Home » Мақалалар » Нәтижеге бағытталған білім беру – заман талабы

Нәтижеге бағытталған білім беру – заман талабы

Қазіргі кезде жоғары білім жүйесін реформалаудың басты мақсаты – білімді игеру кезінде күтілетін нәтижелерге қол жеткізу. Осы орайда оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдымен мұғалім мақсат қойып алуы қажет. Яғни сабақ мақсатын және оқу мақсатын анықтап алып оқушылармен таныстыру мұғалімнің бірінші міндеті болып табылады. Содан кейін барып оқушыларды өз бетінше білім алуға, мына құбылмалы заманға ыңғайланып жаңа ақпараттық техналогияларды меңгеруіне ат салысуы қажет. Нәтижеге бағытталған білім жаңартылған бағдарламамен жақсы ұштасады деп тұжырымдауға болады. Өйткені жаңартылған білім беру жүйесі де нәтижеге бағытталған білімді көздейді. Бастауыш сынып пәндерінің оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары оқушылардың шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Ең маңыздысы оқушылардың алдыңғы алған білімдері жаңа біліммен ұштасып отырса білім терең болмақ. Біз мұны сындарлы оқыту деп атаймыз. Оқушылар білімді толық меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек. Ал мұғалім оқушылардың алған білімдерімен жұмыс істеу оны әрі қарай өңдеу, дағдыларын арттыруға мүмкіндік жасау, бағыт бағдар беріп отыруы тиіс. Бастауыш сыныпта қолданылатын тәсілдер белсенді оқуды көздейтін сындарлы оқыту теориясына негізделеді. Белсенді оқу – оқушылар жаттығуды орындау барысында жүзеге асатын құбылыс. Белсенді жұмысқа ойындар, топтық әр түрлі жұмыстар кіреді. Білімді меңгертуде мұғалім оқу үдерісін тек белсенді етіп жүргізіп қана қоймай, білім мен дағдыларды қарапайымнан бастап күрделіге қарай, нақтыдан абстрактіге қарай қалыптастырған маңызды. Қазіргі заманның идеясы – оқушыларды дайын, жаттанды білімменен сусындату емес, керісінше жоғары деңгейдегі сұрақтардан туындайтын, сыни тұрғыдан ойлануға түрткі болатын «не болар еді?», «қалай өзгертуге болады?» -деген сұрақтарға оқушылар өздерінің ойын пікірталаста еркін айта білетін, өз біліміне өзі жауап бере алатын жеке тұлғаны елімізде тәрбиелеп шығару. Дәстүрлі сабақ тек мұғалімнің монологымен, рұқсатымен жауап берумен, мұғалімнің бағалауымен шектеліп қалса, ендігі сабақтар оқушылардың диалогымен, өзін-өзі немесе бірін-бірі бағалаумен, ойларын еркін жеткізумен жалғаспақ. Міне осының барлығы білімнің нәтижеге бағытталғанын көрсетеді. Ал нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз – жеке тұлғаның құзырлылығын қалыптастыру. Құзырлылық – ол терең білім. Оқушының құзырлылығын қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі құзырлылыққа жету керек. Қазіргі кезде мұғалімге қойылатын талап та күшті. Жаңа формация мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық, психологиялық және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың жаңа технологиясын меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі – оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау, бүгінгі оқушыны әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ, өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр. Бүгінгі күнгі білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету басты мақсат болып отыр. Білім берудің сапасы – қоғамдағы білім беру үдерісінің күйі мен нәтижелігін, оның жеке адамның азаматтық, тұрмыстық және кәсіби біліктілігін дамытудағы, қалыптастырудағы қоғам қажеттілігі мен үмітіне сәйкестігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемесінің оқыту қызметінің әртүрлі: білім беру мазмұны, кадрлық құрамы, оқыту және тәрбиелеудің формалары мен әдістері, материалдық-техникалық база және басқару тиімділігі сияқты аспектілерін сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығымен анықталады.

Педагогтердің кәсіби-тұлғалық дайындығы қоғамды тұрақты дамытуда педагогтің өз қызметінің және білім алуының маңыздылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Педагогті оқытудың тиімділігін арттырудың бір жолы – курстық қызмет құрылымындағы жұмысты тиімді ұйымдастыру. Қазіргі оқу үрдісі білім сапасын көтеру, сондай-ақ оқытудың үрдістері мен тәсілдерінің тиімділігін арттыру мақсатындағы инновациялық технологияларды орнықтырумен тығыз байланысты. Оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі басқа да факторлармен бірге біліктілікті арттыру тыңдаушыларының өзіндік білімді қаншалықты игергеніне негізделеді.

Жүйрік тек шапса ғана – жүйрік демекші, мұғалім үнемі ізденісте болған кезде ғана өз ісінің нәтижесін көре алады. Сондықтан талмай еңбек етіп, шығармашылық биіктерден көріне берейік!

Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Құсайынов А.Қ. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы.

— Алматы, 2013.125-б.

2) Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. «Мұғалімге арналған нұсқаулық».

Самарканова А.А.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ АОБПҚБАИ

           Басқару және білім сапасы

           кафедрасының аға оқытушысы

Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.