Адамзат бесігін  тербеткен баланың бас ұстазы ата- ана екенін терең түсінгендей.

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған- туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады» — деген сөздің мәнісі де осында.

Бала тәрбиесінің табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата- аналар арасындағы ынтымақтастық қарым- қатынаста екені белгілі. Осы тұрғыда шәкірттің ертеңіне байыпты бағдармен қарайтын, мектеп-интернат шаңырағында «Нәтижеге бағытталған Үштік одақ» жобасы тың бастамаға айналып, жоспар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде .

Оған дәлел мектеп-интернатта «Нәтижеге бағытталған Үштік одақ» жобасы аясында бейімдеу бағыты бойынша тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін сақтай отырып, ата-аналар жиналыстары жоспар бойынша өз мақсатына сәйкес жүргізіліп отырды. Бала тәрбиесінде ата-аналардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын анықтау мақсатында сауалнамалар алынып, қорытындысы бойынша ата-аналар арасында алдыңғы қатарлы тәжірибені мектепішілік тарату жұмыстары жүргізіліп келеді. Мектеппен ынтымақты қарым-қатынас орнатуда және балалардың болашағын қалыптастыруға арналған мәдени шаралар бағытында ата-аналардың қатысуымен «Баламен өткен бір күнім» жобасы бойынша «Дарынды жастар, өнеріңмен тасы!» тақырыбындағы көңілді тапқырлар керуені сайысы болып отбасындағы ата-аналар мен балалардың бір-біріне деген мейірім мен ерекше қарым-қатынасын нығайта түсті. 8-9 сынып ата-аналарымен «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» эстафеталық отбасылық сайыстар, 7-11 сынып ата-аналарының қатысуымен «Жаңа жыл», «Наурыз думан» мерекелік кештері, 7-11 сынып оқушылардың «Табысты оқушы» дарынды оқушылардың жетістіктер байқауын марапаттау кештері, «Жанұя-қорғаным, ата-ана-тірегім» спорттық сайыстары ата-аналардың белсенділігін, балалардың болашағына алаңдаушылықтары мен қызығушылықтарын арттыруға септігін тигізді.

Мектеп отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңітеді және дамытады, бағыт көрсетеді. Осы мақсатта да мектеп-интернатта ата – аналарға түсіндірме ағарту жұмыстары да үйлесім тапқан. Олар: «Рухани жаңғыру: мектеп, ата – ана, оқушы» атты ата-аналар тақырыбында, «Қызылорда облысындағы кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» пилотты жобасы және “Қауіпсіз өмір – қауіпсіз болашақ”,  “Жолда жүру ережесі” тақырыбында сайыстар, “ҰБТ-ға дайындық, сапасын арттыру: педагогикалық сүйемелдеу және отбасылық қолдау” тақырыптарында жан-жақты ата-аналармен бірлескен жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Мен өмірді сүйемін», «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі», «Мейірімді болайық» атты тренинг сағаттарын ата-аналар жүйелі өткізіп, белсенділік танытуда.

Іс-шаралар көріністерінен

Сондай-ақ, мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің құқығын қорғау мақсатында құрылған мектепішілік Қамқоршылық кеңес құрамында ата-аналар комитеті ұсынған белсенді ата-аналарымыз қоғаммен тығыз байланыста жұмыстар жүргізуде. Мектеп – интернатта атқарылып жатқан мұндай жұмыстар ата-аналардың мектеппен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізуге ынтасын арттыра түспек.

Мектеп өміріне белсенді ата-аналар өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекетімен өз балаларына ғана тәрбие беріп қана қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді деп санаймын.

Құрметті ата –аналар, қашанда «Отбасы мықты болса, Отан да мықты». Яғни, өнегелі отбасының мәуелі жемісі- саналы тәрбиеленген өскелең ұрпақ болары даусыз. Ендеше, тәрбиенің ең тамаша мектебі отбасы екендігін әрбір тәрбиелі азамат өзінің өміріне талдау жасап, мол мәліметтер жинап байқайды. Баланы тәрбиелеуде әр ата-ана өздері білімді болуы керек. Ол үшін ата-ана мұғаліммен тығыз байланысты болып, түсінбегенін сұрап, пікірлесіп отыруы керек. Осындай жағдайда ғана балалардың жағдайын түсініп, олардың адами қасиетінің дамуына ықпал жасай аламыз деп ойлаймын.

Халқымыздың «Лашын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата-анаға бала қадірлі» деген аталы сөз тегін айтылмаса керек. Сондықтан бала тəрбиесінде мектеп, отбасы, ынтымақтастығының алар орны ерекше дегім келеді. Осы үшеуінің арасында əрқашан мықты көпір, үзілмес байланыс болса, білімнің сапасы да артып нұр үстіне нұр болмақ.

Шамұратова Гүлмира Шерниязқызы,
Қызылорда қаласы
Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға
арналған № 4 облыстық мектеп-интернаты
әлеуметтік педагог

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» 2014 жылғы 11 қараша
  2. Иманбекова Бақытгүл. Ильясқызы «Тәрбиеге жетекші» 28 сәуір, 2004 жыл
  3. Сынып жетекші. Әдістемелік құрал. 2007 жыл

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.